Өлең, жыр, ақындар

Ғабит Мүсірепов

Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы (22 наурыз 1902 - 31 желтоқсан 1985) – қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері.
Ғабит Мүсірепов бүгінгі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаңа жол ауылында дүниеге келген.
Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат танып, жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіреді.
Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді.
Орынбордағы рабфакта оқып жүргенде ол әдеби білімін, эстетикалық сезімін одан сайын жетілдіре түседі. Осында өткізген 1923 – 26 жылы Орынбордағы жұмысшы факултетінде Сәбит Мұқановпен бірге оқыды дәне Сәкен Сейфуллинмен танысты.
1927 жылы Омбы ауылшаруашылығы интернатын бітірді;
1927 – 28 жылы Бурабай орман шарушылық техникумында оқытушы;
1928 – 32 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы;
1933 жылы - Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі;
1934 жылдан “Қазақ әдебиеті” және “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) (1935) газеттерінде бас редактор;
1936 жылы - Қазақ Өлкелік комитетінде баспасөз бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
1937 жылдан Қазақстан Компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі;
1938 – 55 жылдары бірыңғай шығармашылық жұмыстармен айналысқан;
1956 – 57 жылы “Ара – Шмель” журналының бас редакторы;
1956 – 61 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы;
1958 жылдан КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және архитектура салалары бойынша Лениндік және Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комитеттің мүшесі;
1964 – 66 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы;
1959 – 85 жылдары КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.


Туындылары Нақыл сөздері

Еңбек бізге атақ, даңқ әперетін ерлік мағынасын тапты.

Ілмектер: еңбек, атақ, ерлік, даңқ Ғабит Мүсірепов

Өз мініңді көруден, басқаның мінін көру оңай.

Ілмектер: кемшілік, мін Ғабит Мүсірепов

Асылы, адам - өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді.

Ілмектер: адам, өмір, еңбек Ғабит Мүсірепов

Әр адамның өмірінде ұзақ күн, ұзақ түндері болады. Қысқа күн, қысқа түндері де болады.

Ілмектер: адам, өмір, күн, түн Ғабит Мүсірепов

Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу-ақ: ой ұлылығы, сұлулық ұлылығы. Көркем айтылған ой ұлы, ойландыра алған сұлулық ұлы.

Ілмектер: дүние, ұлы, ой, сұлулық Ғабит Мүсірепов

Саясат пердесін жамылғанымен саясатқа сия бермейтін жайларды түсінуге әйел ойы зерек келеді.

Ілмектер: саясат, әйел, ой, зерек Ғабит Мүсірепов

Қазақ әйелін "жан жолдасым" дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой.

Ілмектер: әйел, қазақ, жан жолдас, арман, егіз, адам Ғабит Мүсірепов

Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім.

Ілмектер: әйел, дүние, көз, байлық, мансап Ғабит Мүсірепов

Әйел біткеннің бәрі де өздерінен сұлуырақ көрінген әйелге жау келеді.

Ілмектер: әйел, сұлу, жау Ғабит Мүсірепов

Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді.

Ілмектер: ана, мейірім, сұлулық Ғабит Мүсірепов

Байлықты малдан емес, адамнан іздеген жөн болмақ.

Ілмектер: байлық, адам, мал Ғабит Мүсірепов

Байға - мал қымбат, кедейге - жан қымбат.

Ілмектер: бай, кедей Ғабит Мүсірепов

Байлыққа қосар үлесің болмаса, байлықтан алар үлесің де жоқ.

Ілмектер: байлық, үлес Ғабит Мүсірепов

Бардың жұпыны киінгені де, жоқтың барша киінгені де белгілі болып тұрады.

Ілмектер: кедей, кедейлік Ғабит Мүсірепов

Болған шақтың өз сұлулығы бар, өз қызуы ұшқырлығы бар.

Ілмектер: сұлулық, өмір, жастық шақ Ғабит Мүсірепов

Сұлулық, әдептілік, білімділік, сезімділік, ерлік, даналық - бәрі де жеке адамның меншігінде емес, ең алдымен, елдің, халыктың еншісі.

Ілмектер: халық, әдептілік, білім, сезім, ерлік Ғабит Мүсірепов

Қазақ деген ел - бостандық-азаттық сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық.

Ілмектер: ел, қазақ, бостандық, халық Ғабит Мүсірепов

Ұшқыр ой, ізденгіш ой, тапқыр ой - ол бір адам. Құр кеуде, жұрттан көргенді өзімдікі дейтін, басқаның ойын иемденіп, іске асырарда көз шығарып, бас жаратын - бұл екінші адам.

Ілмектер: ой, адам Ғабит Мүсірепов

Шеше мінезінен сезік алса, бала жүрегі суына береді, қатулана береді.

Ілмектер: ана, шеше, мінез, бала, жүрек Ғабит Мүсірепов

Оқу-білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек.

Ілмектер: білім, ақын, өнер, өнерпаз Ғабит Мүсірепов

Қарап көріңіз