Өлең, жыр, ақындар

Антон Чехов

Антон Павлович Чехов (17 (29) қаңтар 1860, Таганрог, Екатеринослав губерниясы — 2 (15) шілде 1904, Баденвайлер, Герман империясы) — орыс жазушысы, әңгімелер, повестер, пьесалар авторы, драматург, әлемдегі ең ұлы жазушылардың бірі деп танылған. Әлем драматургиясының классикасы болған төрт шығарма жазған.
Ол қысқа мысалдар жазушысы ретінде әдебиетте танымалы.
Чехов драматург ретінде де көптеген пьесалар жазған.


Туындылары Нақыл сөздері

Сүю һәм сүйікті болу қандай орасан бақыт!

Ілмектер: сүю, сүйікті, бақыт Антон Чехов

Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түк те шықпайды.

Ілмектер: қаталдық, сый, қарапайым Антон Чехов

Отбасы тірлігіндегі ең мәнді тетік – махаббат.

Ілмектер: отбасы, махаббат Антон Чехов

Ақылды адам үйренуді, ақымақ үйретуді жақсы көреді

Ілмектер: Ақылды, ақымақ, үйрену, үйрету Антон Чехов

Тәрбиелі адамдар адамның жеке басын ардақтай біледі, сондықтан да ол әр уақытта мейірбанды, жайдары, сыпайы, көнгіш келеді... Болмашыға бола өтірік те айтпайды... Олар көп мылжыңдамайды, ешкім сұрамаса ішкі сырын шашпайды.

Ілмектер: өтірік, сыпайылық, сыр, тәрбиелі Антон Чехов

Қашан көрсең ақылды, жақсы сөз айтып жүретін адамдар болады. Бірақ ол адамның топас екені сезіліп тұрады

Ілмектер: топастық Антон Чехов

Қарап көріңіз