Альфред Адлер

Альфред Адлер (нем. Alfred Adler; 7 ақпан 1870, Вена, Аустрия-Мажарстан - 28 мамыр 1937, Абердин, Шотландия, Ұлыбритания) — Аустрия психологі, психоаналитикалық бағыттың өкілі. Вена педагогикалық институтының (1915 жылы), Колумб университетінің (1929, Нью-Йорк) профессоры.

Адлердің психологиялық тұжырымы Зигмунд Фрейдтің психоанализміне біршама жақын. “Күйгелек мінез” (1912), “Дара өзгешеліктер психологиясының практикасы мен теориясы” (1920), “Адамтану” (1927жылы), “Өмірдің мән-мағынасы” (1933 жылы) т.б. еңбектерінде Адлер әр адам өзінің туа біткен кемістігін үнемі сезінеді, бұл жәйт оны басқа біреуден өзін артық деп ұғынуға, кемістігінің орнын толтыруға айрықша жұмылдырады, оған өктемдік жүргізуге итермелейді дейтін идеяны уағыздайды. Ол саналылық пен санасыздықтың арасында елеулі шегара жоқ, жан қуаттары бір-бірімен тығыз байланысты, адам ішкі дүниесін түгелдей негізгі мақсатына жету үшін жұмсайды дейді. Адлер өмірлік стиль, түс көру, неврозды зерттеуге елеулі үлес қосты. Отбасындағы әр жастағы балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын, олардың жеке басын қалыптастыруда тәрбие тәсілдерінің әсерін зерттеді. Адлер психологиядағы жаңа ағым — жаңафрейдшілдіктің тууына ықпал етті. Фрейдің адам мінезінің қалыптасуында алғашқы бес жыл ерекше орын алады дейтін тұжырымын жақтады. Адлер адам психологияның қалыптасуында шешуші рөл атқаратын тарихи-әлеуметтік факторды есепке алмады.


Нақыл сөздері

Көзін төмен салып, мүлəйімси қалу — тастай қашуға əзірліктің белгісі.

Ілмектер: әзірлік Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Есею — міндетті түрде ақылдырақ бола түсу деген сөз емес.

Ілмектер: есею, міндет, ақыл Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Сүйіспеншілік дегеннің өзі — айтарлықтай аумалы-төкпелі сезім: тайталасқа орын жоқ жерде жеңіске жету де мүмкін емес.

Ілмектер: Сүйіспеншілік, сезім, жеңіс Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Ата-аналарының дəстүрдің былық-шылығына белшесінен батқаны соншалық, өздері білетіннен басқа ештеңені білгілері де, естігілері де келмейді.

Ілмектер: ата-ана, дәстүр Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Авторитарлық тəрбиелеудің ең зор қаупі — ол баланың бойына билік мұратын сіңіріп тастайды.

Ілмектер: тәрбие, бала, билік, мұрат Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Нақты жүзеге асырылған іс қана есепке жүреді.

Ілмектер: іс, есеп Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Билікке ұмтылушылық пен үстемдік бар жерде қызғанышқа да орын табылады.

Ілмектер: билік, үстемдік, қызғаныш Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Нақты өмірден гөрі қиял əлемінде өмір сүруді ұнататын бір адамдар болады.

Ілмектер: өмір, қиял, әлем Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Бедел десе болды көзсіз сене беру өте көп адамдардың əдетіне айналған.

Ілмектер: әдет, бедел, сенім Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Біздің өміріміздің мəні біздің бүкіл дүниемен байланысымызда жатыр.

Ілмектер: өмір, мән, дүние Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Нəпсінің маңызына қатысты асыра сілтеушілік адам өмірінің бүкіл жарасымын бұзу болып табылады жəне ақыр аяғында оны бүкіл мəн-мағынасынан жұрдай етіп шығарады.

Ілмектер: нәпсі, асыра сілтеушілік, өмір, мəн-мағына Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Жеке адамның жеке мүддесі мен қоғам арасындағы қарама-қайшылықтар қоғамның адамзат баласына қаншалықты жау екендігін сынап көруге мүмкіндік береді.

Ілмектер: қоғам, қарама-қайшылық, жау Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Əр қимылын сырттан басқа біреу жоспарлап отыратын кісіні көз алдыңызға елестетіп көріңізші: оның ойы да қалғып жатады.

Ілмектер: ой, жоспар Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Керексіз кезде, керексіз жерде оралған қуаныш басқыншылық құралына айналады.

Ілмектер: қуаныш Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Адамның өзімен-өзі болып, оқшаулануының астарынан даңққұмарлық пен атаққұмарлықтаң жасалған тұғырдың елесін көру онша қиын емес.

Ілмектер: даңққұмарлық, атаққұмарлық, қиыншылық, оқшаулық Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Өмір жолын таңдауда қателікке ұрыну — өмірдің өзіне қатер төндіруі мүмкін.

Ілмектер: қателік, өмір, жол Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Баланың ойынын бұзу — оңай шаруа емес.

Ілмектер: бала, ой Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Біреулер басқалардың пікірінің салмағын асыра бағалауға үйір келеді, ал енді біреулер болса — тек өз пікірлері ғана дұрыс деп қасарысып тұрып алғыш. Адамдардың бұл екі тобы да өздерінің əлсіздігін іштей сезетін болуы керек.

Ілмектер: сезім, әлсіздік, пікір Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Міндетті бас шұлғушылық — сырттай бас шұлғушылық.

Ілмектер: бас шұлғушылық Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Адамның қайталанбас қасиеттерінің ең зор көрініс табатын жері — оның қиялы.

Ілмектер: қасиет, қиял Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Қылмысқа тосқауыл қоюдың ең жақсы тəсілі — жұртты «қылмыс деген — өзіңнің сужүректігіңді көп алдында паш ету ғана» дегенге иландыру.

Ілмектер: қылмыс, жұрт, сужүрек, тосқауыл Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Əдетте барлық игілік біткенге, бақыттан күткенге бастайтын төте жол тек билік жолы тəрізді көрінеді.

Ілмектер: бақыт, билік Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Қоғамдық өмір қағидалары да — ауа райының заңдылықтары тəрізді айқын нəрселер.

Ілмектер: қоғам, қағида, ауа райы, заңдылық Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Балаларды келемеждеу — қылмыс.

Ілмектер: бала, қылмыс, келемеждеу Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Ес — белсенді қабілет.

Ілмектер: ес, қабілет, белсенділік Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Мақсаты бар адам ғана психологиялық тұрғыдан дами алады.

Ілмектер: мақсат, психология, даму Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Ақындар өтірік сөйлейтіні рас, бірақ олардың өтірігі өзі жайлы.

Ілмектер: ақын, өтірік Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Біздің ешқайсымыздың да бойымызда таза ақиқат туралы білім жоқ. Мұндай білім ғылымның өзінде де жоқ.

Ілмектер: білім, ақиқат, ғылым Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Біздің ақыл-ойымыз жекелеген ауыспалы ырғақтарды жадына берік ұстап қалады да, толық əуенді тұтастай бойға сіңіре алмайды.

Ілмектер: ақыл, ой, ырғақ, әуен, ырғақ Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Қызғаншақтық қандай жағдайда да тұлғаға абырой əпермейді.

Ілмектер: қызғаншақтық, тұлға, абырой Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Қарап көріңіз