Өмірдің əр саласы адамның алдына басқа салалардың да мүддесін ескере отырып жүзеге асыруға тиісті міндеттер қояды.
Ілмектер: сала, адам, мүдде, міндет, өмір Альфред Адлер
Адамның шынайы өмір салты қиын жағдайларда анық байқалады.
Ілмектер: адам, өмір салты, қиын жағдай Альфред Адлер
Жеке-жеке алғанда толық құндылыққа жатпайтындықтан əрі əлсіздігінен де адам баласы қауымдасып тіршілік етуге ұмтылады.
Ілмектер: құндылық, әлсіздік, тіршілік Альфред Адлер
Оқшау-оқшау өмір салтымен тіршілік кешіп жатқандықтан, біздің арамызда адам табиғатын жақсы білетіндер кемде-кем.
Ілмектер: оқшаулық, өмір, тіршілік, адам, табиғат Альфред Адлер
Өзіне-өзі қол салу көбіне туған-туысқандары мен достарының жанына жара салу немесе шын əлде жалған жеңіліс үшін кек алу əрекеті болып шығады.
Ілмектер: туысқан, Өз-өзіне қол жұмсау, дос, жеңіліс Альфред Адлер
Өмір адамды өзгерте алмайды — бұлай істеуге адамның көрсеқызарлығы мен даңққұмарлығы мүмкіндік бермейді.
Ілмектер: өмірғ адам, көрсеқызарлық, даңққұмарлық Альфред Адлер
Өмір — тіршілікте кездесуі мүмкін ұстаз біткеннің ең сорақысы.
Ілмектер: өмір, тіршілік, ұстаз Альфред Адлер
Басқалармен аралас-құраластықтың аздығы олардан мүлдем оқшаулануға апарып соғады.
Ілмектер: оқшаулану, араласу Альфред Адлер
Үнемі кілтін жоғалтып, немесе оны қай жерге қойғанын ұмытып қалып жүретін үй шаруасындағы əйелдер — əдетте, өздерінің үй шаруасындағы əйел рөліне көңілдері толмай жүрген əйелдер.
Ілмектер: әйел, үй шаруасы, көңіл, кілт Альфред Адлер
Балалық — сұрағы да, мүмкіндіктері мен зауал-зардабы да көп кез.
Ілмектер: балалық, мүмкіндік, зардап Альфред Адлер
Көсемдердің қуат-күшінің шекарасы — олардың туы астында тұруға өзір кепшіліктің қарасымен айқындалады.
Ілмектер: көсем, күш, қуат, шекара Альфред Адлер
Қарапайымдылықтың шын мəніне келгенде жасырынған атақ- құмарлықтың өзінен басқа ештеңе де емес түрі де кездеседі.
Ілмектер: қарапайымдылық, атақ, құмарлық Альфред Адлер
Көп құбылыстар бізге əлдебір сəтсіз əзілдер тəрізді ғана көрінеді.
Ілмектер: құбылыс, сәтсіздік, әзіл Альфред Адлер
Сəби үшін өмір дегеніміз — аса зор тəжірибе алаңы ғана.
Ілмектер: тəжірибе, алаң, өмір, сәби Альфред Адлер
Біздің қанымызда билікке мас болуға деген құштарлық бар: сондықтан да жанымыз жиі биікке — көтерілу ойынының добына айналады. Одан бір-ақ нəрсе құтқаруы мүмкін: ол — билікке күдік келтіру, сенбеу. Өзін-өзі өлтірушілер, өмірге деген құштарлықтан айырылған соң, өзіне-өзі қол салу арқылы өзгелердің назарын өзіне аударуға тырысады. Өмірдің де, өлімнің де қожайыны болу — олардың ойындағысы осы. Сайып келгенде, екі қыз — бір қыздан аз.
Ілмектер: билік, құштарлық Альфред Адлер
Өмірдің ойынға ұқсайтын кезі сирек кездеседі.
Ілмектер: өмір, ойын Альфред Адлер
Өмір қашан да жалғасын табуға ұмтылады: өмірлік күш те соңғы сəтіне шейін күрессіз беріліп көрген емес.
Ілмектер: өмір, күш Альфред Адлер
Рух, тегінде, ең алдымен белгілі бір мақсатқа ұмтылған күштен тұрады.
Ілмектер: рух, мақсат, күш Альфред Адлер
Балалар өздерін өмірлік мəні аса зор бірдеңелерден қағылғандай сезінген кезде ғана ұрлық жасай бастайды.
Ілмектер: бала, сезім, ұрлық Альфред Адлер
Рухани өмір тек қозғалыстағы мүшелерге ғана тəн.
Ілмектер: рухани өмір, қозғалыс Альфред Адлер
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі