Өлең, жыр, ақындар

Бауыржан Момышұлы

Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.

Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Әр адамның мінезі – астындағы тұлпары. Соның ағынымен адамдар өмірден зымырап өтіп жатады.

Ілмектер: мінез, тұлпар, адам, өмір Бауыржан Момышұлы

Ойлы бастық ұқыпты қызметкерді адам етеді.
Ойсыз бастық оқып келген маманды надан етеді.

Ілмектер: бастық, надан, маман, ой, қызметкер Бауыржан Момышұлы

Бақаның бағынан, сұңқардың соры артық.

Ілмектер: бақа, сұңқар, сор, бақыт Бауыржан Момышұлы

Жаудан қашып емес, қорғанып және шабуылға шығып құтыла аласың.

Ілмектер: жау, қашу, шабуыл, қорғану Бауыржан Момышұлы

Тәуекелсіз – жеңіс жоқ.

Ілмектер: тәуекел, жеңіс Бауыржан Момышұлы

Ұлттық мақтаныш – сол ұлттың адамы үшін қасиетті әрі бұзылмас заң.

Ілмектер: ұлт, мақтаныш, қасиет Бауыржан Момышұлы

Ұрлық, опасыздық – бұл ұлттық дәстүрлер емес, ұлттың ішінде көркеуделік.

Ілмектер: ұрлық, опасыздық, дәстүр Бауыржан Момышұлы

Өзінің ұлтын сыйламаған, ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол сөз жоқ арамза, тексіз әрі қаңғыбас.

Ілмектер: ұлт, сыйлау Бауыржан Момышұлы

Ақылдың артықтығы, кеңестің көптігі жоқ.

Ілмектер: ақыл, кеңес Бауыржан Момышұлы

Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ.

Ілмектер: еңбек, тілек Бауыржан Момышұлы

Адамды бұзатын не? Тағы сол атақ, ақша, арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп, әйелдерді біз - еркектер бұзамыз. Қартайғанда адам соқа басы сорайып жалғыз қалады. Өйткені қыз күйеуге кетеді, ұлды келін әкетеді. Сонда сенен атақ, ақша, абырой, бала - бәрі безгенде, қыңқ етпестен қалқайып қасыңда қалатын бүкіш кемпірің ғана болады. Адам боп сүрген аз дәуреніңді - елу жас па, жүз бе, бәрі бір оны - аяқтап, мәңгі келмеске бірге аттанар сенімді серігің де сол! Сол жалғыз серігіңе өмірде адал болмағаның өзіңе ауыр, одан айырылып, жалғыз қалғаның одан да қиын! Мұны еркектер ойлауы керек!

Ілмектер: адам, ақша, атақ, арақ, әйел Бауыржан Момышұлы

Адал болмай азаматпын демегін.

Ілмектер: адал, азамат Бауыржан Момышұлы

Отан үшін отқа түс - күймейсің.

Ілмектер: отан Бауыржан Момышұлы

Ұлыны ұлы ұғады, дананы данышпан ғана түсінеді.

Ілмектер: ұлы, дана, данышпан Бауыржан Момышұлы

Кір-қоқыс адамды аздырып, тоздырады.

Ілмектер: кір, қоқыс, адам, тоздырады Бауыржан Момышұлы

Жақсы командир жауынгерін зор етеді,
жаман командир офицерін қор етеді.

Ілмектер: жақсы, жаман, командир, жауынгер, офицер, зор, қор Бауыржан Момышұлы

Әділдікті мойындау — адал кісінің ісі.

Ілмектер: әділдік, мойындау, адал, іс Бауыржан Момышұлы

Үйрете отырып, үйрену ғана жеміс береді.

Ілмектер: үйрету, үйрену, жеміс Бауыржан Момышұлы

Шындық – бұл ерлікке тәрбиелеудегі ең бір құнарлы құрал.

Ілмектер: шындық, тәрбие, құрал Бауыржан Момышұлы

Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс.

Ілмектер: азамат, ұлт, сүю, сүйіспеншілік, мақтаныш, құрмет Бауыржан Момышұлы

Қарап көріңіз