Өлең, жыр, ақындар

Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті

№110 мектеп-лицейінің

Тарих пәні мұғалімі: Шайкова Ақерке Әбдіханқызы

Қысқа мерзімді жоспарлау

Мұғалімнің аты-жөні

Шайкова Ақерке

№110 мектеп-лицей

5 апта

21.12.2015ж

1 күн

 3-5сабақ

Сабақ атауы

  Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Сілтеме

  Интернет материалдары, ehistory.kazakh.ru/ehistory/41095.php сайттары

Сабақтың мақсаты

  Бірлесе оқи отырып тақырыптың мәнін ұғынады, сақтардың тәуелсіздік үшін күресі тақырыбын  зерттейді, талдау жасайды.

Жалпы мақсаты

  Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттері дамиды, дүниетанымдары кеңейеді, Патриоттық тәрбие қалыптасады

Күтілетін нәтиже

  Сұрақ қою арқылы сыни ойлауға,пікірлерін еркін айтуға,өз көзқарастарын дәлелдей білуге машықтанады

  Сөйлеудің диалогтік сөйлесу екендігін табады

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

  «Ақылдың алты қалпағы», Ашық сұрақтар, «Бес саусақ әдісі», «Өз миыңды сал» тренигі т.б

Қолданылатын ресурстар:

  Мультимедея, интерактивтік тақта арқылы Power Point, Маркерлер, суреттер, т.б

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының  іс-әрекеті

Кіріспе бөлім

 

 

 

5 минут

  І.Ұйымдастыру

Ынтымақтастық отмосферасын қалыптастырып, оқушыларды  белгілі тұлғалардың суреттері арқылы 5 топқа бөліп отырғызамын.  Яғни, ол суреттердің ішінде зерттеуші, әдебиетші, тарихшы сынды  тұлғалар болады.олардың қоғамдағы рөлін анықтай отырып, топқа бөлінеді.

1. Зерттеушілер

2. Әдебиетшілер

3. Тарихшылар

4. Ағартушылар

5. Ғұламалар

1.Мұғаліммен амандасады.

Әр түрлі салалар бойынша яғни, тарихи тұлғалардың суреттерін таңдап алады. Таңдап алған суреттегі тұлғаны танып, ол тарихи тұлғаның кім болғаны туралы білуі қажет. Олардың мамандықтары, зерттеу жүргізген салалары бойынша 5-топқа бөліініп отырады.

 

 

Қызығушылығын ояту

 

 

 

 

5 мин

 

 

  ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тақырып бойынша әр топ оқушылары дайындап  келген жұмбақтарды шешеді  және де оқушыларға ашық сұрақтар қойылады.

  1. Сақтарға гректердің берген атауы? /скиф/
  2. Теңіздің арғы жағындағы сақтарды қалай атады? /парадарайя/
  3. Сақтар туралы көп еңбек қалдырған грек тарихшысы? Герадот/
  4. Сақ жауынгерлерін үнді-иран тілінде қалай атады? /Ратайштар/
  5. Сақ қоғамы қандай түрлерге бөлінеді? /абыздар, жауынгерлер, малшылар мен егіншілер/
  6. «Сегіз аяқтылар» деп кімдерді атады? /малшылар мен егіншілер/

 

2.Үйге берілген тапсырма бойынша жұмбақтарды ортаға салып  шешеді және де мұғалімнің ашық сұрақтарына жауап береді. 1.Арайлап таңы атады,
Маужырап күні батады.
Түйе сүтін балмен тең,
Сақтар қалай атады? (Шұбат)
2.Басынан кешкен шақтарды
Тарихшы тізіп ақтарды
Кімдер деп тағы атады
Грек Геродот сақтарды? (“массагеттер”)

3.Білімді алтынға теңедік,
Достарға ашық, кең едік.
Әйгілі сусын жасаушы,
Сақтарды кімдер деп едік? («Хаумаварга»)

4.Ағаға тыныс іні еді,
Тарих өткеннің үні еді.
Сақ әйелінің ерлігін
Сипаттап берген кім еді? («Ктесий»)

5.Көгенге құлын байлады,
Бес қаруды да сайлады.
Айтып берші, қай сақтар,
Арал мен Сырды жайлады? («Парадарайа»)

 

 

 

Тұсаукесер

 

 

 

 

 

 

5 мин

ІІІ. «Ой түрткі» сұрақтары

·         Алдымен оқушыларға Қазақстан  қандай мемлекет? Деген сұрақ қоямын. Кейіиннен оқушылардың жауаптарына қарай «Тәуелсіздік» туралы  не білетіндіктерін сұрап шығып, талдау арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырып өтемін.

·         Тәуелсіздік! Осы киелі ұғымды ата – бабаларымыз ғасырлар бойы, асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. Елбасымыз Н.Назарбаев «Халық кешпейтін бір – ақ нәрсе бар: ол елдің басына зарықтырып бақ болып қонған бақыт құсы – Тәуелсіздіктен айырылғанды кешпейді» деп айтуы да бекерден – бекер емес

·         Тәуелсіздік жолында біздің аға – апаларымыз да өз өмірлерін құрбан етті. Олар кімдер? Білеміз бе? (Оқушылар пікірі тыңдалады) Олардың есімі алтын әріптермен жазылып, мәңгілік тарихта, біздің жадымызда қалмақ.

Осындай ержүрек, қайраткер, батыл қолбасшылар сақ тайпаларында болған.

Олар ел тәуелсіздігі үшін күрескен. Өз елінің тәуелсіздігін алу үшін елін, жерін, дұшпандарынан алып қалу үшін ерліктерін көрсете отырып, батыл да ержүрек атанған сақ көсемдері де болды.

3. Сұрақтарға жауап береді. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы өз ойларымен бөліседі. Алдымен сабақтың тақырыбын кейіннен «Өз миыңды сал» тренингі арқылы сақ тайпаларының тәуелсіздік үшін күресі тақырыбы туралы білетін мәліметтерін және де білгісі келетін жақтарын жазып қалдырады.  Бір-екі оқушы өздерінің жазып шыққанын дауыстап оқиды. Осы арқылы жаңа сабақтың мақсатын айқындайды.

 

 

 

Негізгі  бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

25 мин

ІV.  «Ақылдың алты қалпағы» әдісі . Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі тақырыбын оқушылар толық меңгеруі үшін «Ақылдың алты қалпағы» әдісі қолданылады. Оқушыларға 6 түсті қалпақтар таратылып, әр түсті қалпақтың өзінің анықтайтын, талқылайтын мәселелерін интерактивті тақта арқылы көрсетіп шығамын.

Ақ қалпақ -  тарихи хронология түрінде оқиғаларды баяндайды.

Сары қалпақ – сақтар  жайлы жазып қалдырған грек-рим тарихшыларының берген сипаттамаларына, деректеріне  тоқаталады.

Көк қалпақ - тақырып барысындағы барлық  Кейіпкерлерге (Томирис, Спаргапис, Кир, Дарий, Александр Македонский)  жеке-жеке толқалып өтеді.

Қызыл қалпақ – Шырақтың ерлігіне тоқталып, ерлік  ісін дәріптейді.Кейіпкерге хат жазады.

 Жасыл қалпақ  -  5 топ оқушыларының ішінен дарынды екі оқушының шығарамын. Бұл оқушылардың міндеті шығармашылық ойлау, жаңа идеялар айту. Сақтардың шайқасының маңыздылығы. (дарынды оқушылар)

Қара қалпақ – барлық топтардың ой - пікірлерін толығымен  тыңдап, жан - жақты талдау жасау. Әр топқа жеке - жеке тоқталып, жетістіктері мен кемшіліктерін талдап берді.

4.  «Ақылдың алты қалпағы» әдісі  арқылы оқушылар өздеріне берілген тапсырманы  яғни, әр топтың критерийлері бойынша мұқият орындайды және де өз дәрежесінде қорғап шығады. Оқушыларға жаңа тақырыппен танысып, топтасуына уақыт беріледі.  Топтар дайындалып болғасын  олар өз жұмыстарын қорғауға көшеді.

Ақ қалпақ -  тарихи хронология түрінде оқиғаларды баяндайды.

Сары қалпақ – сақтар  жайлы жазып қалдырған грек-рим тарихшыларының берген сипаттамаларына, деректеріне  тоқаталады.

Көк қалпақ - тақырып барысындағы барлық  Кейіпкерлерге (Томирис, Спаргапис, Кир, Дарий, Александр Македонский)  жеке-жеке толқалып өтеді.

Қызыл қалпақ – Шырақтың ерлігіне тоқталып, ерлік  ісін дәріптейді.Кейіпкерге хат жазады.

 Жасыл қалпақ  -  5 топ оқушыларының ішінен дарынды екі оқушының шығарамын. Бұл оқушылардың міндеті шығармашылық ойлау, жаңа идеялар айту. Сақтардың шайқасының маңыздылығы. (дарынды оқушылар)

Қара қалпақ – барлық топтардың ой - пікірлерін толығымен  тыңдап, жан - жақты талдау жасау. Әр топқа жеке - жеке тоқталып, жетістіктері мен кемшіліктерін талдап берді.

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

3 мин

Ү. "Бес саусақ" әдісі бойынша тақырыпты, алған білімдерін пысықтайды.1.көңіл күйің,2.сабақтағы есіңде қалған мәлімет, 3.сен үшін жаңалық болған ақпарат, 4.сабақ туралы пікірің, 5.өзіңе баға қою

5. "Бес саусақ" әдісі бойынша тақырыпты, алған білімдерін пысықтайды.1.көңіл күйің,2.сабақтағы есіңде қалған мәлімет, 3.сен үшін жаңалық болған ақпарат, 4.сабақ туралы пікірің, 5.өзіңе баға қою

 

2 мин

  VІ. Үйге тапсырма: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі тақырыбын оқып, тест тапсырмаларын орындап, қосымша оқуға арналған материалды талдау керектігін түсіндіремін.

  Бағалау

  Бағаларды хабарлау

 

 6. Үйге тапсырма: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі тақырыбын оқып, тест тапсырмаларын орындап, қосымша оқуға арналған материалды талдайды.

  7.Бағалау.

Келесі оқу

Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Сабақты талдау

  Сәтті және сәтсіз жағы: Оқушылар болжамдар айтып талқылай алады;

  Жұптасып, топтасып жұмыс жасауға дағдыланады;

  Оқушылар өз ойларын еркін, ашық жеткізе білуге тырысады.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз