Ақмола облысы Астрахан ауданы
Жалтыр №4 ОМ бастауыш сынып мұғалімі
Мажитова Алтынгуль Кабиденовна
Сабақтың мақсаттары:
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік
Көрнекілігі: интерактивті тақта, карточкалар, кесте, суреттер, кестелер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы,
Жылуым мол бойымда
Осы жылуды жер бетіндегі,
Барлық адамдарға жолдаймын,
Менің оқығым келеді,
Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық кіріспе.
- Қазір математика сабағы. Күндегіден ерекше сабақ. Сабаққа барлығымыз дайынбыз ба?
- Көңіл күйлерің қалай?
- Онда жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз. «Арифметикалық амалдардың қасиеттері»
- Сабағымызда, әртүрлі тәсілдермен есептер шығарамыз.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Барлығымыз дәптерімізді ашып бүгінгі күн ретін, жазып алайық.
А) Көркем жазу минуты: 1234567890, .....
- Балалар, бүгінгі сабағымыз көңілді әрі қызық болу үшін, біз сендермен «Кемпірқосақ» бойымен саяхатқа шығамыз, бірақ өздеріне таныс кейіпкерлердің тапсырмалары бар:
1-ші Қожанасырдың тапсырмасы
250*6+550*6=4800 552*2+248*2=1600 (356+444)*8=6400
3600*2+805*2=8810 (125+875)*24=24000 (176+24)*450=90000
2-ші Қасқыр мен қоянның тапсырмасы «Есеп шығарайық» (7мин)
Оқулықпен жұмыс: 106 бет, 3 есеп.
Топтық жұмыс жүргізу. «Есеп шығарайық» жаттығуын жүргізу. Әр топтан 1 оқушы есепті оқиды, 2 оқушы шартын айтады, 3 оқушы шешуін айтады, 4 оқушы жауабын айтып, берілген тапсырманы қорғайды. 2) (195+165)*12=4320тг 2 - топ:3 (ә) есеп . Абайлау керек 954кг-954000г, 456-456000г. Шешуі: 1) (954000:500)+(456000:500)=2820 қорап 2) (954000+456000):500=2820 қорап |
Сергіту сәті
3-ші. Білгіштің тапсырмасы «Сұрақтар бұрқасыны»
1. 1000 санында барлығы неше ондық бар? ( 100)
2. Фигураның ұзындығы мен енін қосып, екіге көбейткенде не шығады?
3. 1 дм2 неше см 2 тең? (100см2)
4. 104 санының бірлігін ата? (4)
5. Ересек адамның жүрегі 1 минутта 5л қан айналдырса, 1сағатта неше литр қан айналдырады? 1 тәулікте ше? (1сағатта- 60мин*300л), (300л*24сағат=7200л)
6. Қандай сандарды жұп сандар деп атаймыз? (2-ге қалдықсыз бөлінетін сандарды жұп сандар деп атаймыз).
7. 2-ге қалдықсыз бөлінбейтін сандарды қандай сандар дейміз? (тақ сандар деп айтамыз).
8. Натурал сандар дегеніміз қандай сандар? (Санау үшін пайдаланылатын сандар).
9. Нөл натурал санға жатады ма? (жоқ)
10. 6 санының кубы неге тең? (216)
11. 7 сағ 60 минутты минутпен өрнекте (480мин)
4-ші Алдар көсенің тапсырмасы «Қорғай білейік» жаттығуы
Оқулықпен жұмыс 106 бет, 4-есеп:
1-топ (а) 28:7=4см- ені, Р=7+4*2, Р=22см.
2-топ (в) V=6*4*3, V=72дм3
Әр топ топтасып, плакатқа берілген есептерді шығарады. Топ өзара келісіп, бір оқушы қорғайды.
5-ші Тазша баланың тапсырмасы. «Түсіндіре, шығар»( 2 бала тақтаға, қалғандары дәптерге орындайды)
432*5*400=846000 (1233+767)*30=60000
6710*50*2=671000 (4500+15000):3=6500
Ойын «Еден-төбе-мұрын» әдісі
«Дымбілместің» тапсырмасы» «Сен мені, мен сені» (Жұптық жұмыс) жаттығуын орындау барысында оқушылар орындап, тексеріп бағалайды.( Өзара бағалау.)
“Әрқайсысына затын табуға көмектес”
Сабақты қорыту:
Тест
1. Цифрмен жазылуын көрсет: Төрт миллион бес жүз мың төрт мың жүз жетпіс сегіз
А) 4502178 В) 45002478 С) 4504178 Д) 45240178
2. 4280060 санын 28000-ға азайт.
А) 420006 В) 408000 С) 400006 Д) 400000
3. Тек уақыт өлшем бірліктері көрсетілген қатарды белгіле.
А) 1мин ,1ғасыр, 1с В) 1дм, 1м, 1мм С) 1сағ, 1км, 1тг Д) 1т, 1кг, 1тәулік
Рефлексия:
- Оқушылар енді алдарымызда жатқан суреттерге қарайық. Кім «мен бүгін сабаққа өте жақсы қатыстым. Бәрін түсіндім.» дегендерің күліп тұрған баланың суретін көтеріңдер. Бұл 5 деген баға.
- Ал «мен бүгінгі сабаққа жақсы түсіндім. Сабаққа жақсы қатыстым. Бірақ дұрыс жауап бере алмадым. Келесі сабақта жақсы қатысам» дегендерің жайдары тұрған баланың суретін көтерің. Бұл 4 деген баға.
- Ал «мен сабаққа дұрыс қатыса алмадым» дегендерің мұңайып тұрған баланың суретін көтерің. Бұл 3 деген баға. Бірақ бұл суретті ешкім көтермейді деп ойлаймын. Өйткені барлықтарыңда сабаққа жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар.
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.
Үйге тапсырма: 5-есеп, 107 бет.
Сабақ арасында кері байланыс жүргізу. Оны мен «Бағдаршам» жаттығуы арқылы жүргіземін. Оқушыларға алдын ала әр топтың алдына қызыл,сары, жасыл түстегі парақшаларды таратып қоямын. Осылар арқылы оқушылар өздерінің түсінбегендігін немесе қарсы екендігін білдіріп, бағалайды.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі