Өлең, жыр, ақындар

Он алтыншы желтоқсан, Қайраттың жазу дәптерінен

Жаңаөзен қаласы

№19 орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі: Дүйімбаева Гүлшат Аманжоловна

 

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ жастары туралы мағлұмат беру, жаңа білім мазмұнын меңгерту;

 

Оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру, тіл байлығын, ойлау қабілетін дамыту;

Елі үшін ерлік көрсеткен азаматтардың есімін құрметтеуге, өз Отанын сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, еркін жауап алу, баяндау

Көрнекілігі: Портреттер, нақыл сөздер, кесте

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал:

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өз-ара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға,         

Алға қадам аттаймыз

Біз сабақты бастаймыз!

Үй тапсырмасы: «Ақша қар» өлеңін жатқа сұрау.

Сурет бойынша әңгімелеу: «Қыс».

«Ой шақыру» сұрақ-жауап алу:

1. Ақын туралы не білеміз?

2. Ақын ақша қарды неге теңейді?

3. Қардың қандай түрлері бар?

4. Қазір қай  мезгіл?

5. Осы қыс мезгілінің айларын атайықшы?

6. Желтоқсан айы несімен ерекше?

Сөзжұмбақ шешу: «Тәуелсіздік»

Топтастыру кезеңі:

Автор туралы түсінік беру: Т.Молдағалиев

 

Оқулықпен жұмыс

 

Тұтас оқу: «Он алтыншы желтоқсан»

Сұрақ-жауап алу:

1. Өлең не туралы?

2. Неліктен он алтыншы желтоқсан деп аталды?

3. Бұл атаулы мерекеге неше жыл болады?

Бейнеролик тамашалау: «Тәуелсіз ел – Қазақстан!»

Мәтінмен жұмыс

Тізбек оқыту:  «Қайраттың жазу дәптерінен»

«Ой дамыту»: «Қайрат бейнесі».

Сергіту сәті: «Көк тудың желбірегені»

Шығармашылық тапсырма:

І қатар

ІІ қатар

ІІІ қатар

5 жолды өлең: «Отан»

Сурет салу:

«Тәуелсіздік күні »

Категориялы топтастыру жұмысы: «Қайрат»

 

Рефлексия:

1. Сабақта кім туралы айтылды?

2. Өлеңнің авторы кім?

3.Тәуесіздік туралы не білдік?  

 

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?

Даталы күн,

1991 жыл,

16 желтоқсан

Т. Молдағалиев туралы, Қайрат Рысқұлбеков Халық қаһарманы атағы берілгені.

 

Қайраттың жазған өлеңдерін

 

Үй тапсырмасы: Реферат жазу: «Тәуелсіз Қазақстан!».

Бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз