Жаңаөзен қаласы
№12 бастауыш мектептің мұғалімі
Анетбаева Тілектес Аткелтировна
Сабақтың мақсаты: Сынып оқушыларының математика пәні бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге үйрету. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Жан-жақты білімділікке, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ, жауап алу, ой қозғау
Сабақтың көрнекілігі: АКТ, слайдтар, жеке парақшалар
Сабақтың жүру барысы:
А) Ұйымдастыру, сәлемдесу
Ә) Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөліну ( Қане, оқушылар, сиқырлы тақтаға қарайық. Бұл фигуралар туралы не білеміз?
1-топ: бұл қандай фигура? Шаршы. Шаршының қандай қасиеттері бар? Р-?, S-? Қалай табамыз? Жарайсыңдар, 1-топ «Шаршы» тобы.
2-топ: бұл қандай фигура? Тік төртбұрыш. Тік төртбұрышқа тән қасиеттерін атаңдар. Р-?, S-? Қалай табамыз? Жарайсыңдар, 2-топ «Тік төртбұрыш» тобы.
3-топ: біле ме екен? Келесі фигура қалай аталады? Текше. Дұрыс айтасың. Ал текше туралы не білеміз? Оның неше өлшемі болады? Ұзындығы, ені, биіктігі болады. Дұрыс. Осы өлшемдер арқылы не табуға болады? V - Көлемін табамыз. Жарайсыңдар, 3-топ «Текше» тобы.
4-топ: бұл қандай фигура? Пирамида. Ия, бұл пирамида деп аталады. Оның жақтары қандай фигура екен? Үшбұрыштар. Пирамида қай елде бар? Египетте. Ой, жарайсың. Ең биік пирамиданы білесің бе? Хеопс пирамидасы, 137 м. Өте жақсы, ендеше 4-топ «Пирамида» тобы боласыңдар.
Үй тапсырмасы: № 8 (қалдықпен бөлу)
«Ой қозғау» кезеңі
1) Көбейтудің және бөлудің компоненттерін атаңдар
2) Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті ....
3) Көбейтудің терімділік қасиеті ....
4) Көбейтудің үлестірімділік қасиеті ....
«Ой шақыру» кезеңі
Ауызша тапсырма №1 (Тиімді тәсілмен есептеу, түсіндіру)
«Қалам үстелдің үстінде» кезеңі
№2 тиімді тәсілмен есептеу (әр топқа бөліп орындату дәптерге)
Тақтамен жұмыс
№3 тиімді тәсілмен есептеп тап. (әр топтан оқушы шығарып, тақтаға орындату)
Сергіту сәті: «Сиқырлы санамақ»
«Есеп шығару алгоритмі» кезеңі
Әр топқа есептер бөлініп беріледі. Есептің шартын құрады және шығарады.
«Шаршы» тобы: №5 (а)
«Тік төртбұрыш» тобы: №5 (ә)
«Текше» тобы: №6 (а)
«Пирамида» тобы: №6 (ә)
«Логикалық сұрақтар»
«Шаршы» тобы: Әтеш бір аяғымен тұрса салмағы 3 кг, екі аяғымен тұрса қанша болады?
«Тік төртбұрыш» тобы: Дорбадағы 6 асықты алты бала бір бірден алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай болғаны?
«Текше» тобы: Жайлауда түйелер мен жылқылар жүр. Түйеде 2 мүйіз ал жылқыда әрқайсысында 2 өркештен бар. Неше өркеш, неше мүйіз бар?
«Пирамида» тобы: Аквариумда бірнеше алтын балық жүзіп жүр. Олардың аяғының саны 20 болса, балық нешеу ?
«Теңдеуді шешу» анықтамасы.
№8. Теңдеулерді шешу. (Әр топқа бір теңдеуден бөліп беру, тексеру)
«Ой толғау» кезеңі
Стандарт емес тапсырма: Таяқшалардан мына сияқты фигура құрастыр да, 4 таяқшаны алып қой, сонда 7 шаршы қалатын болсын. Төрт түрлі шешу жолын тап.
«Бекіту» бағалау кезеңі
1. Қандай тапсырмаларды орындадық?
2. Топқа бөлініп жұмыс жасаған сендерге ұнады ма?
3. Қай топ белсенді қатысты деп ойлайсың?
Үй таспырмасы: №4 (122 бет) және №7 (123 бет) әр топқа бөліп беру.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі