Оңтүстік Қазақстан облысы
Бәйдібек ауданы
С.Жиренов атындағы негізгі орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Мусина Галима Әсеновна
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Әріпті және санды өрнектерді ажыратуды қайталап, бекіту, амалдарды орындау, есептің шартын құрастыру, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу арқылы шығармашылық ойларын өсіру, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
2. Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, математика біліктерін, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, қиялдарын ұштап, білімін шыңдау.
3. Тәрбиелілігі: Алға қойған мақсатына жетуге, шапшаңдыққа өз беттерінен тапсырмаларды орындап, нәтижеге жетуге тәрбиелеу.
Түрі: Білімді жинақтау, қорытындылау.
Әдісі: Сын тұлғасынан ойлауды дамыту.
Көрнекілігі: суреттер, плакаттар, бүктеме, карточкалар
Пәнаралық байланыс: Ана тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сендер сабаққа қандай мақсат, міндет қойып отырсыңдар?
- Мақсатымыз білім алу, міндетіміз еңбектену, беске қолға жеткізу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Үйге не берілд?
- Теңдік, теңсіздік. Амалдарды салыстыру.
5см + 2см * 7 см 4см + 3см * 9см 8см – 5см * 2см
4 + 6 * 6 + 4 7 – 2 * 9 – 3 5 + 3 * 5 + 4
Ойын «Аққала»
Математикалық диктант:
2+5=7 10-3=7 а+2 5-4=1
3+5=8 4-2=2 в-7 6+2=8
5+3=8 7-1=6 с+а 9-6=3
- Өрнек қандай топтарға бөлінеді? «санды, әріпті»
- Ал біз өткен сабақта қандай өрнекпен таныстық? «әріпті өрнек»
- «Бекіту»
- Бізде бүгін бекітусабағы, әріпті өрнектер тақырыбын бекітеміз
- Санды өрнектер олар неден құралады? «сандардан»
- Әріпті өрнектер ше? «әріптерден немесе әріп санмен».
Тапсырма: Астында өрнектерді мына екі бағанға бөлу керек. Санды өрнектерді сандыға, әріпті өрнекті әріптіге орналастырыңдар.
Бекіту үшін бтапсырмалар орындаймыз (слайд)
Оқулықпен жұмыс: №2 тапсырма. 43 бет. Дәптерге жазу.
Әріпті өрнектің мәнін тап
а+5 а=4. 5. 0.
в-3 в=9. 7. 10.
Сергіту сәті:
Орманда жоғары,
Ағашқа қонады,
Тұмсығымен балта етіп,
Тоқ тоқ соғады.
Логикалық тапсырмалар:
Толқын Айгүлден үлкен, ал Айгүл саниядан кіші емес. Кім ең үлкен? Кім ең кіші? (үлкен Айгүл, ең кішісі Сания)
№3 тапсырма. Есептің шешуін жаз. Әріптің орнына сан ойлап, олардың мәнін тап.
а) Есебін оқу,
алма ағашы-5
Алмұрт ағашы –с (4)
Барлығы?
5+с, 5+4=9
Жауабы: 9 ағаш
ә) Болды –в (10)
Кетті -4
Қалды-?
В-4, 10-4=6
Тақтада тапсырма:
Есептемей салыстыр. Қалай салыстырғаныңды түсіндір:
4+в * 5+в 7+с * 7-с 8-а * 8+а
в-2 * в-3 а+с * с+а в+5 * в-5
Дәптермен жұмыс: 44 бет «геометриялық фигуралар» тапсырма.
ІҮ.Қорытындылау:
Тақтадағы слайдқа назар аудару.
Үй тапсырмасы:
№3 Есеп «б»
б) Қызыл түспен – с(3)
Жасыл түспен – в (7)
Барлығы?
С+в, 3+7=10
Жауабы: 10 орындық.
Бағалау
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі