Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Кәукей ауылы,
№225 орта мектеп жанындағы
«Қыр бөбегі» шағын орталығының
тәрбиешісі Сұлтанова Кәмшат
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет
Күні: 15.02.2016
Тақырыбы: Әтеш пен тоты (ертегі)
Мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсіну,өз түсінігімен әңгімелеу барысында сөздік қорын молайту, сөйлеуге дағдыландыру. Құстар жайлы білімін кеңейту.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,слайд көрсету, жұмбақ жасыру, түсіндіру, ойын ойнату.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Әтеш пен тоты суреті, қуыршақ театры слайд, плакат, құстар макеті.
Сөздік жұмыс: Қораз, тотықұс.
Билингвальді компонент: Әтеш-петух, тоты-папугай
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Таңғы жиын. Таң әлі атқан жоқ, Маңай әлі қараңғы. Әтеш ерте оянып, Оятады баланы. Ку-ка-ре-ку,ку-ка-ре-ку Оятады баланы. Үнтаспа арқылы әтештің таңғы шақырған дауысын тыңдату. -Балалар бұл ненің дауысы? -Әтеш үй құсы ма? Әлде дала құсы ма? |
Балалар өлең жолдарын барлығы бірге қайталады.
Балалар әтештің дауысын ажырата білді.
|
Ұйымдастырушылық- ізденістік
|
Жұмбақ жасыру. Бұрап қойған сағаттай, Айқайлайды таң атпай. (әтеш) Ертегі оқу: "Әтеш пен тоты" Ерте, ерте, ертеде ешкі құйрығы келтеде, аң мен құстарлың ішіндегі ең әдемісі, сымбаттысы әтеш болыпты. Сондықтан ол өте тәкаппар екен. Жүріп тұрса да маңғазданып, сылаңдай басады екен. |
Жұмбақтың жауабы:әтеш
Ертегіні мұхият қызығушылықпен тыңдады
|
|
Қоқыраяды да жүреді. Бірде-бір аңмен не құспен сөйлеспейді. Жалғыз серігі Тотықұс болыпты. Тоты байғұстың үстінде жөні түзу киімі де жоқ екен. Бір күні тоты әлгі кербез әтешке келіп:
Содан күні бүгінге дейін әтеш тотықұспен әдемі киімін іздеп, таң атысымен, күн батқанға дейін айқайлап шақыра береді екен. Сұрақ-жауап арқылы ертегі мазмұнын сұрау.
Сергіту жаттығуы. Қанатытымды жазамын, Жоғары-төмен қағамын. Биік көкте ойналып, Жұлдыздай жылдам ағамын.
"Айнытпай сал"ойыны. Әтешке қарап ән салып, Әнші болған балапан. Әтеш болып шақырып, Сақшы қане алақан. Ж.Қалжанова. Құстар жайлы мағлұмат беру. Құстар екіге бөлінеді: Жабайы құстар, үй құстары. Үй құстары |
Сергіту жаттығуын түгел жасады.
ойынды қызығушылықпен ойнады.
Құстар туралы көбірек білуге тырысты. |
|
Блингвизм: Әтеш-петух, тоты-папугай Боямақ бояйық. Балаларды үш топқа бөліп, үлестірмелі материалдар тарату. Ойын: "Ұшты-ұшты" Мақсаты:баланы тез ойнатуға және ұшатын немесе ұшпайтын затты ажырата білуге үйрету. Шарты: ұшатын заттарды тез анықтап, екі қолын жоғары көтеру керек. Мысалы: Ұшты, ұшты қарға ұшты! Ұшты, ұшты қалам ұшты! Ұшты, ұшты кітап ұшты! Ұшты, ұшты сауысқан ұшты!
|
Орысша, қазақша сөздіктерді қайталады. Суретпен жұмыс жасады. Ойынға қызығушылықпен түгел ойнады.
|
Рефлекциялық-түзетушілік |
Жарайсыңдар! Балалар, сендер бүгінгі оқу іс-әрекетке белсенді қатыстыңдар. |
Балалар қуанып, апайлармен қоштасты. |
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: Ертегінің мазмұнын.
Игерді: Құстар жайлы мағлұматты және суретпен жұмыс жасауды.
Меңгереді: Үлестірмелі материалдармен жұмыс жасауды және ойынның шарттарын.
каныкей мирбеккызы
рахмет издегеним табылды кушту
каныкей мирбеккызы
билимимди сиздердин жазғандарыныз бойынша жетилдирип журмін рахмет
Назерке
Ертегілер елінде атты ашық сабақ барма балабақшаға