Өлең, жыр, ақындар

Қызықты математика

Сабақтың тақырыбы: Қызықты математика  
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі. Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.
2.Дамытушылығы: Мұндағы өлең - есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3.Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, көрнекілік, ізденушілік, ойын, құрастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бейнелі сөз,өлең есеп, слайд.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 3-сыныптар арасында өтетін «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау.
Сайыс сағатымызда өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар, бейнелі
сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс
айтылған жауаптарға, Әділ - қазылар алқасы бағалап отырады. Сайыста ұпайды көп жинаған топ «Жас математиктер» номинациясына ие болады. Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталады.
Бүгінгі сайыс сабағымыз мынандай бөлімдерден тұрады:
1. Таныстыру
2. Сөзжұмбақ шешу
3. Математикалық бейнелі сөз шешу
4. Ұшқыр ой ойыны.
5. Құстар тапсырмасы
6. Топ басшылар жарысы
Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді
жұмып, мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік.(Әуен ойнайды)
«Жасыл дала, құлпырған қып - қызыл гүлдер, сарқырап аққан
мөп - мөлдір су, жайқалған ағаш, ашық аспан, жарқырап күлімдеген
күн сәулесі.»
Осы сезімге беріле отырып, көзімізді жаймен ашайық та осындай күймен есептерді, тапсырмаларды тез ұжыммен топтасып шешейік
Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық.- деп Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.
«Алғырлар» тобы
«Білгірлер» тобы»
Әр топ өздерін таныстырмай тұрып сендердің берген жауаптарыңды, шығарған есептеріңді, орындаған тапсырмаларыңды бағалап отыратын әділ - қазы алқасымен таныстырып өтейін:
1. Б.Сабирова
2. Ж.Бисенбаева
1. Таныстыру бөлімі:
Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын өлең жолдары арқылы
таныстырып өтсін.
Ұран: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі жарыста алғырлықпен аламыз
«Алғырлар» Озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Алғыр» бала атанып
Бізде ғалым боламыз.
Ұран: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске
«Білгірлер» Мақтанбаймыз «білгірміз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Білгір» бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.
2. «Сөзжұмбақ» шешу
уа, балалар, балалар,
Қане бері қараңдар
Сайысымызды бастайық
Сөзжұмбақты қиналмай
Лезде шешіп тастайық.
«Алғырлар» 1. Ең кіші үш таңбалы сан. Жүз
2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш. Шаршы
3. Ондықтан құралған сан. Қырық
4. Бір таңбалы сан. Үш
5. Кеміту амалы. Азайту
«Білгірлер» 1. Бір таңбалы сан Бір
2. Геометриялық фигура. Төртбұрыш
3. Бұрыш түрі Сүйір
4. Уақыт өлшем бірлігі. Ғасыр
5. Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз. Шеңбер
3. «Математикалық сөз» шешу.Яғни ребус шешесіңдер.
, Қаз Ай Ту (Азайту)        

Мыс,, Етік,,  Р (Метр)
4. «Ұшқыр ой» ойыны.
Яғниқай топтың ойынын ұшқыр екенін анықтаймыз. 
1) Бір айда 5 жексенбі бола ма?
2) Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
3) 2кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
4) Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
5) Алдында 1, артында 2, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді.Барлығы неше қаз?
6) Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?
5. Құстар тапсырмасы
Балалар білесіңдер ма? бізге қонаққа құстар келіпті, жылы жаққа кетіп бара жатқан құстар екен. Сендердің білімдеріңді тексеру барысында бірнеше тапсырмалар ала келіпті өздерімен. Қалай балалар тапсырмаларын орындап, білімдеріңді көрсетуге дайынсыңдар ма? 
Ендеше қонаққа келген құстарымызды шақырайық
Құстар біздің досымыз
Біз қамқоршы боламыз
Құстарға ұя саламыз
Жем су беріп жаз бойы
Балапанын бағамыз.
1 – құс «Кептер» тапсырмасы.
Қай топ оқушыларының ойлары жүйрік екендігін анықтау.
- Кел балалар, ойнайық
Қандай есеп болса да.
Шешпей оны қоймайық.
Ал, тыңдаңдар, тыңдаңдар.
Асығыстық қылмаңдар.
Асықпайық дегенге.
Бөгеліп те тұрмаңдар.
1) Көлден ұшты 50 қаз
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)
Қорада 20 үйрек, 2 сиыр, 4 ешкі.
Болды сонда нешеуі?(26)
3) Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма 
Барлығын қосқанда
Айтшы сонда нешеуі
Болады неше алма? (60 алма)
2 - құс Торғайдың тапсырмасы
1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада
неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (2 бұзау, 1 Тауық)
2. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы еше балық болды? (Балықтар ұшпайды)
4. Қайыңда 6 алма өсіп тұр еді, 2 - уі түсіп қалды. Ағашта неше алма қалды. (Қайыңда алма өспейді)
3 - құс Қаз тапсырмасы
1) Суретте неше үшбұрыш, неше төртбұрыш бар? (3 төрт бұрыш,5 үш бұрыш)
Үстелдің үстінде 7 алма бар, біреуін алып қойдым.
Қанша алма қалды? (7)
6. Капитандар жарысы.
«Алғырлар»
1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады?
2. 1 сағатта неше минут бар? (60)
3. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата. (70)
4. Шарты мен сұрағы бар кішкене әңгіме? (Сөз есеп)
5. Мектептегі 45 минут? (Сабақ)
6. Оқу жылының алғашқы айы қандай? (Қыркүйек)
7. Азайту амалының компоненттерін ата? (азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)
8. 3 пен 9 - дың көбейтіндісі? (27)
9. 6 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу? (30)
10. Санды сол санның өзіне бөлгенде сол сан шығады? (1)
«Білгірлер»
1. Қосудың нәтижесі қалай аталады? (Қосынды)
2. 1 ғасырда неше жыл бар? (100ж)
3. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата. (98)
4. Периметрді қалай табамыз? ( Барлық қабырғаларын қосамыз)
5. Мектептегі 10 минут? (Үзіліс)
6. Қыс айларының алғашқы айы қандай? (Қаңтар)
7. Бөлу амалының компанеттерін ата? (Бөлгіш, бөлінгіш, бөліндінің мәні.
8. 3 пен 7 - нің көбейтіндісі? (21)
9. 5 машина мен 4 велосипедтің дөңгелектері нешеу? (28)
10. Кез келген санды бірге көбейткенде...(Сол санның өзі шығады)
Математика
Тылсым - сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрің де
Математика -
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сол ғылымның тілін біл.
- Осымен, балалар  «Қызықты математикалық ойындар»  атты сайыс-сағатын аяқтай отырып.. Жеңімпаз топты анықтап
«Жас математик»номинациясын беріп, ұпайды аз жинаған топ белсенді қатысқаны үшін « Алғыс хатпен» мадақтап марапатталады.
Сау, болыңыздар!

 


Пікірлер (2)

сайера

маган унади

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз