Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
№121 орта мектебінің
физика және информатика пәні мұғалімі
Пірманова Гүлмира Мінажқызы
Сахнаның екі жағынан Білімпаз бен Информатика шығады.
Білімпаз: Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар!
Информатика болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып XXI-ғасырға
Барлық әлем жаңалығын тастайды,-дей отырып, бүгінгі біздің көңілді тапқыштар сайысына келгендеріңізг өте қуаныштымыз. Алдын-ала рахмет айтамыз.
Информатик:
Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды
Информатика озады бір ғасырды
Ой түйіндеп,жетелейді адамды
Әлі ашылар құпиялар сан қырлы
Сайысты жүргізушілер электронды ойын автоматтарын құрастырушылар - Білімпаз бен Информатик. Бүгінгі сайысымызға «Монитрон» және «Клавиатрон» командалары қатысады. Әр команда өздерін таныстырып өтсін.
Білімпаз:Енді командалардың әр қадамын бақылап отыратын бақылау орталығы мүшелерімен таныс болыңыздар.
Информатик:
Мынау ұшқыр заманда
Жаңалық енді ғаламға
Компьютер тілін меңгеру
Қажет туды адамға.
Олай болса I-тур. «Суреттегі бейнелер нені білдіреді?» деп аталады. Бұл турда тақтада көрсетілген суреттегі компьютер құрылғыларын әзіл түрінде бақылау орталығына жазба түрде жіберу керек.
Сыныптағы компьютер - адамдарды өзіне бағндырған әлжуас
Жүйелік блок - бар құрылғыны басқаратын, кеудесі көтеріп қасқаятын ми.
Монитор - өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын жалмауыз
Пернетақта - саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмайтын, иә-ні қолдап қайталайтын берген
Тышқан - пернеден жасқанатын,адам көмегімен басқарылатын,қорқақ компьютердің кенже баласы
Джойстик - тышқанның ең жақын туысы
Принтер - стипендия алғанда ақшаңның тең жартысын бақилққа жіберетін апаң
Сканер - принтерден асып түсетін мешкей
Білімпаз: II-тур. «Компьютер айналасындағы әзіл-қалжыңдар» деп аталады. Ортаға командаларды шақырайық
Информатик:III-тур. «Біз неден тұрамыз?» деп аталады. Бұл тур шарты бойынша әр командадан бір оқушы шығып тақтадағы тапсырмаларды орындайды.
Білімпаз: Командалар бұл сайысқа жауап дайындағанша, бақылау орталығынан 2- сайыс қорытындысы хабарлауды сұрайық.
Информатик: IV-тур. «Венгр сөзжұмбағы»
Көрсетілген сөзжұбақта жасырылған сөздерді тауып жазу.
М |
Т |
П |
Л |
О |
Т |
Т |
Н |
О |
М |
||
И |
Ы |
П |
Р |
Р |
Т |
Е |
И |
Д |
Е |
||
Қ |
Ш |
Н |
И |
Е |
Е |
Р |
О |
М |
М |
||
Р |
Қ |
А |
Н |
Т |
Р |
Н |
Н |
И |
Т |
||
О |
Н |
Т |
С |
Ә |
З |
Е |
Т |
Р |
О |
||
П |
А |
И |
Б |
А |
Й |
Т |
Т |
Е |
З |
||
Р |
М |
В |
П |
И |
К |
М |
Е |
Р |
Е |
||
О |
Ә |
И |
А |
Р |
С |
О |
Ұ |
А |
Ф |
||
Ц |
Т |
Р |
И |
Х |
Е |
Д |
Я |
Й |
Л |
||
Е |
І |
У |
В |
Ж |
Л |
И |
Я |
И |
Ц |
||
С |
Н |
С |
Д |
А |
Ь |
Ф |
И |
К |
А |
||
С |
О |
Р |
А |
Б |
О |
Н |
Е |
Н |
Т |
Білімпаз: Қане, жанкүйерлер, командалар «Венгр сөзжұмбағын» шешіп болғанша, мына жұмбақтарды шешейік әр дұрыс жауап үшін өз командаларыңызға 1 ұпай қоса аласыздар.
1-жұмбақ
Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады. /меңзер/
2-жұмбақ
Ұзынтыра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан
Ешбір белгі қалмайды. /бос орын пернесі/
Информатик:
3-жұмбақ
Ақпаратты қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады? /басу құрылғысы/
4-жұмбақ
Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені /Кактус/
Білімпаз: Құрметті оқушылар,біздің сайысымыз ақырғы өз мәресіне де келіп жетті.
Соңғы V-тур. «Пікірталас».Бұл турда компьютерлік ойынның пайдасы мен зиянын айтады. Кәне, «Монитрон» командасы сіздер-компьютерлік ойынның пайдасын, ал «Клавиатрон» командасы сіздер-компьютерлік ойынның зиянын айтасыздар.
1-топ. Компьютерлік ойын баланың ақыл-ойын дамытады.
2-топ. Компьютерік ойын баланы қызбалыққа, жүйелі ойламауға итермелейді.
1-топ. Баланың ойлау қабілетін күшейтді
2-топ. Компьютерде ұзақ отыруға әдеттендіреді,ультракүлгін сәулелерді көп жұтады.
1-топ. Компьютермен қорықпай жұмыс жасауға үйретеді.
2-топ. Көз көру қабілеті нашарлайды
1-топ. Шапшаңдыққа, байқампаздыққа, тапқыллыққа тәрбиелейді
2-топ. Жаттанды жұмысқа, яғни белгілі бір пернелерді басуға үйретеді
1-топ. Білім құштарлығын оятады.
2-топ. Робот тәрізді жұмыс істеуге баулиды.
1-топ. Жасына сай әрекет жасауға бейімдейді
2-топ. Электр энергиясын үнемдеуге ұмтылдырмайды.
Информатик: Бақылаушылардан сайыстың қорытынды бағасын беруді сұраймыз. Осымен сайысымыз аяқталды. Хош сау болыңыздар!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі