Өлең, жыр, ақындар

Дос болайық бәріміз

«Балбөбек» бөбекжайы КМҚК
«Құлыншақ» тобының тәрбиешісі: Эшназарова К.

 

Мақсаты: Балаларға достық туралы түсініктерін жетілдіру және басқа ұлттармен қарым-қатынасты нығайту. Сыйластық, ынтымақтастық туралы түсінік беру. Тақпақ, өлең арқылы, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін, адамгершілік құндылықтарын дамыту. Отанын сүюге, достыққа, адамгершілікке, татулыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Әр ұлттың киім үлгілері және үнтаспа, тақия, арқан, домбыра, шарлар, бибітшілік құсы, көгершіннің суреті.

Зал шарлармен безендірілген. Балалар залға әдемі әуенмен кіреді.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер! 1-Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын!

Бүгінгі күн ерекше, өйткені 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Дос болайық бәріміз» атты ертеңгілік өткізіліп жатыр. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған.

«Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді дана халқымыз.

Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін. Олай болса мерекемізді ән ұранымызбен бастайық.

Ән ұран.

Жүргізуші: Балалар біздер қандай мерекені тойлап жатырмыз?

Балалар: Достық. Бірлік. Ынтымақтастық мерекесі.

Жүргізуші Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

Балалар: Қазақстан.

Жүргізуші: Ал біздің ел ордамыз қалай аталады?

Балалар: Астана.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар сендер білесіңдер ме, біздің елімізде өзге ұлт өкілдері де тұрады. Олар орыс, татар, өзбек, кәріс, испан,үнді. Балалар біздің топтада өзге ұлт бала бар. Ол кім?

Балалар: Сергей.

Жүргізуші: Ендеше балалар осы мерекеге арналған тақпақтарымызды айтайық.

Тақпақтар:

 

Сергей:   Празник дружбы и весны.          Нұрсезім: Дос болайық бәріміз,

                Кто живет на свете,                                    Жарасып тұр әніміз.

                Мира желая,                                              Тыныштық сақтаймыз,

                Вместе с нами встретит.                             Атсын күліп таңымыз!

 

Саят:     Мамырдың бірі,                                    Сезім:  Тұтасып, тойлаған ұлттар, 

               Достық күні.                                                     Керемет мереке,

               Ән салып,                                                        Мамырдың бірі.

               Билеген халықтың үні.                             

 

Балнұр:

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

              

Жүргізуші: Бүгін қызық бүгін той,                 

                      Біздер үшін біліп қой.                          

                      Ән де салып, би билеп,

                       Жалғастырсын ойды- ой. – деп ендігі кезегімізді өзбек ұлтынан келген биші қызымыздың өнерін тамашалаймыз.   

Би: «Өзбек» биі

Жүргізуші: Ал енді балалар Өзбек ұлтының «Тақия алмақ» ойынын ойнайық.

Ойын: «Тақия алмақ»

Жүргізуші: Бәрекелді балалар, ендігі кезегімізді Испан елінен келген қонағымызға берейік. Ортаға Испан бишісін шақырамыз.

Би: «Испан» биі

Жүргізуші: Мерекені әрі қарай жалғастырып, балалардың Достық туралы тақпақтарғакезек берейік.

 

 О. Аяжан:  Достық – шырағымыз,            Р.Аяжан: Достық туымыз,

                   Достық – ұранымыз.                               Достық әніміз.

 

Нұасыл:   Дос болайық бәріміз,               Ерхан:    Тілегіміз әділдік!

                 Жарасып тұр әніміз.                                Ашық болсын кең аспан!

 

Альфина:   Бибітшілік ұраны                      

                   Жарқыраған алтын күн.

 

Жүргізуші: Балалар бізге орыс ұлтының қонақтары өнерін көрсетемін деп отыр. Ендеше қонағымызды шақырайық.

 Би: «Орыс» биі

Жүргізуші: Балалар біздің қонақтарымыз шеттерінен өнерлі екен. Енді Үнді, Кәріс ұлтының биін тамашалайық.

 Би: «Үнді » биі.

 Би: «Кәріс » биі.

Жүргізуші: Балалар сендер қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?

Балалар: Асық ату, орамал тастамақ, арқан тарту,сақина салу, қыз қуу.

Жүргізуші: Жарайсындар балалар, қонақтарымызбен біргелесіп арқан тартыспақ ойыннын ойнайық.

Ойын: «Арқан тарту»

Жүргізуші: Бізде неше түрлі ұлттың қонақтары билеп жатыр,  балалар өзіміздің қазақ ұлтымыздың өнерінде қонақтарымызға көрсетейік.

Биші десе билейді

Аяқтары бір жерге тимейді.

Ортада шаттық көңілмен,

Қазақ қыздары  би билейді .

Би: «Қазақ» биі

Жүргізуші: Құрметті қонақтар біздің мерекеге келген қонақтарымыз өздерінің мерекелік  тағамдарында ала кепті. Ендеше әр ұлт өз тағамдарын таныстырып өтсін.

Ата-аналар шығып таныстырады.

Жүргізуші:

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап,
                    Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап.
                    Тілейтінім барша жұртқа бір ғана, 
                    Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ. –дей отырып бүгінгі мерекемізді  «Балдырған » әнімен аяқтаймыз.Ән: «Балдырған»

Жүргізуші: Құрметті қонақтар осымен «Дос болайық бәріміз» атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет. Тағыда мерекелеріңіз құтты болсын.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз