Өлең, жыр, ақындар

Озық ойлы оқушы

Қызылорда  облысы  Қармақшы  ауданы

Ақай  ауылы  №99  орта  мектептің

бастауыш  сынып  мұғалімі

Нұрмаханова  Зейнеш

 

Сайыстың тақырыбы:  «Озық ойлы оқушы»

Сайыстың  мақсаты.

Білімділік мақсаты:  Оқушылардың  білімдерінің  деңгейін  анықтау.  Білімге,  ғылымға  деген  қызығушылығын  арттыру.

Дамытушылық  мақсаты:  Оқушылырдың  ойлау  жылдамдығын,  есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту.

Көрнекілігі:  даналық  сөздер,  жазылған  плакаттар,  сұрақтар  жинағы,  кеспе  қағаздар,  төсбелгілер,  мультимедиялық  көрініс,  суреттер.

Сабақтың  түрі:  Сайыс сабақ.

Сабақтың  типі:  Аралас сабақ.

Сабақтың  әдісі:  Сұрақ – жауап.

Сайыстың  бағдарламасы.

І Бөлім.  «Бәйге»

ІІ Бөлім.  «Сөз  таразысы»

ІІІ Бөлім.  «Қасиетті  тоғыздық»

ІV Бөлім.  «Көкпар»

V Бөлім.  «Жорға»

Сайыстың  барысы.

І  Ұйымдастыру  кезеңі:

ІІ. Кіріспе.  Мұғалімнің  сөзі.

Армысыздар,  құрметті  ұстаздар  мен  оқушылар  және  ойынға  қатысушы  сайыскерлер!  «Халықтың  кемеліне  келіп,  өркендеп  өсуі  үшін  ең  алдымен  азаттық  пен  білім  қажет»  деп  Ш.  Уәлиханов,  «Ғылым  мен  майданның  қатардағы  жауынгері  тек  үнемі  оқу,  іздену,  талпыну,  тану,  өмір  мектебінен  өту  арқылы  ғана  оның  ірі  қайраткері  дәрежесіне  дейін  көтеріледі»  деп  Қ.  Сәтбаев  айтып  кеткендей  еліміздің  болашағы  тек  қана  білімді,  жастар  екені  даусыз.

Осы  мақсатпен  қазақ  тілі,  ана  тілі,  математика,  дүниетану  пәндерінен  3  сыныптар  арасында  «Озық  ойлы  оқушы»  сайысын  өткізгелі  отырмыз.

 Сайысқа  қатысатын  оқушыларды  таныстыру:

  1. Серік  Жәмиғат  3 «Ә»

  2. Қуатбаева  Шынарай  3 «Ә»

 3. Серікбекова  Перизат  3 «Ә»

4.  Ертілеуова  Әсел  3  «Ә»

5. Қарымсақова  Айгерім  3 «Б»

6. Орынбаев  Нұрбақыт  3 «Б»

7. Қожақметов  Нәби  3 «Б»

8. Өмірбаева  Ақбота  3 «Б»

 

 Жүргізуші:  Құрметті  сайыскерлер!

Мәңгі  бақи  есте  қалар,

Қызықты  бір  жиын  болсын.

Білімдірек  шәкірт  озар,

Сұрақтары  қиын  болсын.

-дей  отырып,  сайысымыздың  «Бәйге»  деп  аталатын  бөлімін  бастаймыз.  Бірінші  «Бәйге»  бөліміне  қатысушылар  қойылған  сұраққа  тез  және  нақты  жауап  беруі  тиіс.  Дұрыс  жауапқа  10  ұпай.  Сонымен  оқушылар,  іске  сәт.

1. Мемлекеттік  тіліміз?

2. Көксерек  әңгімесінің  басты  кейіпкері?

3. Бір  ғана  тиянақты  ойды  білдіретін  дара  сөйлемді  не  дейміз?

4. Қазақ  тілі  алғаш  мемлекеттік  тіл  мәртебесін  қай  жылы  алды? 

5. Бір  сағатта  неше  минут  бар?

6. 100  сантиметрде  неше  метр  бар?

7. Дүниетану  пәні  нені  оқытады?

8. Жай  сөйлем  нешеге  бөлінеді?

9. Тұңғыш  кемеңгер  кім?

10. Қазақстан  Республикасының  елбасы  кім?

 

Жүргізуші:  ІІ  бөлім  «Сөз  таразысы»  Берілген  мақалдағы  сөзді  тауып,  жалғастыру.  Дұрыс  жауапқа  10  ұпай

  1. Тіл  тас  жарады,  тас  жармаса  ...
  2. Бал  тамған  тілден  ...
  3. Сөз  тапқанға  ...
  4. Жақсы  сөз  ...
  5. Тіл  қылыштан  ...
  6. Дәлелсіз  сөз  ...
  7. Піл  көтермегенді  ...
  8. Бас  кеспек  болса  да  ...
  9. Шебердің  қолы  ортақ  ...
  10. Жақсы  байқап  сөйлер  ...

Жүргізуші:  Үшінші  бөлім  «Қасиетті  тоғыздық»

Лайықтап  жазылған  ұпайлары,

Әр  түрлі  сұрақтар  бар  онда-дағы.

Жауаптарын  табарсың  қателеспей,

Жетерлік  болса  егер  білім  жағы.

Бұл  бөлімде  әртүрлі 9  сұрақ  берілген:  20,  30,  40  деген  сандарды  суырып,  сұрақтарға  жауап  беру.  Ұпайы  аз  екі  оқушы  ойыннан  шығады.

20  ұпайлық  сұрақтар:     1. Тез  жауап  беру  жарысы?

     2. Бойы  бүкір,  алысқа  түкір?

     3. Жамбылдың  ұстазы  кім?

30  ұпйлық  сұрақтар:

     1. Кейіпкер  деген  кім?

     2. Юмор  деген  не?

     3. Аңыз  деген  не?

40  ұпайлық  сұрақтар:

     1. «Үлкен»  сөзі  заттың  қандай  сынын  білдіреді?

     2. Уақыт  өлшем  бірліктерін  ата?

     3. Ауаның  температурасын  немен  өлшейміз? 

Жүргізуші:    Оймен  қане  көк  теңізін  кешіңдер,

                       Жарқ-жұрқ  еткен  неше  түрлі  есімдер.

                      Айтылғанда  «Көкпардағы»  сұрақтар,

                     Зейін  салып  зердеменен  шешіңдер!

Төртінші  бөлім  «Көкпар».  Бұл  бөлімде  4  тақырып  беріледі,  әр  тақырыпта  3  сұрақтан  бар.  Әр  оқушы  1  тақырыптан  таңдайды.  Дұрыс  жауапқа  10  ұпай.  Осы  бөлімде  екі  оқушы  ойыннан  шығады.

«Ғалымдар»

  1. Математик,  дәрігер,  ақын,  музыкант,  екінші  Аристотель  атанған  шығыстың  ғұламасыкім?
  2. «Миллион»  деген  сөзді  қазақ  арасына  жеткізген  ағартушы,  ғалым  кім?
  3. Геометрияның  негізін  қалаушы  ежелгі  грек  оқымыстысы  кім?

«Ақын – жазушылар»

Бұл  бөлімде  ақын-жазушылардың  суреті  беріледі,  қай  ақын-жазушы  екенін  табу  керек.

«Логикалық  есептер»

  1. 4  жұмыртқа  4  минутта  піседі,  1  жұмыртқа  неше  минутта  піседі?
  2. 2  адам  тоғызқұмалақты  2  сағат  ойнады,  Әрқайсысы  неше  сағаттан  ойнады?
  3. 7  ағайындының  5-еуінің  жұмысы  бар,  нешеуінің  жұмысы  жоқ?

«Қоршаған  орта»

  1. Тау  жыныстары  деген  не№
  2. Географиялық  карта  дегеніміз  не?
  3. Жанғыш  пайдалы  қазбалар?

Жүргізуші: Бүгінгі  күн сайыста,

                           Сен  ешкімнен  қалыспа.

                          Біліміңді  көрсетер,

                         «Жорғадағы»  сұрақтарға  жауап  бер!

Бесінші  бөлім  «Жорға»  Бұл  бөлімде  екі  конверттің  біреуін  ұпайы  жоғары  ойыншы  бірінші  болып   таңдайды.  Қалған  конверт  екінші  оқушыға  қалдырылады.  Әр  оқушыға  5  сұрақтан  беріледі.  Қанша  дұрыс  жауап  алынса,  сол  ұпай  саналады.

А  нұсқасы:

1.  Қазақ  даласының  жарық  жұлдызы  кім?

2. Бір  жылда  неше  күн  бар?

3. Су  3  түрлі  күйде  болады.  Соны  ата?

4. Сан  есім  дегеніміз  не?

5. Қазақстан  Республикасы  туының  авторы  кім?

Б  нұсқасы:

1. Абайдың  туған  жылы?

2. Адам  немен  тыныс  алады?

3. 1  айда  неше  апта  бар?

4. Зат  есім  дегеніміз  не?

5. Қазақстан  Республикасының  рәміздерін  ата?

ІІІ  Қорытынды.

Сайыс  соңында  қазылар  алқасы  ұпай  саны  бойынша  жеңіске  жеткен  ойыншыны  анықтайды.  Жеңіске  жеткен  ойыншы  және  белсене  қатысқан  оқушылар  марапатталады.

 

 

 


Пікірлер (2)

maira7626

Шығармашылық табыс тілеймін! Сайысты жақсы жоспарлағансыз...

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз