Павлодар облысы, Ақсу қаласы
Евгеньвка селолық округі
Үштерек ауылының
"Үштерек орта мектебі" КММ
"Шағын орталығының"
Тәрбиешісі: Ахай Мария
Саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Атасының ақылы» әңгіме С.Сейтенов
Мақсаты: Үлкен адамның айтқан нақыл сөздеріне көңіл бөлдіру.
БМ: Үлкен адамдарды әрқашан тыңдауға үйрету.
ДМ: Үлкендермен бірлесіп шешім қабылдауға дағдыландыру.
ТМ: Үлкендерді сыйлауға, тыңдауға тәрбиелеу.
Қажетті көрнекілік: хрестоматия, ата мен немересінің суреті
Сөздік жұмыс: қыл өтпейді
Әдіс- тәсілдер: Сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу.
Кіріспе бөлім. Мотивациялық кезең.
Шаттық шеңбері
Біз кішкентай баламыз
Өсіп өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып
Көкке қанат қағамыз.
Әлемдегі бар адамға
Жаксылық біз тілейміз.
Негізгі бөлім. Балаларды орындарына жайғастыру.
Балалар бүгінгі біз оқу іс-әрекетімізде С. Сейтенов ағамыздың «Атасының ақылы» әңгімесімен танысамыз.
Балаларға әңгімені оқып беру.
Сұрақ-жауап арқылы әңгімені талқылау.
-Балалар, әңгіме кімдер туралы айтылған?
-Атасы немересіне қандай ақыл айтты?
-Дос деген қандай болу керек екен?
Сөздік жұмыс
«Қыл өтпейді» сөзін балаларға қайталап айтқызу.
«Қыл өтпейді» сөздің мағынасы «тату – тәтті дос» деген мағынаны білдіреді.
Балалар ендеше бәріміз бірге «Атамның батасын» жаттайық
Балам, балам, батыл бол,
Жауға шабар батыр бол.
Жамандықтан аулақ каш,
Жақсыларға жақын бол.
Батаны балаларға бірнеше рет бірге қайталап айтқызып жаттату.
Сергіту сәті: Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа.
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзіде.
Қорытынды: Сұрақ- жауап арқылы қорытындылау.
- Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде кім туралы әңгімелестік?
- Атасы немересіне қандай ақыл айтты?
- Сендер қандай баламен дос боласыңдар?
Сұрақтартарға жақсы жауап беріп, оқу іс –әрекетіне белсенді қатысқан балаларды мадақтау, бағалау.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі