Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
Төретам кенті №269 орта мектеп
География пәні мұғалімі
Қаржауова Алтынкүл
Тақырыбы: Бала құқығы – асыл қазына.
Мақсаты: Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту,әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Заң, тәртіп туралы нақыл сөздер, кітап көрмесі, ҚР Конституциясы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Мақсатымыз, білім алу
Міндетіміз, еңбектену
Әр оқушы өз құқығын білу,
Оны өмірде пайдалану.
Мұғалім сөзі: Балалар, заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз мына біздер.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің Туы, Ән-ұраны және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз» – деген.
Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтанда біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.
2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы заң» қабылданды. Бұл заң 9 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға қол қояды», сөйтіп Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» енгізілді.
Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндер берілген.
1 – маусым |
Балаларды қорғаудың халықаралық күні |
20 – қараша |
Балалардың дүниежүзілік күні |
10 – желтоқсан |
Адам құқығы күні |
Көрініс: Бекзат пен Нұрболдың партаға таласуы.
Сұрақ: Бекзат пен Нұрболдың арасындағы дауды сендер қалай шешкен болар едіңдер?
(Оқушылар ойын тыңдау)
Сұрақ: Сендерге бала құқығының қандай түрлері таныс?
-Мен мектепке баруға,оқуға,хайуанаттар бағына баруға еркіндігім бар.
-Мен қыста сырғанауға,ойнауға, сурет салуға,бестік баға алуға құқықтымын.
-Мен демалуға құқықтымын.
-Мен ауырып қалсам,дәрігер шақыруға,емханада жатып емделуге құқығым бар.
-Мен өз елімнің еркін азаматы болуға,мектепке баруға,өз ойымды ашық өз тілімде айтуға құқығым бар.
-Өзіме ұнайтын спорт түрімен шұғылдануға,серуендеуге құқығым бар.
-Мен дүкенге баруға,ұнайтын киімдер сатып алуға құқықтымын.
-Ойнауға,туыстарыма қыдыруға құқығым бар.
Көріп отырсыздар, 2 сынып оқушылары өз азаматтығы жайында көп біледі екен.Олар мұны кітаптан емес,өмір тіршілігіне нені істеуге болатынына,неге рұқсат етілгеніне қарап біледі.
Балалар күнделікті өздері қолданып жүрген құқықтары жайында айтып отыр.
«Менің құқығым бар» деген сөзден не ұғасыңдар?
-Менің өз кітабымды алып,оны оқуға құқығым бар.Маған ешкім тыйым сала алмайды. Мен басқаларды ренжітпей.тек жақсылық істеуге құқықтымын.
-Ең бірінші мен өмір сүруге,оқуға,дем алуға,қыдыруға құқықтымын.
-«Менің құқығым бар» сөзінен міндетті түрде емес,бірақ өз қалауым бойынша не істесем де еркім өзімде дегенді түсінемін.
-Тек жақсы істерді істеуге құқықтымын,жаман істерді істеуге құқығым жоқ деп түсінемін.
«Не істеуге болмайды?»
-Үлкендердің алдынан кесіп ………..
-Кішкене баланы …………
- Қыз баланы …………..
-Сабақтан ………………………
- Сыныпта …………………….
- Дөрекі, былапыт сөздерді ………………….
«Не істеу керек?»
-Үлкен кісіні …………………………..( сыйлау керек)
- Үлкеннің ……………………………..( тілін алу крек)
- Үлкендерге ………………………….( сәлем беру керек)
- Кішілерге ………………………………….( қамқорлық жасау керек)
- Аналарды, апаларды ………………….( сыйлау керек)
- Оқу құралдарын ………………………( күтіп ұстау керек)
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі