БҚО, Зеленов ауданы
Жаңатаң жалпы бастауыш білім беретін мектебінің жанындағы
«Балдырған» шағын орталығының тәрбиешісі: Ергалиева Клара Жонисовна
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Достық мерекесі
Өткізу формасы: Кіріктірілген. Жаңа тәрбие, оқу іс-әрекеті.
Мақсаты:
Біліктілік: балаларға Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы түсінік беру, Тәуелсіз еліміз туралы білімдерін толықтыру. Көпұлтты республикамызда татулық, достық орын алғандығын, суретте берілген қазақ, орыс, өзбек, татар халқының ұлттық киімінің ерекшелігін айтып, достық, ынтымақ сөздерінің маңыздылығын түсіндіру, сәйкес түспен бояуды үйрету;
Дамытушылық: өлеңдер оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін арттыру, шығармашылық өнердің өмірдегі алатын рөлін түсіндіру, тыңдау өнерін шыңдау.Тақырыпқа сай түрлі түсті қарындашпен өз жұмыстарын толықтыра білу іскерлігін бекіту. Ой-өрісін, тілін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: балаларды қоршаған дүниемен таныстыру, елімізде тұратын ұлттарды сыйлауға, олармен достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу, Отансүйгіштікке, сыйластыққа, түстерді сезіне білуге, эстетикалық сезімдерін және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: Ассамблея, орыс, өзбек, татар.
Билингвальді компонент: ұлт-нация, достық-дружба, ынтымақ-единство, татулық-дружба
Көрнекілік: интерактивті тақта, сурет дәптер, суреттер, бейнежазба.
Керекті құралдар: түрлі түсті қарындаштар, суретте берілген қазақ, орыс, өзбек, татар халқының ұлттық киімінің суреті.
Әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі-мысалды әдіс.
Оқу іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Қызығушылықты ояту кезеңі |
Шаттық шеңберіне тұрып: Туыспыз біз бәріміз, Біз Отанды сүйеміз. |
Бірге қайталайды. |
Ұйымдастырушылық-іздену |
Балалар, Қазақстанда жүзден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір қолдың саласындай, бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Мысалы: жергілікті ұлт-қазақ халқы және сонымен қатар орыс, корей, түрік, ұйғыр, т.б. Сондықан Қазақстан Республикасын көпұлтты мемлекет дейміз. Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігі, татулығы мен ынтымағы өзге елдерге өнеге боларлықтай. Жүректері жомарт, алақандары ашық қазақтар өзге ұлт өкілдерімен бір ананың баласындай ғұмыр кешуде. «Бірлік бар жерде – тірлік бар», «Ырыс алды-ынтымақ» дейді халық даналығы. Әрбір ұлттың өз ана тілі, салт-дәстүрлері, ұлттық киімдері, тағамдары, ойындары бар. Олар бірлікте, татулықта өмір сүреді. Көпұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. 1-бала: Күлімде, Күн, күлімде, Күлсін барлық бала шат! Берекелі бүгіндей Бейбіт болсын болашақ. 2-бала: Біз балдырған тең басқан, Дос құшағын елге ашқан. Тілегіміз бейбіт күн, Ашық болсын кең аспан! 3-бала: Ата-бабам ежелден-ақ дос қылған, Татар, қазақ болашақты тосты алдан. Сол достығын тағы, міне, дәріптеп, Биылғы жыл мереке боп жайнаған. 4-бала: Сырдыңбойынежелденжайлаған, Орыс, қазақ қатар қонған бай далам, Халықтардың достығының айғағы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Мерекедей жайнаған. 5-бала: Ортақ мекен жер шары, Төбемізде бір аспан. Барлық ұлттың баласы Достығымыз жарасқан. 6-бала: Жақсылыққа, бақытқа, Талпынған әр уақытта. Бала біткен дос, бауыр, Болмасын еш тосқауыл. 7-бала:Тәуелсіздік кіндігін, Кескен халық бірлігі. Ынтымағы барша елдің, Нұрын шашқан күн бүгін. 8-бала: Ақпыз, қара, сарымыз. Ағайынбыз-бәріміз. Сергіту сәті: Дөңгелене тұрамыз, Керегені құрамыз. Уықтар боп иіліп, Шаңыраққа киіліп, Достық үйін құрамыз. Қазақ халқы бауырмал халық. Біздің елімізде тұрып жатқан орыс, корей, түрі т.б. халықтар біздің жерімізден жер беріп, жылы құшақпен қарсы алған. Боямақпен жұмыс. Суретте берілген қазақ, орыс, өзбек, татар халқының ұлттық киімінің ерекшелігін айтып, сәйкес түспен бастырып, бояуды ұсынамын. Бақытты елде туған соң, Бақытты өмір сүреміз. |
Тыңдайды Зер салады Бірге қайталайды Тыңдайды
Бірге жаттығу орындайды Тыңдайды
Танысады Қайталайды |
Рефлексифті-түзету |
Сабақтан алған әсерлерін сұраймын. Қорытындылаймын. |
Айтады |
Күтілетін нәтиже:
Білім: тақырыппен танысты
Білік: көпұлтты мемлекет туралы көп мәлімет алды
Дағды: өлеңнен түсінгендерін айтуға дағдыланды
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі