БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Жақсыбай А.Е.
Саға мектеп – бала бақшасының биология пәні мұғалімі, Ойыл ауданы, Ақтөбе облысы, Қазақстан
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Диалогтік оқыту кезінде Мерсер мен Литлтонның пайымдауынша оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, оның білім денгейінің өсуіне әсер етеді, берілген тақырыпты тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. [1.38б]Мерсердің зерттеуіне сәйкес , әңгімелесу оқушылардың оқуына ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрін сипаттаған.Осы оқуда қолданылатын әңгімелеу түрлері: әңгіме-дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме. Оқушылар сыныптастарымен, құрдастарымен диалог жүргізген кезде сыни тұрғыдан ойлап зерттеу жүргізуге қабілетті болады. [1.40б] Білім беруде диалогтың маңызы зор, мұғалім оқушылармен тікелей байланыс жасайды, ой тастайды, әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қояды. Диалог - сабақ барысында оқушы мен мұғалім арасындағы , оқушы мен оқушының арасындағы жүргізілетін қарым-қатынас. Мерсер мен Литлтон(2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Выготский кіші жастағы балаларды когнитивті даму әрекеттері әлеуметтік қарым- қатынас үдерісінде , яғни, анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісін қалыптастырады.Класта оқушыларға сұрақ қою үлгісі «бастама- жауап-кейінгі әрекет» бойынша жүзеге асады. Мерсердің (1995) бұл модель әнгіме сыныпта бастама жасайтын және оны бақылап отыратын адам мұғалім болатынын көрсетеді.Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Оқушыларға дұрыс қойылған жағдайдағы сұрақ, сабақ берудің тиімді құралына айналады және оның оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта, кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін, мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі болады. Төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар. Төмен дәрежелі сұрақтар нақты бір жауап арқылы қайтарылады, ал жоғары дәрежедегі сұрақтар оқушылардың білім алуына түрткі болу үшін әр түрлі техникаларды пайдалана білуіне, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты пайдалануға болады. Түрткі болу сұрақтары оқушының жауабын алу үшін және оқушы жауабын түзетуге көмектесу үшін қолданылады. Сынақтан өткізу сұрақтары оқушылардың өз ойларын анық білдіруге, идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажетті. Мен тәжірбиеммен теорияны ұштастыру мақсатында Мерсердің сілтемесіне сүйене отырып, оқушыларға төмен деңгейдегі сұрақ қоюдан гөрі жоғары деңгейдегі сұрақ қоюдың ерекшелігін байқадым. 9- сыныппен жүргізілген «Жасуша құрылымдары: плазмалық мембрана, цитоплазма, ЭПТ, гольджи жиынтығы, лизосома» тақырыбында «Мен саған, сен маған», «ЖИГСО», «Жуан және жіңішке сұрақтар»; «Блум таксономиясы» мен «Венн диаграммасын» әдістерін қолдандым. Бұл әдістерді қолданған кезде оқушыларға мынадай сұрақтар қойылды: бүгінгі тақырыпты қалай әңгімелер едің? Сабаққа сіздер қандай әрекет жасайсыңдар? Бүгінгі тақырыпты қалай салыстырар едің? Осы сұрақтар арқылы оқушылардың бойына іздену, терең ойлауға ұмтылыс жасауды көздедім және осы сұрақтарды жеке, жұптық және топтық жұмыстар жасау арқылы кіріктірдім. Осы әдіс-тәсілдерді пайдаланғанда оқушылар сындарлы сөйлей білуге ынталанды, сыныптастарына сұрақтар қойып, түсінік берді, тыңдай білуді үйренді.
Мысалы , сабақта топтастыру кезінде «түстер», «жануарлар», «ай таулары», «пазлы жинауға» қарай топталса, топта ақылдасып, кеңесіп, бір ойға келіп сипаттама , түсінік берді. Бұл жерде «диалог модулінің» топтық және жеке түрін көруге болады.«Диалогтік» сөзі оқу проблемасын қою және оның шешімін табуға оқушылар мұғалімнің арнайы дайындап келген диалогы арқылы жету дегенді білдіреді. Келтіру диалогында проблеманы қоюда мұғалім қадам-қадаммен оқушыларды тақырыпты өздері анықтауға әкеледі.[2]Мен оқушыларға әр -түрлі сұрақтар қоюды жоспарладым.Бұны қолданған себебім оқушыларды әр-түрлі сұрақтар арқылы сабаққа қызығушылығын арттырамын, терең ойлануына мүмкіндік беремін. Түрлі мүмкіндіктерге қарай оқушыларға түрткі болу сұрақтарын қоюды сабағыма енгізіп отырдым. Интерактивті тақтаны пайдаланып тақырып бойынша суреттерді көрсете отырып, әр сабағыма ой қозғау әдісін қолдандым. Оқушылардың ойларын жинақтап, оқушының жауабына көмектесу, өткен материалға оралуға, ой салуға, дұрысын қабылдауға және сабаққа толығырақ жауап беруге итермелеуге, сабақ мақсатын аша білуге түрткі болуды көздедім.Мысалы, 6-сыныптың сабағында оқушылар жаңа тақырыпты менгеру кезінде , оқулықпен жұмыс жасады. Олар тақырыпты оқып болғаннан кейін, өзара пікірге түсті. «Жаспарақ деген не? Жапырақ сабаққа қалай орналасады? Жапырақтың түрөзгерістеріне не жатады? » деген сұрақтарға өзара пікірлесіп, талқылап жауап берді.Осы жерде зерттеушілік әңгіме жүргізілді және оқушылар «Жапырақ» сөзіне ассоциация құрды. Екінші сабағымда «Қарлы кесек» әдісін пайдаланып өткен тақырыпты қайталаттым.Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, сыныптастарының қойылған сұрақтарына жауап беру арқылы, дәлелдеме ретінде мазмұнының қысқаша айтып кетті. Тақырып бойынша «Жуан және жіңішке» әдісін пайдаланып, сынып оқушылары Адина мен Ақжанат әңгіменің мазмұнына байланысты сұрақтарды өзара қойып пікірталасқа түсті.
Топтық әңгіме кезінде оқушылар түрлі идеяларды ортаға салды. Әңгімелесу түрлерінің беретін нәтижесіне көңіл бөлсек, сапалы білім берудің бірден- бір жолы-диалогтік оқытуды үнемі жүзеге асырып отыру. Әсіресе ауызша сабақтарда зерттеушілік әңгіме арқылы жақсы нәтижеге жетелейді (Барнс, 1976 пен Мерсер, 2000). Диалогтік оқыту өзінің тек мазмұнымен оқушыларды бірден жаңа бір өлшемге шығарып, жаңа психологиялық жағдайға әкеледі. Тәжірибе көрсеткендей , әдеттегі бірсарынды сынып сабағындағы үндемес оқушылар диалогтік кезінде (Барнс , 1971) өте белсенді болды. Оқығаны туралы өзінің бағасын бере отырып, пікірін , ойын дұрыс айта біледі. Оқушылар күрделі емес пікір сайысқа қатысқанда, өз ойын аргументтеу, дәлелдей білуді үйренгенінің өзі мен үшін де, оқушы үшін де жетістік болды. Сабақ барысында диалогтік оқытуды енгізуде өзгерістер байқадым, оқушыларымның жауаптарына сенімділігін көрдім. Сабақ үдерісінде оқушылар өз беттерінше жұмыс жүргізіп, жаңа тақырыпты өздері ізденушілікпен меңгере бастады , түсініктерін талдауға мүмкіншілік алды. Мен оларға тек бағыт, бағдар беруші болдым. Топтық жұмыстар оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, бірге шешім қабылдауына жағдай жасады, өз ойларымен толық ақпарат алды. Әр сабағымда диалогтік оқутыды үнемі жүзеге асырып отырдым, себебі биология пәні ауызша жеткізуді, оқиғанын қандай да бір дәлелдемелерді қажет ететін пән болып табылады. Оқушылар топтық таныстырылым жасау мен жаңа тақырыпты игеру мен түсіну үшін тиімді болып табылды. Мәтінмен жұмыс жасағанда оқушылар топтық таныстырылым қорғау арқылы жүзеге асырды.Осындай белсенді жұмыс түрінде оқушылар шапшаң жұмыс жасаулары қалыптасады, тез шешім қабылдаулары дағдыланады, сөйлеу мәдениеті қалыптасады, өзгерістерді байқадым, оқушыларымның жауаптарына сенімділігін көрдім.
Қорытындылай келе, егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына кіру болса, ол өркениетке жетудежан –жақты дамыған , рухани бай тұлға қалыптастыру болып отыр. Баланы ізденушілікке баулу оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып табылады.
Әдебиеттер:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі