Өлең, жыр, ақындар

Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» әңгімесі

Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы
«Ұзын-Ата» жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жүнісова Баян

Сабақтың тақырыбы:  Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» әңгімесі

Сабақтың мақсаты: «Ай мен Айша» романынан үзіндінің мазмұнымен танып, тақырыбы мен идеясын ашу.

Күтілетін нәтиже: әңгіменің мазмұнын ұғып, талдап, тақырыбы мен идеясын ашады.

Кіріктірілген модульдер:  АКТ, СТО, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды оқушыларды оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық, ОүБ және ОБ, оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер.

Пайдаланылатын ресурстар мен деректер: дәптер, стикерлер, флипчарт, маркерлер, бағалау критерийі, смайликтер, блоб ағашы,Шерхан Мұртаза кітаптары, оқулық.

Қолданылатын әдіс- тәсілдер:  «Тілек шеңбері», «Бұл кім? Ол не?», «Таны, біл!», «Зымыран сұрақтар», «Алаптар мен ергежейлілер»,  «Бағдаршам», «Кластер», «Салыстыру» стратегиясы, «Суреттер сөйлейді» әдісі, «Блоб ағашы» әдісі

Тапсырмалар: топтық, жұптық, жеке,  дәптермен, оқулықпен, суреттермен жұмыс.

 

Сабақ кезеңдері

 

Уақыт

 

Бағалау

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білу

5мин

критерий

   І.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, таныстыру, «Тілек шеңбері» әдісімен топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасы тақырыбын «Бұл кім? Ол не?» әдісімен ашып, жаңа сабақпен байланыстыру.

  І. Шеңберде бір-біріне тілектер айтады, стикерлермен топқа бөлінеді. Топқаат қойып, топ басшыны сайлайды.

  ІІ. Үй тапсырмасы тақырыбын сұраққа жауап беріп ашады, жаңа сабақпен танысады.

Түсіну

5мин

Геом. фигура

  «Таны, біл!» әдісімен  Шерхан Мұртаза жайлы бейнебаян тамашалау.

Бейнебаянды көріп, Шерхан жайлы, отбасы жайлы біледі.

Қолдану

10мин

Сағат тілімен, топтық

«Зымыран сұрақтар» әдісімен сұрақтар беру арқылы әңгіменің мазмұнын ашу.

Сұрақтарға жауап беру арқылы романның мазмұнын ашады.

Сергіту сәті

1 мин

 

«Алыптар мен ергежейлілер» әдісімен сергіту сәтін өткізу.

«Алып» дегенде жоғары, «ергежейлі» дегенде төмендейді. Шатасып қалғандар орындарына отыра береді. Соңынан қалған үштік жеңімпаз болады.

Талдау

15мин

Балдық жүйемен

  Топтарға тапсырмалар беру. 1-топ. «Кластер» әдісімен Айша ананың бейнесін ашу; 2-топ. «Жұмақтың кілті аналардың аяғының астында» тақырыбында эссе жазу. 3-топ. Кейіпкерлерге мінездеме беру; 4-топ. «Суреттер сөйлейді» әдісімен суреттерді сөйлету.

  Топтар тапсырмаларын орындап болған соң, өз жұмыстарын топ болып қорғап шығады. Топтар бір-бірін балдық жүйемен таныстырымдарына баға береді.

Жинақтау

5мин

ауызша

«Салыстыру» стратегиясымен «Қараш-Қараш оқиғасы» шығармасының ұқсастығы неде екенін табуды тапсыру.

 Өткен тақырыпты еске түсіріп, әңгімелердің қандай ұқсас тұстары бар екендігін табады. Түсіндіру арқылы бағаланады.

Бағалау

2 мин

Геом. фигур.

 «Блоб ағашы» әдісімен өздеріне баға беру арқылы  баға қорытындысын  шығару.

 Блоб ағашымен өздерін бағалап, өз білімдеріне баға береді.

Рефлексия

1 мин

Бағдаршам

    Оқушыларға «Бағдаршам» әдісімен кері байланыс жасату

 Смайликтерді бағдаршамға жапсыру арқылы сабаққа кері байланыс жасайды.

Үйге

1мин

 

«Ай мен Айша» шығармасынан түйген ойларын параққа түсіріп келуді тапсыру.

Берілген тапсырманы күнделікке жазады.

 

Оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі: О. Сапаров                              Тексерілді:________________   


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз