Өлең, жыр, ақындар

Қазақ халқының Ұлы баласы

Мақсаты:

1. Ы.Алтынсарин туралы  түсініктерін кеңейту.

2. Ы.Алтынсариннің  шығармаларымен таныстыру.

3. Білімге деген ынталарын , құлшыныстарын арттыру.

Сабақтың түрі: Ауызша

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, бейнефильм көрсету.

Көрнекілігі: Ы.Алтынсарин суреті, слайд

Ы. Алтынсаринның өлеңдері мен әңгімелері.

Өлеңдерін мәнерлеп оқып ,мазмұның тоқталу.

«Кел,балалар,оқылық!»  «Өнер білім бар жұрттар» «Ананың сүюі»

Көрініс «Қарға мен түлкі»

Әңгімелеріне тоқталу. «Жақсылық пен жамандық», «Қарлығаш,өрмекші, құмырсқа», Бір уыс мақта» , және т.б

Балаларға «Әке мен бала» әңгімесіне жазылған мултьфильм көрсету, талдау.

Мақал-мәтелдер айту.талдау жасау

Қорытынды.

«Әке мен бала»әңгімесі «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың,азға қанағат етпесең,көптен құр қаларсың», - дейді.

«Өрмекші,құмырсқа, қарлығаш» әңгімесі. «Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш құрлы жоқсың, сенде еңбек ет,боска жатпа»-дейді. Оқушыларды еріншектік, жалқаулықтан бойларын аулақ ұстауға шақырады.

Ы. Алтынсарин өзінің ұстаздық қызметіне байланысты қазақ жастарын оқытып-тәрбиелеу мәселесін ең негізгі, басты мәселе деп есептеді. Халқы үшін қызмет ететін білімді адамдардың қатарын көбейту аркылы қазақ қоғамынық мешеулігін жоюға болады, сондықтан жастарды оқытып, тәрбиелеуден, тәрбие ісінің құдіретінен артық ешнәрсе жоқ,- деп түйеді Ыбырай.

Адам тәрбиенің нәтижесі. Ол өмірге пешенесіне не жазылса, сонымен келмейді, оның тағдыры туысынан белгіленбейді. Адамдық қасиетінің қалыптасатын жері — өмір талқысы, әрекет етуі, тәрбиесі. Күн мен Ай бәрімізге ортақ, бәріміз де адамның баласымыз, ешкімді біріңнен бірің артықсын деп айыруға болмайды, — дейді, Ыбырай. Ол адам психологиясының қалыптасуындағы саяси-әлеуметтік, қоғамдық-тарихи факторлардың шешуші ролін жете түсінді. Ы.Алтынсариннің ойынша адамның сана-сезімін негізінен тәрбие билейді де, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» болып қалыптасуын материалдық өмір жағдайларымен емес, идеалогиялық факторлармен, ағартушылық әрекетпен тәуелді еткісі келеді. Ыбырай жеке адамның даму жолын қоғам дамуымен байланыстырып, оның адам туралы түсінігі жеке адам «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы» дейтін қағидаға сәйкес келді. 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз