Өлең, жыр, ақындар

Халық таңдаған президент

Сабақтың тақырыбы: Халық таңдаған Президент

Сабақтың мақстаты: Оқушыларды Елбасы мен Елбасы ұстанымын дәріптеуге, Отанына, халқына қызмет етуге, Отансүйгіштікке, Ел рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: қабырға газеті, бүктемелер, өлең жолдары, Елбасы суреттері, рәміздер.

Сабақтың өтілу түрі: ауызша журнал

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Қазақсьан Республикасының мемлекеттік Әнұранын орындау.

ә) тәрбие сағатының тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

ІІ. Жаңа сабақ.

Елімізде жыл сайын 1 желтоқсан тұңғыш Президент күні аталып өтіледі. Елбасының тәуелсіз жылдар ішіндегі еңбектері тарихқа алтын әріптермен жазылары анық. Алғашқы жылдардан – ақ салдарлы саясатымен елдің өсіп- өркендеу бағытын айқындап, әр жылы халыққа жолдаған Жолдауларымен жол көрсетіп, дем берген Елбасымызсол бағыттан күні бүгінге дейін танбай, елді өрге сүйреп келеді. Сондықтан да біз егемендікпен қатар Елбасы есімін қатар айтамыз.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында елмен етене Елбасымыздың еселі еңбектерін дәріптеу барысында мектепішілік «Елінің жігері, қоғамның тірегі» атты онкүндік аясындағы сыныбымыздағы «Халық таңдаған президент» тәрбие сағатын өтеміз.

Жүргізуші. 1-ші бет.   «Халықпен бірге»

Қазақтың елі – кенен ел,

Басшысы жайсаң кемелді ер.

Зейіні зерек, өзі алғыр,

Нұраға сынды кемеңгер.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық асқақ мәнде де, тура мағынасында да түсінген абзал. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұстас келеді. Ел алапат соғыстан кейін қайта еңсе тіктеп жатқан кезде, ең қажетті нәрселер жетіспеді. Адамдар үнемі ашқұрсақ жүрді.  Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп жеңе білді, жақсы білім алып «от жалынды» мамандықты игеріп азамат қатарына қосылды. Елмен  жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады.

Жүргізуші. 2-ші бет.

Қазақтың туын ұстаған,

Болашақ жалын нұсқаған,

Нұр – ағаның ғаламға,

Беделі биік күшті адам.

Журналымыздың екінші беті  «Көпшілік назарында»

1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партияс ыОрталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарғанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

1960 – 1969 жж. – Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969 – 1973 жж. – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия – комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973 – 1977 жж. – Қарметкомбинаттың парткомхатшысы.

1977 -1979 жж. – Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы,  2-хатшысы.

1979 – 1984 жж. – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

1984 – 1989 жж. – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің рөрағасы.

1989 – 1991 жж. – Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы.

1990 ж. Сәуірінен – Қазақ КСР бірінші хатшысы.

1991 ж. Желтоқсанның 1 – інде тұңғыш Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті. 1995 ж сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.назарбаевтың өкілеттілігі 2000жылға дейін ұзартылды.

1999 жылы қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде 79,78% дауыс жинап, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

2005 жылы желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5% дауысын алып Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Жүргізуші:

Найзағай отты жүрегі,

Құрыштай шымыр білегі.

Шешен деп сыйлап шартарап,

Үніне құлақ түреді.

3-інші бет «Даналықтың ақ маржаны» деген бетте Нұрсұлтан \Назарбаевтың ғылыми еңбектері, кітаптары, өлеңдері, әндері мен дәйексөздерімен таныс боламыз.

1. Әділеттің ақ жолы.   1991ж

2. Ғасырлар тоғысында.   1996ж.

3. Тарих толқынында.       1997ж.

4. Бейбітшілік кіндігі.        2002ж.

5. Сындарлы он жыл.         2002ж.

6. Тәуелсіздік белестері.     2003ж.

7. Еуразия жүрегінде.          2005ж.

 

Жүргізуші:

Халық деп соққан жүрегі,

Түлеген елмен тілегі.

Баршаға жасар жақсылық,

Ұлтымның текті тілегі.

4-інші бет  «Ерекше тұлғалық болмысы» деп аталады. Осы жерде біз Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбек жолы барысындағы лауазымдық мәртебесі, марапаттары және наградалары жөнінде сөз қозғаймыз.

 

Жүргізуші:

Астана жайып қанатты,

Айналды баққа абатты.

Алаштың елі асқақтап,

Жер жүзі жұртын қаратты.

5-інші бет «Еліміздің егемендік белгілері» деп атадық.

 

Жүргізуші.

6-шы бетті «Пікірлер» деп атадық.

Төрткүл дүние бұрышын,

Кеңейту үшін тынысын,

Құшаққа алып бар елді,

Сілтеді жодың дұрысын.

 

Нұр – аға – бейбіт нұрлы күн,

Сақтаған достық бірлігін,

Ынтымақ тасып жарасып,

Тасытты ырыс тірлігін.

Бұл бетте әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХІ ғ. Соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекетте тарихындағы ең табыстылардың бірі болып саналады.

Қорытындылау. Тарих үшін қас – қағым сәт – бар болғаны 25 жылда ұшқыр қиял ғана жететін асулардан асып, ғасыр жүгін арқалаудың сыры неде, құриясы қайсы? Оған бір сөзбен жауап берсек, ЕР мен Елдің тарихи ұлы жеңісі – көрегендік пен көл – көсір еңбек жемісі дер едік. Ал оған қуат берген қайнар бұлақ қайда, ол қандай құдірет десек, алтын діңгек – БІРЛІК дер едік.

Теңесер көкпен төбесі,

Ойының биік өресі.

Емендей өзі жігерлі,

Қайратты қайсар ЕР осы!   


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз