Өлең, жыр, ақындар

Ю дыбысы мен әрпі

"Қазығұрт" №66 жалпы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі: Елікбай Баллжан Лесқызы

Сабақтың тақырыбы: Юю дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. а) Білімділік: Оқушыларды Юю дыбысы және ерпімен таныстыру. Юю дыбысының артикуляциясының дұрыс қолданып, Ю дыбысын дұрыс айтуға үйрету. Дыбыстың бас әрпі және кіші әріптерін көрсету және таныстыру.

2. ә) Дамытушылық: Әріптердің дыбысталу ерекшелігіне қарай отырып, ішіндегі орнын анықтау дағдыларын дамыту. Юю дысының й және у дыбыстары түрінде естіліп жазуда Юю әрпімімен таңбалану ерекшелігін сөздерге дыбыстық талдау жасай отырып, оқушылардың өздеріне аңғарту. Дауысты дыбыстың шартты белгісін қолдана отырып, Юю дыбысының буындағы орнын анықтату. Мәтінді мәнерлеп оқуға, түсінгендерін айтуға үйрету.

3. б) Тәрбиелік мақсаты: Аңдарды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілік: Ю ю әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс, аю, қоян, жылан, құстар, аралар суреттері, аюдың бал салынған бөшке макеті.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, саяхат сабақ, ойын сабақ.

Пән аралық байланыс: дүниетану,өзін-өзін тану.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Амансыңба? дейміз барлық адамға,
Амандасу парыз маған саған да.
Бәлкім содан ұзарады жасымыз,
Ауырмаймыз менде сенде бәріміз.

Балалды үш топқа бөлеміз:

II. Өткен сабақты еске түсіру ушін  балалар, мына тақтада тұрған  3 тапсырманы орындауымыз керек. Барлық тапсырманы орындасақ бір аңның суреті шығады.

I-топ тапсырмасы: Сөздерді оқу,  дыбыстық таладау жасау, буынға бөлу.

II-топ тапсырмасы: Мәтінді тізбектеп оқу.

III-топ тапсырмасы: Мәтіннің мазмұнын айтыңдар.

III. Жаңа сабақ.

«Аю» сөзіне дыбыстық талдау жасалды. Өздеріне таныс емес дыбыс аталып, оның дауысты екендігін анықтап, дыбыстың орнына ю әрпінің таңбасын қойып, ю әрпінің жазылу емлесімен таныстыру. Бас әрпі, кіші әрпі, баспа түрі, жазба түрімен таныстырып, қызыл сандыққа салу. Ю дыбысының орнына й және у дыбыстарының естілетінін аңғарту. Жазуда й және у дыбыстарының орнына ю әрпі жазылатынын түсіндіру.

Ю дыбысының артикуляциясына сай дыбыстатып, бірнеше рет қайталату керек.

- Ю қандай дыбыс?- Ю дауысты дыбыс. 

- Оны қалай ажыраттыңдар? – Созылып айтылады. Өз алдына буын жасай алады.

 

- Балалар, аюдың қарны қатты ашыпты. Ол қояннан көмек сұрайды.

Қоянның тапсырмасы:

Ю дыбысы мен әрпінен келетін сөздерді табу және буынға бөлу, дыбыстық талдау жаса                          

 

Сөздік жұмыс жүргізу: ию – майыстыру сөздерімен алмастырып түсіндіру.

 

Ұю – сүттің ұюы сөзімен алмастырып түсіндіру.

Оюдың қандай түрлері бар:қошқармүйіз, құсқанаты, түйе табан

Оюдың суреттерін қандай жерлерде көрдіңдер?

Сандықта, киімдерде, ҚР туында, ҚР елтаңбасында.

Аю келе жатып, ағаш түбіндегі жыланды көреді.

Жыланның тапсырмасы:

Дәптермен жұмыс: Ережені еске түсіру.

                                 1, 2, 3 Бойға жинап күш, 

                                 Қолға қалам аламыз,

                                Сауатты етіп жазамыз.

Юю –ды жазудың жазба үлгісін көрсетіп, Ю- дың бас және кіші әрпінің элементтерімен таныстыру. Ауада жаздыру. Дәптердегі үлгіні басшылыққа алады. Суреттерге сәйкес ю әрпін жазады. Қай жерде келетінін айтады.

Әдемі жазған оқушылардың жұмысын мадақтап, үлгі ету.

Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,

                      Құлпынайы көп екен

                      Теріп-теріп алайық,

                      Себеттерге салайық

Аю құстардан көмек сұрайды.

Құстардың тапсырмасы: Оқулықпен жұмыс.

«Таңқурай мен қорбаңбай» өлеңін мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

 б) Тақырыппен жұмыс:

1. Іштей оқу

2. Хормен оқу

3. Тізбектеп оқу.

оқыған өлеңдер бойынша сұрақтарға жауап алу.

- Не қызарып пісті? – Таңқурай қызарып пісті.

- Не теріп жүр қалдырмай? -  Теріп жүр аю қалдырмай.

- Нені өзім егіп ем? -  Көшетін өзім егіп ем.

- Немен суды сеуіп ем? -  Шелекпен суды сеуіп ем.

Аю бал арасына жолығадыда бал сұрайды.

Бал араның тапсырмасы:

Тіл дамыту жұмыстары. (аң-аңдар, аю-аюлар, тиін-тиіндер, түлкі-түлкілер)

IV. Қортынды: Венн диаграммасы

V. Үйге тапсырма: «Таңқурай мен қорбаңбай» өлеңін мәнерлеп оқу.
VI. Бағалау: Аю сендерге тапсырманы орындағандарың үшін бөшкедегі жүректер сыйлайды.

Жүректен - жүрекке. Тілектер тіле

- Аспанымыз ашық блосын!

- Еліміз аман болсын!

- Деніміз сау болсын!

- Бала-шағаңыз аман болсын!

- Ақшаңыз көп болсын!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз