Жаңаөзен қаласы, №12 бастауыш мектеп
Джанаева Сандуғаш Изтурганқызы
Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың жүздіктер, ондықтар, бірліктер көлеміндегі сандарды меңгергені туралы білімдерін жүйелеу, жазбаша көбейту тәсілдерін меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың ақыл-ойын, ой-өрісін дамыту. Ауызша жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: өз бетімен жұмыс жасай отырып, өзінің де өзгенің де еңбегін қадірлей білуге үйрету. Ұқыптылыққа, әдемілікке, әсемдікке баулу. Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: ойландыру, баяндау, көрнекілік әдістер, сұрақ-жауап, ойын.
Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, семантикалық карта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу рәсімі: слайд1
Амансың ба, күн!
Амансың ба, дос!
Амансың ба, ғасыр!
Амансың ба, әлем!
Баршаға амандық сәлем!
Психологиялық дайындық. Слайд 2
Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,
Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын,
Ғылымдар патшасы боп дараланып,
Математика қызықты тоймайтұғын.
Сыныпты топқа бөлу: Алғырлар, Білгіштер, Тапқырлар. слайд 3
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 11 есеп, 110-бет слайд 4
Есеп дұрыс шығарылса, слайдтан мақтау сөздер шығады (керемет, жарайсың, тамаша, өте жақсы)
ІІІ. Ой шақыру. Сұрақ-жауап слайд 5
1. Сегіздің квадраты?
2. Екінің кубы?
3. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
4. 1м= см
5. 260:2=
6. 103*3=
7. 231*3=
8. 309 санында, 693 санында неше бірлік, неше ондық, неше жуздік бар. 103 пен 3-тің, 231 мен 3-тің көбейтіндісінде разрядтан аттамай жазбаша көбейттік пе? Разрядтан аттап жазбаша көбейттік пе? (оқушылар жауабы)
1-есеп. «Кім шапшаң?» ойыны слайд 6
І топ: ІІ топ: ІІІ топ:
102*4= 232*2= 412*2=
«Жасырынбақ» ойыны: жасырынған сандарды табу. слайд 7
І топ: ІІ топ: ІІІ топ:
124*2=248 212*3=636 402*2=804
2-есеп. Ауызша орындау. «Ойлан тап!» ойыны слайд 8
3-есеп. Амалдарды орындау: «Көңілді қадам» ойыны слайд 9
І топ: 2м 2дм 1см*3=□м □дм □см
ІІ топ: 1м 3дм 2см*2=□м □дм □см
ІІІ топ: 3м 2дм 4см*2=□м □дм □см
5-есеп. Амалдар тізбегін орында: Шығармашылық тапсырма слайд 10
124*2=248-136=112*4=448+552=1000 (ауызша)
6-есеп. Семантикалык карта слайд 11
Сергіту сәті. слайд 12
1. Бұл шеңберде нүкте нешеу
Сонша қолыңды көтер дереу.
2. Қанша шаршы көріп тұрмыз,
Сонша алға еңкейеміз.
3. Кесінді нешеу болса,
Шапалақта қуана.
4. Үшбұрышты салайық,
Сонша отырып тұрайық
Орнымызға қонайық.
7-есеп. 8-есеп 3 қатарға беріледі. Тақтамен жұмыс. слайд 13
9-есеп. «Кім жылдам?» ойыны слайд 14
І топ: 66:6+39*2=
ІІ топ: 60*3-18*4=
ІІІ топ: 92:4*3=
10-есеп. Өзіндік жұмыс. Тік төртбұрыш сызу слайд 15
11-есеп. «Шыңға шығу» ойыны слайд 16
ІV. Сабақты бекіту.
V. Үйге тапсырма: 4-есеп, 110-бет
VI. Бағалау. Мадақтау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі