Өлең, жыр, ақындар

Мейірімділік пен әділдік

Тақырыбы  

«Мейірімділік пен әділдік»

Мақсаты: Балалардың санасында мейірімділік, қайырымдылық сезімдері ұғымын бекіту. Баланың мейірімді сөздер айту қабілетін арттыру. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор бола білуге баулу. Әділдікке тәрбиелеу.  Сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйретуді жалғастыру.

Көрнекіліктер:  жүректің көшірмесі, әртүрлі мазмұндағы суреттер.

Әдіс тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ жауап, әңгімелеу.

Сабақтың барысы

Балалар сабағымызды бастамас бұрын амандасып алайық.

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын келді күн!

Қайырлы таң, қайырлы күн 

Әдепті біздің достар.

Балалар бүгін біздер мейірімділік, әділдік туралыайтамыз.

Балалар мейірімділік қайдан шығады деп ойлайсыңдар?

-Дұрыс жүректен.

Жүрегіміздің қайда орналасқанын бәріміз білеміз. Қазір біз оң қолымыздың жүдырығын жұмып жүрегіміздің тұсына қояйықшы.

  • Не сездіңдер?
  • Дүрсіл.
  • Дұрыс айтасыңдар, міне осы жұдырықтай жүрегімізден жақсы сөздер, жылы сезімдер, ойлар шығады екен.  Ал жүректен шыққан жылуымызды сөзбен немесе алақанымызбен басқа біреуге жеткіземіз. Қазір бәріміз тұрып, жүрегіміздегі жылуды мына  жүрек көшірмесі арқылы  бір бірімізге жақсы сөздер арқылы жеткізейік.

Негізгі бөлім.

  •  

Балалар тақтадағы суретке қарап әңгіме құрастырайық.

-Суретте кімдерді көріп тұрсыңдар?

-Оларға есім берейік: Айдар, Қайрат және Арман деп.

-Оларға не болды?

-Көмеке кім келді?

- Арман неге көмектесті, ол қандай бала?

-Қайратты көтеріп қайда  апарды?

-Дәрігер қандай көмек көрсетті?

-Не деп кеңкс берді?

-Дәрігерден шыққан соң Арман Қайратты үйіне дейін қалай апарды?

-Арман туралы не айта аласыңдар?

Арман мейірімді, қамқоршы, әділ бала.

Келесі сурет «Автобустағы оқиға»

-Суреттегі оқиға қайда болып жатыр?

-Бірінші бала қандай іс жасады?

-Оған ата не деді деп ойлайсыңдар? Ол қандай бала?

-Ал екінші бала қандай қылық көрсетті?

-Оның қылығы дұрыс па?

-Оған үлкен адам не деді деп ойлайсың?

-Оның істегені әділдік пе?

Дұрыс айтасыңдар балалар әрқашанда мейірімді, әділ, әдепті болу керек. 

Ал енді балар осы тақырыбымызға байланысты ойын ойнайық «Құрастырда ата»

Сергіту сәті

Жақсы ойлар – тамырлар,

Жақсы сезімдер – діңдер .

Жақсы сөздер – бұтақтар ,

Жақсы істер – жемістер.

Таңғажайып сәт.

Балалар біреудің жылаған дауысы шығама, сендер естіп тұрсыңдар ма?

Бұл кім болды екен?

Балалар бұл әңгімедегі мейірімді Айгүл ғой.  Таныдыңдар ма?

Мейірімді Айгүл саған не болды, неге жылап тұрсың?

Мені қатыгез досым қатты ренжітті, әрдайым жаман сөздер айтады, еңбек жасамайды, сабақ оқымайды, үлкендерді сыйламайды,кішілерді ренжітеді.

Балалар қандай аянышты, мейірімді Айгүлді жұбатайықшы.  (Балалар жұбаныш сөздер айтады)

-Айгүл, сен жыламашы.

-Айгүл, сен жалғыз емессің,

-Біз сенімен дос боламыз,

-Айгүл, біз сені жақсы көреміз.

-Міне көрдің бе Айгүл сен жақсы достарға кездестің, сен мұңайма жарай ма.

Балалар сендер өте мейірімді іс жасадыңдар, жылаған Айгүлді жұбата алдыңдар. Енді онымен жүрегіміздің бір екенін білдіріп  мына жүрекшені Айгүлге сыйлайық.

Қортынды:

-Мейірімділік деген не екен? (Балалардың жауабы)

-Қамқорлық, қайырымдылық жасау.

-Аиа –аналарына көмектесу.

-Үлкендерді сыйлау.

-Әділдік деген не екен?

-Әрдайым әділ болу.

-Дұрыс іс әрекеттер жасау.

- Дұрыс шешім қабылдау.  «Мейірім» өдеңімен сабақты аяқтау.  

Мукашева Слушаш Тлепкалиевна  

Ақтөбе қаласы № 14 «Қонжық» Мектепке дейінгі ұйымы


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз