Бисен Жаникешев атындағы ЖОББМ-нің
Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі
Хайрлиева Айман Елтаевна
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: Геометриялық фигуралар.
Мақсаты: Геометриялық фигуралардың атауымен таныстыру, осы фигураларды басқа пішіндердің арасынан табуға үйрету.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, дидактикалық ойын, сергіту сәті.
Көрнекілігі: Геометриялық фигуралар, жұмыс дәптері, суреттер.
Билингвализм: шеңбер-круг, шаршы-квадрат, үшбұрыш-треугольник, тіктөртбұрыш-прямоугольник.
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеттері |
Балалардың іс-әрекеттері |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Ертеңгілік жиын. Арайлап таң атты, |
Шеңбер бойына жиналып, өлең жолдарын қайталайды |
Ұйымдастырушы-ізденуші |
- Суретте берілген заттарды ата. - Суреттегі геометриялық фигураларды ата. - Кемеге қарап, онда неше үшбұрыш, неше шаршы, неше шеңбер, неше тіктөртбұрыш барын ата. Үлестірмелі материалмен жұмыс. Фигураларды пішініне қарай орналастыр, түсін тап. №2 тапсырма сызба бойынша жұмыс істеу. Қай зат қандай геометриялық фигураға ұқсас келеді. Ойын «сиқырлы суреттер» Осы фигураларды толықтырып бір заттың суреті салынады. Сергіту сәті: Бойың сергісін, тік ұста, №3 тапсырма. Бағдаршам бойынша орындау. Араның жолын сал. №4 тапсырма. Фигураларды дауыстап айтамыз, тауып, бояу |
Кеме, ұшақ, үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер.
Фигураларды пішініне қарай орналастырады. Түстерін атайды.
Ұқсас фигураларды атайды.
Фигуралар арқылы үйдің суретін салады.
Қимылмен орындайды.
Балалар тапсырмаларды орындайды.
Фигураларды дауыстап айтып, тауып, бояйды. |
Рефлексивті-түзетушілік |
Балалар біз бүгін қандай фигуралармен таныстық? Балаларды мадақтап жұлдызшалар таратады. |
шаршы, үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, тіктөртбұрыш |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Заттардан өздеріне таныс фигураларды таба білу;
Игерді: Геометриялық фигураларды ажыратып, дұрыс атай алу;
Меңгерді: фигураларды басқа пішіндердің арасынан таба білу;
Аружан Кабдолова
Таңғажайып сайт екен тамаша
енді күнде осы сайтқа кіремін
Гүлсара
Тамаша!