Қостанай облысы, Арқалық қаласы
"Ақбота" балабақшасы
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Мырзакеримова Акгулим Нуритдиновна
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ағылшын тілі
Тақырыбы: «Colors»
Мақсат міндеттері: *Ойын оқу іс-әрекеті арқылы балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын ояту. Меңгерген сөздерін еске түсіре отырып, тапсырмалар орындату;
* Түстердің, сандардың, күнделікті қолданыстағы заттардың атауларын ағылшын тілінде анық та таза айтуға үйрете отырып, басты қазына білім екенін ұғындыру; Білім алуға, ынталы болуға, жан-жақтылыққа, әр жағдайда жол таба білуге, тез шешім қабылдауға тәрбиелеу.
*Құм терапиясымен жұмыстану арқылы балалардың саусақ бұлшықеттерін дамыту.
Әдіс тәсілдері: Ойын саяхат
Көрнекілігі: сандар, құмсалғыш, әр түрлі түстегі пішіндер
Билингвалдық компонент: сары-желтый, сары-yellow, қызыл-красный, қызыл-red, көк-синий, көк-blue, жасыл-зеленый, жасыл-green, кітап- книга, кітап-book, қолшам-lantern, балға-молоток, балға-hummer, сөмке-сумка, сөмке-bag, карта-карта, карта–map
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Көңілді балалр ішке билеп кіреді. Әр балалар түрлі – түсті орындарға тоқтайды Good morning, my friends. |
Good morning, good morning, Good morning to you, Good morning, good morning, I’m glad to see you. |
Ұйымдастырушылық ізденушілік |
Енді қазір біз, өзіміздің орналасқан түстерімізге сай, түстес пішіндерді жинаймыз. Жақсы, ендеше айта қойыңдаршы, пішінді қазақша, түсін ағылшынша - What color is your?
Осылайша барлығының түстерін ағылшын тілінде атап шығады.
- Еxcellent! Жарайды, ендеше тізе бүгіп, жұлдыздарды тамашалайық, армандарымыз туралы әңгіме айтайық. Достар, саяхат жасағыларың келе ме? - Иә, мен саяхатқа шығуды көптен армандап жүрмін.(Сөйтіп олар жұлдыз тамашалап отырғанда, ең кіші бала қолында қорабы бар жүгіріп келеді.) - Дұрыс айтасыңдар, алайда, достар, мында бәрі ағылшын тілінде жазылған. Бірақ бұл бізге кедергі емес, өйткені біз ағылшынша сөйлей аламыз, солай емес пе? - Қане қарайық, бұл не қылған карта екен. Достар мұнда қазынаға апарар жол берілген екен. Және сол жолда көптеген кедергілер бар екен. Қазынаны іздеуге барамыз ба? - Ол үшін бізге қандай құралдар керек? - Енді осыларды ағылшынша атайықшы! (Балалар тіркесіп алып, автобусқа отырып «The more we are together» өлеңін айтып жол тартады.) - Кеттік ендеше! Сөйтіп, алғашқы қақпаға жетеді. Онда «Task 1» деген көк сілтеме ілініп тұрады. Ішінде «Numbers in english» -Достар, міне бағытымыз бойынша алғашқы қақпаға келдік. Қане қарайық, мүмкін мұндағы тапсырманы дұрыс орындасақ, қазынаны тауып қалармыз. Тапсырманы дұрыс орындап шығады, қақпада шырақтар жанады.
- Достар, біз тапсырманы орындадық, бірақ қазынаны таппадық. Ендеше ары қарай саяхатымызды жалғастырайық. Әрі қарай жүрейік!
Біраз жол жүрген соң, картаға қарап бағытты қарап алады. Сөйтіп екінші қақпаға жете бергенде жасыл түсті сілтемені көреді. Ашып қарайды. - Достар, міне бағыт бойынша екінші қақпаға да келіп жеттік. Кеттік кіріп тапсырманы орындайық. Мүмкін қазынаға кезігіп қалармыз. «Task 2. Toys » Дұрыс орындасаңдар сиқырлы қақпа шырақтарын жанады екен. Қане орындайық. - Қараңдаршы, бізге мына құмның арасынан ойыншықтарыңды табыңдар деген екен. Алдымен барлығымыз құмның қасына жақындап, құм бізге ойыншықтарды тез табуға көмектесу үшін саусақтарымызбен жаттығулар жасайық. Ол үшін құмды ұйқыдан оятамыз, қыдықтаймыз, уысымызға қысып көтеріп кері төгеміз. Қараңыздаршы құм қандай?
- Жақсы,достар, енді арасынан ойыншықтарымызды табайық
-Достар, біз тапсырманы орындадық, бірақ қазынаны таппадық. Ендеше ары қарай саяхатымызды жалғастырайық. Әрі қарай жүрейік! Саяхатымызды ары қарай жалғастырайық. Қане картаға көз салайық, қай бағытқа барады екенбіз? Міне, таптым. Солға жүреді екенбіз Үшінші қақпаға келгенде стол үстіндегі тапсырмаға көздері түседі және сілтемеде «Task 3 »«Game Colors» деген жазуды көреді. Стол үстінде әр балаға орнына тұрып түстерін табуға,сандар арқылы ретімен қойғанда сурет шығатынын түсіндіріп түрлі тапсырмалар берілгендігін айту.
«The more we are together» әнін орындап ары қарай жол тартады
Достар, мұнда қазына жоқ екен. Жүріңдер, екіншісіне өтейік, мүмкін соннан табармыз.Ол үшін алып келген құралдарымызды шығарайық. (Құралдарын шығырып, балғамен ұрып, қолшам түсіріп қазынаны тауып алады) - Қандай керемет! Біздің іздеп келген асыл қазынамыз бұл - ағылшын кітабы екен. Қандай жақсы, осы кітап арқылы ары қарай ағылшынша үйренетін боламыз! - Excellent friends! What is it? - Достар,кітап сөзінің ағылшынша аталуы қалай еді ? - Иә, енді есіме түсті! Дұрыс айтасыңдар! - Достар, бүгінгі күн сендерге ұнады ма? |
Әр жерде жатқан пішіндерді тұрған түстеріне сәйкес алады.
– It’s red, It’s blue, - It’s yellow, - It’s green.
- Қараңдаршы, мен бірдеңе тауып алдым! - Қане-қане, не бар екен онда, қарайық. (қорапты ашады, ішінен карта шығады.)
- ия - Бұл не қағаз? - Бұл карта ғой! (картаны ашу)
- Иә, барамыз! - Карта, қолшам, балға, сөмке - map, bag, hummer, lantern
Алғашқы қақпаның тапсырмасын орындайды. Сандар бейнеленген кубикті ойнап, ағылшын тілінде атайды және қыстырғыш арқылы суреттегі ойыншық санын белгілейді.
«The more we are together» әнін орындап ары қарай жол тартады
Балалар қайталайды құммен жаттығу жасайды
- Құрғақ - Жұмсақ
- car-doll-boll
Қызығушылықпен тапсырманы орындайды.
«The more we are together» әнін орындап ары қарай жол тартады
- yess, treasure! - We found treasure!
- Book
- Yes, Good!!
- Ия |
Рефлексивті түзеуші |
- Біз бүгін не істедік, қандай тапсырмалар орындадық? - Жарайсыңдар достар! Бүгін біз мақсатымызға жеттік. Балабақшамызға қайтып, ағылшын тілімізді ары қарай дамытайық. Ендеше кеттік, үйімізге қайтайық. (Көңілді әуенмен балалар жетектесіп үйлеріне қайтады) - Good bye! |
- Қазына іздедік. Ағылшын тілінде тапсырмалар орындадық
- Good bye! |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Түстерді, сандарды, үй және дала жануарларының, заттардың атауларын ағылшын тілінде анық та таза айта біледі.
Игерді: Қазына іздеу жолында достықтың, бірліктің арқасында түрлі кедергілерден жол табуға болатынын біледі. Білім мен достықтың маңызын түсінеді.
Істей алады: Ана тілімен қатар, ағылшын тілін де үйреніп, күнделікті қолданыста айтуға дағдыланады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі