Өлең, жыр, ақындар

Көктем аруы

Жаңаөзен қаласы, №12 бастауыш мектеп мұғалімі
Джанаева Сандуғаш Изтурганқызы

Сабақтың тақырыбы: «Көктем аруы - 2016» 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру. «Қазақ қызы» деген атқа лайық ойы әсем, тәні әсем, ісі әсем болып қалыптасуына баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эститикалық талғамын, шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік: Көпшілік алдына өзін-өзі ұстай білу, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулықққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: шарлар, плакаттар, суреттер, гүлдер, үнтаспа т.б.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың барысы:

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, бүлдіршіндер, сайысқа қатысушы арулар. Сіздерді көктем мерекесі 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын. Көктемнің шуақты күндеріндей, сан-алуан гүлдердей құлпырып жайнап жүре беріңіздер!

Жүргізуші: Армысыз, әлеумет, кеш қонағы
Бүгін бізде мереке аса мәнді!
Қуанып зер салайық, ей халайық!
Аруларды қошеметпен қарсы алайық!
Мың бұралған арулар билей басып.
Келеді міне ортаға толқып-тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің
Көңілді қошеметпен қол соғайық!

-сайысқа қатысушы аруларымызды ортаға шақырамыз.

3 «а» сынып аруы: Бисенғали Аяулым.
3 «ә» сынып аруы: Алдабай Дана.
3 «б» сынып аруы: Ибраева Ақару.
3 «в» сынып аруы: Жомарт Іңкәр.
3 «г» сынып аруы: Ұзақбай Ақбілек.
3 «ғ» сынып аруы: Қыдырбай Назерке.
3 «д» сынып аруы: Айладыр Ақнұр.
3 «е» сынып аруы: Ажиғали Назира.
3 «ж» сынып аруы: Біржан Рихуа.

Жүргізуші: Әділдікпен бпға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ақ аруды талдап бүгін алуға,-деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасынмен таныс болайық.

Әділ-қазылар:

О.І.М: Мұқанова Үміт
Әдіскер: Молдабекова Сәнім
Тәлімгер: Әнесова Динара
Кітапханашы: Капарбаева Айгүл     

Жүргізуші: Әділқазылар 3, 4, 5деген балдық жүйемен белгілеп отырады.

Сайыс 5 бөлімнен тұрады:

1. Таныстыру
2. а) Білгенге маржан (тіл, өнер, еңбек туралы мақал-мәтелдерді жалғастыру).
    ә) Салт-дәстүрге байланысты сұрақ.
3. «Ас-адамның арқауы». Үй тапсырмасы (мерекелік тағам үйден әзірлеу және жарнамалау шеберлігі).
4. Өнерлі өрге жүзер (ән, би, мәнерлеп оқу).
5. Сән үлгісін көрсету (өз ойларынан шығарған, анасымен, сыныбымен дайындаған сән үлгісін көрсету).

1-бөлім.

Жүргізуші: Баурап алар бір-ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы - әдепті де әдемі
Қазақ қызы - ақылына көркі сай,
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.
Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті

Әдеппенен, ізетпенен танысуға,-дей келе сайысымыздың 1-бөлімі «Өзін-өзі таныстыру» (Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт келбеті, жүріс-тұрысы сынға түседі).

3 «а» сынып аруы: Бисенғали Аяулым.
3 «ә» сынып аруы: Алдабай Дана.
3 «б» сынып аруы: Ибраева Ақару.
3 «в» сынып аруы: Жомарт Іңкәр.
3 «г» сынып аруы: Ұзақбай Ақбілек.
3 «ғ» сынып аруы: Қыдырбай Назерке.
3 «д» сынып аруы: Айладыр Ақнұр.
3 «е» сынып аруы: Ажиғали Назира.
3 «ж» сынып аруы: Біржан Рихуа.

2-бөлім.

Жүргізуші: Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ-жауап сайысында.
Сыналар білімі мен парасаты,-дей отырып,келесі кезекте сұрақтарға жауап береміз және мақал-мәтелдерді жалғастыру( 1 концертте 2 тапсырма бар екеуінде баға бөлек-бөле беріледі).

3-бөлім.

Жүргізуші: Арусыздар таудай биік талабың
Қызысыңдар еркін-өскен даланың
Ал, қанекей мүдірмеңдер бұл сында
Ас әзірлеу, қыздар үшін қиын шаруа болып па?
(Әзірленген тағам түрлерін қорғау, жарнамалау)

4-бөлім.

Жүргізуші: Өнер-білім тапқырлықтың тарланы
Еңбектегі әріптестер мақтаны
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет құрбылармен жарыс та,-дей келе өз өнерлерін ортаға саламыз.

3 «а» сынып аруы: Бисенғали Аяулым би «Барбарики»
3 «ә» сынып аруы: Алдабай Дана би «Қазақша»
3 «б» сынып аруы: Ибраева Ақару би «Наурыз»
3 «в» сынып аруы: Жомарт Іңкәр ән
3 «г» сынып аруы: Ұзақбай Ақбілек би «Үнді»
3 «ғ» сынып аруы: Қыдырбай Назерке ән «Анашым»
3 «д» сынып аруы: Айладыр Ақнұр ән «Шіркін-ай»
3 «е» сынып аруы: Ажиғали Назира ән «Қазақтың ерке қызымын»
3 «ж» сынып аруы: Біржпн Рихуа ән «Ана»

5-бөлім.

Жүргізуші: Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айнамен таласатын
Өнерлеріне сәні сай келіп тұрған
Аруларға қызығып қарасын деп-келесі сайысымыз сән үлгісі.

Жүргізуші: Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен сайысымыз аяқталсын
Қазылар берсін енді шын бағасын.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Өнерлі, Білімділер жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Әділ-қазылар сөз береміз.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз