Өлең, жыр, ақындар

Сүйікті тағамым – қазақша ет

Ақтөбе қаласы,  №23 орта мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Баекина Аяжан Елеусізқызы

Класс: 4 «г»

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сүйікті тағамым – қазақша ет

Сабақтың мақсат-міндеттері: Сүйікті ет – қазақша ет тақырыбын ұғындыру, сөздік қорын молайтып, грамматикалық тақырыпты меңгерту

- Ұлттық тағам қазақша ет туралы түсіндіру, сөздік қорын молайту, жіктік жалғауын меңгерту.
- Сабақта әр түрлі өзгерістер болатынын байқауға дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту.
- Достыққа, сыйластыққа, бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу, асты қадірлеуге үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс – тәсілдер: «Ой қозғау» стратегиясы, венн диаграммасы, синквейн

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, түрлі–түсті фломастер, плакаттар, үлестірме қағаздар, стикерлер, бағалау парақтары.

Жұмыс түрі: топтық, жеке жұмыс.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, класты түгендеу. Психологиялық жағдай тудыру: көңіл-күйлерін сұрау, оқушылар алдарында жатқан смайликтер арқылы өз көңіл-күйлерін білдіреді. 3 түрлі смайликтер бар: «өте жақсы», «жақсы», «нашар» - 4 мин.


2. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырып бойынша кеспе қағаздарын беремін. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын қайталайды – 3 мин.

3. Жаңа сабақты меңгерту. «Қызығушылықты ояту». Өткен сабақ бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақ - қазақша еттің суреті шығады. Жаңа сабақ: «Сүйікті тағамым – қазақша ет». Күннің жадын, жаңа сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазғызу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

1) қазақша ет туралы бейнеролик көрсету – 3 мин.

2) Сөздікпен жұмыс:
қой еті – баранина
жылқы еті – конина
сиыр еті – говядина
сорпа – бульон
ұлттық тағам – национальное блюдо

(Жаңа сөздерді дауыстап оқимын, екі топтан бір-бір оқушыға оқытамын. Оқушылар сөйлем құрастырады) – 5 мин.

4. Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар. Топтық жұмыс – 10 мин. 1-топ тапсырмасы: «Венн диаграммасы»; 2-топқа «Семантикалық карта»:

 

картоп

сүт

күріш

жайма

орамжапырақ

мейіз

қызылша

палау

 

 

 

 

 

 

 

Қазақша ет

 

 

 

 

 

 

 

ботқа

 

 

 

 

 

 

 

Пюре

 

 

 

 

 

 

 

борщ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Сергіту сәті. «Не артық?» ойыны – 3 минут

6. Бекіту. Дәптермен жұмыс. Синквейн (5 жолды өлең) – 5 минут (ет және сорпа сөздері)

1. Зат есім
2. Екі сын есім
3. Үш етістік
4. Сөйлем
5. Синоним

7. Қорытындылау – 5 минут. «Не білдік?» Ауызша жауап береді:

1. Бүгінгі сабақта не туралы білдіңдер?
2. Қазақша еттің құрамына не қосылады екен?
3. Қазақша етті қалай дайындайды?
4. Қазақша етті жақсы көреміз бе?
5. Қазақша етті басқаша қалай атайды?

8. Рефлексия – 3 мин.

9. Бағалау – 3 мин.
10. Үйге тапсырма (1 мин.): 46 – бет, 4, 5-тапсырмалар.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз