Өлең, жыр, ақындар

Туған күнді тойлау. Септіктерді қайталау

Ақтөбе қаласы №23 орта мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімі
Далмагамбетова Айнұр Жанатқызы

Күні: 23.11.16

Сыныбы: 6 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Туған күнді тойлау. Септіктерді қайталау

Қолданылатын модульдер: Сыни тұрғысынан ойлау;  Ақпараттық коммуникативті технологиясы; Оқытудағы жаңа тәсілдер; Оқыту үшін бағалау; Көшбасшылық; Дарынды балармен жұмыс.

Стратегиялық іс-әрекеттер: «Сиқырлы қоржын» тренингі, «Стоп-кадр», «Тыңдайтын үшбұрыш», 

«Іздену» стратегиясы, «Пирамида»  «Тыңда, назар сал, ойлан», «Сөздер банкісі», 

Мақсаты

Туған күнді тойлау тақырыбы бойынша білімдерін кеңейте отырып,  тақырыпты өз бетінше меңгеріп, сыни ойлау арқылы, ойын еркін жеткізе білетін тұлға қалыптастыру. Септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын қайталап, практикалық жолдар арқылы меңгеру, топпен, жұппен ынтымақтаса жұмыс жасау.

Күтілетін нәтиже

Туған күнді тойлау туралы білімдерін өз бетінше меңгеру арқылы, сыни ойлайды, сабақты үйлестіре отыра өз ойын еркін жеткізеді. Топ алдында еркін сөйлеп, өз ойын жүйелі жеткізе алады, пікірін қорғай алады. Өзара тыңдап, бірін-бірі бағалай алады

 

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурс

3 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Сиқырлы қоржын

Тренинг «Сиқырлы қоржын» (шартымен таныстыру)

 

   Амандасады

   Шаттық шеңбер құрып достарына жылы сөз айтады, сыйлықтар береді

Сыйқырлы қоржын, сыйлықтар

1 мин

Топқа бөлу (сыйлықтар арқылы)

 

Сыйлықтар

5 мин

«Ең үздік»

Үй тапсырмасын топпен жұмыс жасау арқылы тексеру.

«Достықты бағалай біл» шығарма жазу

Септіктерді қайталау

Оқушылар топта жұмыс жасайды бірін-бірі бағалайды, бір-біріне ең үздік  оқушы анықталады

 

 

3 мин

«Стоп-кадр» Мультфильм көрсету арқылы балаларға жаңа тақырыпты ашуға көмектесу

 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, не көргені туралы өз ойларын ортаға салып, тақырыпты өздері ашады.

Бейнеролик

 

7 мин

«Ойлан, бірік, бөліс»

Жаңа сөздермен таныстыру

Интербелсенді тақтадан сөздер көрсетіледі

 

Балалар жаңа сөздермен танысады, қайталайды, сөздікке жазады, сөздерден  сөйлемдер құрайды, сұрақтар қояды дәптерге жазады бірін-бірі тексереді. Балалар үш шапалақ арқылы бірін-бірі бағалайды

Интербелсенді тақта

 

  7 мин

«Тыңда, назар сал, ойлан»

Түрлі тапсырмалар бойынша жұмыс 

   1- топ. Сурет, қиын, бояуларды пайдаланып, тақырыпқа сәйкес постер жасау.

   2-топ. Көрініс көрсету

   3-топ. Шашылған мәтінді жинау

Басбармақарқылыбағалау

 

 

 

3 мин

 

 

 

   Сергіту сәті.

 «Көңілді күн»

Естерінде қалған сөздерді дәптерлеріне жазғызу

Жаттығу жасайды

Дәптелеріне жазады

Мультфильм

 

7 мин

 

«Іздену»

Әр топ өзіне тиісті тапсырманы орындайды

 

 

 

 

 1-топ – суреттердің орнына сөздерді жазып қай септікте тұрғанын анықтау

 2-топ – семантикалық карта

 3-топ – ашық хат жазу

 

 

5 мин

Сөздер банкісі. Қорыту. Жаңа тақырыпқа байланысты білімдерін пысықтау.

  Сұраққа жауап бере отыра оқушылар жаңа тақырыпты еске түсіріп өз ойын ортаға салады.

  Үш шапалақ арқылы бағалайды

 

3 мин

Бағалау.

Рефлексия: Ал енді бүгінгі сабақты қортындылау үшін рефлексия жасайық

 Балалар өз білімдерін бағалайды

 

 

 

3 мин

Үйге тапсырма:

Туған күн тақырыбына эссе жазу, сөздерді жаттау

  Күнделікке жазу

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз