Өлең, жыр, ақындар

Есептік және реттік сан есім

Ақтау қаласы
«№28 орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің
Бастауыш сынып мұғалімі: Қалауова Айжамал Мудасарқызы

Сабақтың тақырыбы: Есептік және реттік сан есім

Білімділік: Есіптік және реттік сант есім түрлерін таныстыру. Оларды бір-бірінен ажыра білуге, сөз құрамына талдай білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Жаттығу жұмысын орындау арқылы оқушы тілін, сөздің қорын дамыту.

Тәрбиелік: Достыққа, бірлікке, ұйымшылдыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, интерактивті карта, сызбалар.

Сабақтың жүрісі I.Ұйымдастыру бөлімі.

Үлкенге де –«Сіз»

Кішіге де –« Сіз»

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

- Оқушылар алдымызда қандай мереке?

- 1-мамыр - бірлік күні мерекесі.

- Дұрыс. 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні.

Алдымен «бірлік» сөзіне жуық мәндес сөз ойлайықшы.

«Ынтымақ», «достық» сөздері. Енді осы сөздерді пайдаланып сендерді 3 топқа бөлемін.

1-топ «Бірлік», 2-топ «Ынтымақ», 3-топ «Достық».

1.Өткен тақырыптарды қайталау.

«Бәйге» ойыны.

1 - Зат есім дегеніміз не?                              
2 - Сын есім дегеніміз не?                         
3 - Етістік дегеніміз не?                              
4 - Негізгі зат есім дегеніміз не?
5 - Туынды зат есім дегеніміз не?
6 - Дара етістік дегеніміз не?
7 - Күрделі етістік дегеніміз не?
8 - Негізгі сын есім дегеніміз не?
9 - Туынды сан есім дегеніміз не?

2. Келесі тапсырма. Казір мен сөйлемдер оқимын, сол сөйлемдердегі сан есімді тауып, талдайтын боламыз.

«Кім жылдам» ойыны

Ынтымақ мерекесі бірінші мамыр күні тойланады.. Қазақстанда он жеті миллион адам тұрады. Елімізде жүз қырық өзге ұлт өкілдері бар.

Жаңа сабақ.

Олай болса, сан есім мағынасына қарай 2-ге бөлінеді екен. Олар есептік және реттік сан есім. Қанша? Неше? сұрағына жауап беретін сан есімді есептік сан есім дейміз.

Нешінші? Сұрағына жауап беретін сан есімді реттік сан есім дейміз. Реттік сан есімдер есептікке –ыншы, -інші, -ншы, -ншіжұрнақтары арқылы жасалады.

Дәптермен жұмыс: Күннің жадын жазу. Көркем жазу.

Оқулықпен жұмыс: Кітабымыздағы 17-жаттығу.

1-топ: Біз үш қабатты жаңа мектепте оқимыз. Менің сыныбым үшінші қабатта.

2-топ: Бүгін біздің сыныптан екі оқушы қалалық жарысқа қатысты. Айбар бірінші орынды жеңіп алды.

3-топ: Айсұлу екінші орынға ие болды. Қос жеңімпазды достары құттықтады.

«Қос»-екі деген мағына береді.

«Кім жылдам» ойыны. Реттік сан есімдерді сөз құрамына талда.

1-топ: бірінші, екінші, үшінші.

2-топ: бесінші, алтыншы, жетінші.

3-топ: тоғызыншы, оныншы, төртінші.

    «Мақалдар сөйлейді» ойыны

1-топ:                                                   2-топ                             3-топ

1 тал кессең                                        5 саусақ                       100 теңген болғанша

10 тал ек.                                            Бірдей емес.                100 досың болсын.

Мақалдағы есептік сан есімді реттік сан есімге айналдырып жаз.

Сергіту сәті.

20-жаттығу. Мәтінмен жұмыс.Тапсырмалар:

1-топ:                                       2-топ:                                               3-топ:

Мәтінді оқиды.                          Сан есімді тап.                 Мәтін неше бөліктен тұрады?  

Мәтінге ат қояды                       Қай түрі екенін айт.           Әр бөлігі қандай жолдан жазылған?                        

Қорыту мақсатында «Ойлан тап» шығармашылық тапсырма.

«Сызба арқылы сәйкестендіру».

Қорыту. Бағалау. Мереке құтты болсын!!!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз