Өлең, жыр, ақындар

Мемлекттік тіл - менің тілім

Алматы облысы, Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауылы
Қ.Әбдіғұлов атындағы №34 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Шарипбаева Шынарай Алмухановна

 

Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттің тіл – Менің тілім»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақша сөйлеу дағдысын арттыру, қазақ халқының мәдениетін білуге, қазақ тілін меңгеруге оқушыларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тіл туралы нақыл сөздер, ҚР мемлекеттік рәміздері

Сабақтың барысы:

- Бүгінгі біздің «Мемлекеттің іл – Менің тілім» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер!

Қазақ осы ағыл-тегіл көл-көсір,
Қазақ осы «Өнер алды – тіл дейтін»,
Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін,-

деп ақын ағамыз Қ. Мырзалиев айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам ұлт өкілдері татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Қазақстан жерінде әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен бүгін «Мемлекттік тіл – Менің тілім» атты сайыс сабақ ұйымдастырылып отыр.

Сынып оқушыларын екі топқа бөлеміз.

- Сіздерді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейік. Сайыс екі кезеңнен тұрады, әр кезең үш бөлімнен құралған. Әр бөлімбойынша сайыскерлер жауап беруіне байланысты 1-5 ұпаймен бағаланады.

Біз алдымен әділ-қазылар алқасын сайлап алайық:

1. Әбенова Г.А.
2. Байболатова М.Б.
3. Әбдіғұлова Э.А.

1-кезең

1-бөлім: Тіл туралы өлеңдер айту
2-бөлім: Мақал-мәтел білгірлері
3-бөлім: Берілген тақырып бойынша өз ойларын жеткізу.

2-кезең

1-бөлім: Мәтінді аудару (орысшадан қазақшаға)
2-бөлім: Кім жылдам? (сұрақтарға жауап беру)
3-бөлім: Өнерлінің өрісі кең (өз өнерін көрсету)

Тіл туралы өлеңдер айту

Мақал-мәтелдер айту

Ән «Анамның тілі» оырнадалады.

- Келесі бөлімімізде сайыскерлеріміз таңдап алынған еркін тақырыпта өз ойларын жеткізеді.

1-тақырып: Менің Отаным Қазақстан.

2-тақырып: Қазақ тілі – қазынам.

3-тақырып: Менің отбасым.

«Мәтінді аудару» бөлімі

1. Пришла осень.                            1. Язык мой – враг мой.

2. Дни стали холодными.                 2. Языком не спеши, а делом не ленись

3. Листья пожелтели.                      3. Острый язык змею из гнезда выманит.

Қазақ биі «Қамажай» орындалады.

- Келесі бөлім «Кім жылдам?» деп аталады. Бұл бөлімде әр сайыскер 1 минут ішінде қойылған сұрақтарға нақты, әрі тез жауап беруі тиіс. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай.

Өнерлінің өнерін тағы да байқап көрейік,

Жүйрік атты желейік,

Ән мен жырға кезек берейік.

- Өздеріңізге белгілі болғандай, келесі бөліміміз «Өнерлінің өрісі кең». Сайыскерлеріміздің өнерін тамашалайық.

- 3 "б" сынып оқушысы Ғалымжанқызы Аминаның орындауында Е. Хасангалиевтің әні «Атамекен» атты әнін қарсы алыңыздар.

- Сайысымызды қорытындылап, жеңімпазды анықтау үшін әділ-қазыларға сөз берейік.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, «Мемлекеттік тіл – Менің тілім» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұлт та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік. Сау болыңыздар!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз