Өлең, жыр, ақындар

Аулада

Қарағанды қаласы, №3 гимназияның
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі
Сергазина Гүлшат Талғатбековна

Сабақ   №

Тақырып:

Аулада

Күні: 19.12.2016ж.

Мұғалімнің аты-жөні:

Сергазина Гүлшат Талғатбекқызы

Сынып 

1 «Б» сынып

Қатысып отырғандары:

Келмегендер саны:

Осы сабаққа арналған оқу мақсаты

1.1.3.1. Хабарламаны тыңдау және мұғалімнің көмегімен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/заттық сурет/сызба таңдау.

1.2.3.1. Сұхбаттасын түсіну және түрлі тәсілмен әрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру.

1.5.1.2. Сөйлеу барысында көптік/тәуелдік/жіктік/септік жалғауларын мұғалімнің көмегі/үлгісі бойынша қолдану.

Жетістік критерийі

   Барлық оқушылар істей алады:

Хабарламаны тыңдайды және мұғалімнің көмегімен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, сәйкес суретті таңдайды, сұхбаттасын түсінеді және сөз тіркесі арқылы жауап береді,

   Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Хабарламаны тыңдайды және мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, сәйкес суретті таңдайды, сұхбаттасын түсінеді және сөйлем арқылы жауап береді, заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді сөйлеу кезінде қолданады

   Кейбір оқушылар істей алады:

Хабарламаны тыңдайды және мазмұны бойынша әңгімелей алады, сұхбаттасын түсінеді және  жауап беру арқылы әңгімеге араласады, сөйлеу барысында көптік/тәуелдік/жіктік/септік жалғауларын мұғалімнің көмегі/үлгісі бойынша қолданады.

 

    Негізгі сөздер мен фразалар:

 

   Бұл - аула, ағаштар, гүлдер, таза, біздің, атам, әжем.

 

   Сұхбатқа арналған пайдалы фразалар:

 

   Мен аулада ойнаймын. Мен асық ойнаймын. Мен футбол ойнаймын. Мен велосипед тебемін. Мен сурет саламын.

 

   Талқылауға арналған сұрақтар:

 

    Бұл не? Мен аулада не істеймін?

 

   Жазбаша ой салулар

Осының алдындағы оқу

   Бұл не? Аула қандай?Аула әдемі, таза, үлкен.  Аулада ағаштар, гүлдер бар. Мен аулада ойнаймын.  

Жоспар

Жоспарланған мерзімдер

               Жоспарланған шаралар

Ресурстар

2 мин

Ширату жаттығулары

 

3 мин

Басы

 

 

7 мин

 

10 мин

Ми шабуылы арқылы психологиялық ахуал қалыптастыру

Суретті презентация арқылы ауланы сипаттап айтады.

Суретпен жұмыс

Суреттер арқылы жаңа сөздермен таныстыру

1-тапсырма.

Тыңда, қайтала. Үлгі бойынша сөйлестіру.

Сен аулада не істейсің? Мен аулада ойнаймын. Мен асық ойнаймын. Мен футбол ойнаймын. Мен велосипед тебемін. Мен сурет саламын.

56-бет

Суретті презентация

 

Аудиодиск

Ортасы

 

5 мин

 

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті.

Суреттерді қолдана отырып аулада деген тақырыпта сәйкестендіру. Сұраққа дұрыс жауап беруді меңгертемін.

2-тапсырма. Толықтырып айт.

Мен футбол ... .
Мен сурет ... .
Мен асық ... .
Мен велосипед ... .
Оқулықпен жұмыс

Есте сақта. Болымды, болымсыз түрлерін бекіту

3-тапсырма. Толықтырып айт.

Мен футбол ... .
Мен сурет ... .
Мен асық ... .
Мен велосипед ... .

4-тапсырма. Тыңда. Үлгі бойынша сөйлес.

- Арман, сен аулада не істейсің?

- Мен аулада ойнаймын. Сен аулада не істейсің?

Оқушыларды жұппен сөйлету арқылы сұрақ қоя білуді және жауап бере білуді үйрету.

 

Суреттер

 

 

 

Оқулықпен жұмыс

Соңы 3 мин

Рефлексия

    Сұраққа жауап беру арқылы анықтау.

    Не үйрендік? деген сұрағына жауап алу.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз