Өлең, жыр, ақындар

Еңселі елім

Некрасов атындағы №9 мектеп–гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Серикбаева Роза Семенхановна

Сабақтың тақырыбы: «Еңселі елім»
Сыныбы: 3«Д»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: білім алушыларға өз өлкесінің құндылықтарын жетік меңгерте отырып,қойнауының баға жетпес байлығын, сарқылмас салт-дәстүрін бойына сіңіру;
Дамытушылық: өскелең ұрпақ жүрегіне ұлттық сана-сезімге деген құрметті ұялатып, саяси сауаттылығын дамытуға мүмкіндік тудыру;
Тәрбиелік: балаларды еліне ерен қызмет етуге, ұлттық жәдігерлерімізді қастерлеуге, халқының тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау, іздендіру, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан қалаларының суреттері, бейнеролик.
Пәнаралық байланыс: тарих, география.
 

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, түгелдеп, оқушыларды тақтаның алдынашақырып, арнайы қораптан түрлі-түсті қағаздарды таңдатып 2 топқа бөлу;
2. Топтастыру: әр топқа қиылған қағазды тарату; Шыққан суретпен әр топтың аты шығады.
3. «Қызығушылық ояту» кезеңі
А) Топтарға А-3 форматты қағаз таратылып, бейнелі таныстыру жасау жүктеледі. Әр топ өз өлкесін қылқаламмен өрнектейді. Бұл еңбектерін сынып оқушьшары өздері «Бір жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалайды. «Жұлдыз - көркем суреттің ұнамды жағы, «тілек» қандай толықтырулар қажеттілігін айта кету.
Б) Сабақтың тақырыбы айтылып, мақсат-міндеттері баяндалады.
Ә) Мұғалім өлең шумақтарьшан шашу шашады. Сайыскерлер жасырылған қаланың атауын әр шумақтан кейін топ мүшелерінің бір мезетте бірдей шапалақтауы арқылы белгі беріп шешеді.

1. Аты оның дәмді жеміс еліндей,
    Жемісі халқының мол несібіндей. (Алматы)

2. Толассыз күні - түні шахталары
    Тереңнен қазынасын ақтарады. (Қарағанды)

З. Қара төбе, қоңыр төбе, көк төбе.
    Бұл маңайда мұндай түсті жоқ төбе. (Ақтөбе)

4. Есіміне екі сөз бірігіпті
   Балалар бірін ұқпай, бірін ұқты. (Шымкент)

 
(Өлең, мақал –мәтелайтқан топқа текшеден беріп отырамыз) Көп текше жинаған топ жеңіске жетеді.
 
4 «Ой толғаныс» кезеңі. Арнайы кеспе қағазға жасырынған сұрақтарды таңдау арқылы, оқушылар сұрақ- жауап сайысына түседі.

1. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қай жылы алды?
2. Еліміздің бас қаласын ата
З. Қазақстан Республикасының туьшың авторы
4. Қазақстан Республикасы елтаңбасының авторлары
5. Қазақстан Республикасы әнұранының авторлары
б. Бас қаладан кейінгі екі қаланы ата
7. Отан туралы мақал-мәтел білесің бе?

5. Тілек: Оқушыларға көгершіндер таратылады. Өз тілектерін еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін көгершіндерге жазып «Қазақстан» картасына іледі. Оқушылар оқитын өлең шумақтары:

Әлихан:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның кұдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған Отан деп сыбырлаған.

Динара:
Отан, Отан бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Санжар:
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң ұлы отан.
Елім менің тірегім
Құшағыңда гүл атам.
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды.
Баршамызға ұлы отан

Малика:
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің сен, Отан!

Елнүр:
Өзіңсің Қазақстан ән арманым
Аяулы алтын бесік қара арманымда
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар
Өзімдей ұлан байтақ жерім барда.

Зағипа:
Керегі жоқ даңқ дейтін маған сөренің
Жетер біраз есіңе қала алса өлеңім
Халқым маған сенеді әлсіз демей
Өйткені мен туған жер саған сенемін
Жасай бер Қазақстаным!

Санжарбек:
Қазақстан, замананың заңғарында
Халқыма мекен болған жайлауыңда.
Алатау ақ самайлы басын иген,
Қайратты қарт Қаратау қойнауында.

Кәусар:
Көп аузынан түспейтін
Отан деген немене?
Оның тұлға түс кейпін
Досым білгің келе ме?
Отан - сенің ата-анаң.
Отан - досың, бауырың.
Отан - өлкең, астанаң.
Отан - аудан, ауылың.

Аяна:
Отан - жерім, Отан - суым.
Отан қуат нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.

Нұрәлем:
Қазақстан атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.
Көк орай белестері мақпал кілем,
Қырлары, қызғалдағы құлпырған жер.

6. Бағалау. Топты бағалау. Үш жұлдыз, бір тілек. Мұғалімнің бағалауы.

7. Рефлексия кезеңі.
- Сайыс сабақ көңілдеріңізден шықты ма?
- Қандай тапсырмалар ұнады?
Марапаттау

8. Қорытынды:
Байтақ дала жерім менің
Арта берсі даңқың сенің.
Көк байрағың желбіресін
Еңсесі биік елім менің!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз