Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№23 «Айзере» балабақшасының
тәрбиешісі: Рзабаева Айша Куатбаевна
Саз бөлмесі мерекеге сай әдемі безендірілген. Әсем әуенмен балалар кіріп, орындарына келіп тұрады.
Тақырыбы: «Кішкентай ару» сайысы.
Жүргізуші: Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.
Біз ғана емес,
Қадыр тұтқан бабалар ,
Аналардан туған небір даналар,
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар қасиетті аналар.!
Тәрбиеші: Құрметті аналар,ақ жаулықты әжелер, қонақтар, ұжымдастар және мың бұралған қыздар бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі 8-Наурыз Аналар мейрамы құтты болсын! Ендеше аналарымызға арналған мерекелік ертеңгілігімізді бүлдіршіндеріміздің «Келді Көктем» әнімен бастаймыз.
Балалар бір жақсы әуен естілетін сияқты, кім екен келе жатқан.
Тәрбиеші: - Сәлематсызба Ару Көктем! Біз сені көптен асыға күттік. Қош келдің, кең байтақ елімізге!
Ару көктем: Сәлематсыздарма балалар,қ онақтар!
Сәлем, сәлем, балақайлар.
Қуаныңдар алақайлар.
Құстар әнін ала келдім,
Жерге кілем жаба келдім.
Жан бітіріп табиғатқа,
Гүлдерімді ала келдім.
Жүргізуш: Ару Көктем біздің балаларымыздың сізге арналған тақпақтары бар
1-бала: Бәйшешектен білеміз,
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз күлеміз,
Көрсек гүлін жарғанын.
2-бала: Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.
3-бала: Көктем, көктем,
Күн шуағын төккен,
Әнші құстар сайрайды,
Жердің беті жайнайды.
Жүргізуші: -Ару Көктем бүгін балабақшамыздың №6 «Балдырған» тобында аналар мерекесіне арнап, ару қыздарымыздың арасында «Кішкентай ару» сайысын өткізгелі отырмыз. Бізбен бірге аруларымыздың өнерлерін тамашалаңыз.
Бірі көркем бірінен,
«Балдырғанның арулары
Көпшіліктің тілеуінен,
Жаралғандай бәрі-бәрі
Ару көрсең тасыр көңіл,
Айналаға нұрын шашқан,
Жаса тірлік,жаса өмір!
Бақыт осы ойнап күлген.
Балдырғандар арасында.
Қызғалдақтай жайнап күлген,
Арулардың бәрі осында.
Тәрбиеші: -Ал, құрметті көрермендер аруларымызды ортаға шақырайық.
1. Джарылғасинова Дильназ тобымыздың алғыр қызы
2. Алмуратова Жансая тобымыздың ару қызы
3. Өсербай Иңкар тобымыздың әнші қызы
4. Бақыт Нұрдана тобымыздың салмақтықызы
5. Есмуханова Ұлдана тобымыздың епті қызы
Тәрбиеші: -Бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.
«Тегін білу - тектілік» (өзін-өзі таныстыру)
Білім сайысы.
Сурет салу. (Анама сыйлық)
«Мықты болсаң тауып көр» (мақалды жалғастыр)
Өз өнерін көрсету
Тәрбиеші: «Кішкентай ару» сайысын аруларымыздың өзін-өзі таныстырудан басталады.
Сайыста жеңісте бар, жеңілісте бар,
Қуанып, шаттанып күлуде бар.
Өнерін тамашалап отыр қауым,
Сайыста әділқазылар тағы да бар.
(Әділқазылар алқасымен таныстыру)
1. директор: Г.С.Узакбаева
2. әдіскер: Ш.Т.Дабытова
3. психолог: Кемелханова Т.Я
Тәрбиеші: Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Аруы деп тобымыздың жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдік,
Ал, аруларымызға тек сәттілік тілейікші!
1-бала: Амандасам ата-қазақ салтыменен,
Ұстаздар,құрбы-құрдас халқымменен.
Отырған әділ-қазы алқасына
Иіліп әдеппенен сәлем берем.
Армысыздар жиналған барша қауым
Алдыңызда өлеңмен жыр шашамын.
Таныстырып өзімді өтер болсам,
Азамат қызы Дильназ мен боламын.
2-бала: Сәлем бердім жиналған баршаңызға,
Үлкен-кіші, дос жаран алқаңызға.
Тұрмын міне, қатысып бұл сайысқа
Бар жақсылар сіздердің арқаңызда
Еркін қызы атым менің Жансая
Жасым менің алтыда, көңілім хош.
Анам аты Гүлбану ақ сүт берген,
Сүйікті ордам «Шынар»балабақшасы.
3-бала: Сәлем менен бастаймын мен сөзімді
Өлең менен таныстырам өзімді.
Нағыз қазақ қызы екен дейтіндей,
Болып өстім сезімде.
Қазағым ана сыйлап өскен халық,_
Атымды Иңкар деп қойғаны сол,
Дариға мен Бердіханның гүл қызымын.
Жарқырап нұрын шашқан жұлдызымын.
Достарым өзімді мақтамаймын,
Қазақтың қарапайым бір қызымын.
4-бала: Армысыздар жиналған көпшіл қауым,
Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын.
Нұр шашқан көктемнің шуағындай,
Нұрдана атты кішкентай қыздарыңмын.
Кіші жүздің руынан Адай деген,
Асқар таудай әкем Еркін деген.
5-бала: Көрермен қауым армысыздар!
Бәріңізде есен-сау бармысыздар!
«Кішкентай ару»сайысына қатысып,
Үкілі үмітімнің тұсауын кессін қазылар.
Есмухан қызы Ұлданамын.
Руым Адай Жеменей,нағашы жұртым Әли еді.
Биылғы қой жылы құт боп келіп,
Аналардың құтты болсын мейрамы.
Тәрбиеші: Кішкентай аруларымыз келесі шартқа дайын болғанша кезекті аналарымызға арналған әнге береміз
Ән: «Мама»
Тәрбиеші: Әділқазылар алқасы 1 таныстыру бөлімінің бағасын берулеріңізді сұраймыз.
Өнералды қызыл тіл, өз тіліңді жатқа біл.
Ана тілім ардақты, жатқа айтам тақпақты.
Жұмбақ айтып жасырам, жаңылтпаш ол сөз емес
Әрбір сөзін дәл табам, мақал-мәтел жақсы сөз.
Бабамнан қалған болар сөз, бәрін біліп өстік біз - деп өлеңдете келіп, арулар тест сұрақтары бойынша таңдап алынған сұрақтарға жауап
берулері керек.
1-бала:
1. Әріпті ата, қандай дыбыс екенін ата, сөз тап. Тақтада жазып көрсет.
2. Табиғат дегеніміз не?
3. 7санының көршілерін ата.
4. Шалқан ертегінің кейіпкерлерін атап бер.
2-бала:
1. Әріпті ата, қандай дыбыс, сөз тап.
2. Үй жануарларын атап бер.
3. 5 санының көршілерін ата.
4. Қызыл телпек ертегісінің кейіпкерлерін атап бер.
3-бала:
1. Әріпті ата, қандай дыбыс, сөз тап.
2. Табиғат нешеге бөлінеді?
3. 9 санының көршілерін ата.
4. Үйшік ертегісінің кейіпкерлерін ата.
4-бала:
1.Әріпті ата, қандай дыбыс, сөз тап.
2.Жабайы жануарларды ата.
3.8 санының көршілерін ата.
4 «Жеті лақ» ертегісінің кейіпкерлерін атап бер.
5-бала:
1. Әріпті ата, қандай дыбыс, сөз тап.
2. Дала құстарын ата.
3. 4 санының көршілерін ата.
4. «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерін атап бер.
Тәрбиеші: Әділқазыларымыз аруларымызға бағаларын есептеп болғанша ақ жаулықты әжелерімізге арнап «Әжем» әнін қабыл алыңыздар.
Аруларымыздың білім сайысы бойынша алған бағаларын беріңіздер.
Тәрбиеші: Бүгінгі сайысымыздың 3 шарты сурет салу «Анама сыйлық» жасау деп аталады. Аруларымызға 10 минут уақыт беріледі, түрлі түсті қаламдармен аналарына сурет салып, сыйлық жасайды.
Тәрбиеші: Аруларымыз сурет салып болғанша концерттік номерлерімізді тамашалаңыз. Ұлдарымыздың «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.
Тақпақтар.
1-бала:
Слушай нашу песенку,
Мамочка любимая.
Будь всегда здоровая!
Будь всегда счастливая!
2-бала:
В день весенний солнечный
Мам мы поздравляем
Жизни долгой радостный
Мамам всем желаем!
3-бала:
Сізге бүгін сый–құрмет,
Жан анашым мерейім.
Қаласаңыз би билеп,
Әнде шырқап берейін.
4-бала:
Шалқып тасып әніміз,
Жарқырасын жанымыз.
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
5-бала:
Жақсы көрем күлкіңді,
Айналайын ақ мамам,
Менің анам сүйкімді,
Бәріненде жақсы адам.
Тәрбиеші: Аруларымыздың сурет салу шарты бойынша алған бағаларын беріңіздер.
Тәрбиеші: Келесі 4 шартымыз мақал-мәтел айту. Аруларымыз әділқазылар алдындағы қағаздарды кезекпен алады. Кімге қандай мақал түссе соған жауап береді. (Отан, отбасы, еңбек, білім, достық) туралы мақалдар.
Тәрбиеші: Аруларымыз келесі шартқа дайын болғанша ата-аналармен ойын
Ойын «Кім епті»
Шарты: Ортаға екі ата-ана шығады. Ақ носки киген 4 бала, көк носки киген 4 бала ортада музыкамен би билеп жүреді. Ақ носки киген балаға ақ футболка, көк носки киген балаға көк футболканы тез кигізіп орнына кім бұрын отырғызып болса сол жеңімпаз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар ата-аналар.
Тәрбиеші: Аруларымыздың мақал-мәтел айту бойынша алған бағаларын беруіңізді сұраймыз.
Тәрбиеші: «Кішкентай ару» сайысымыздың 5 шарты өз өнерін көрсету.
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар.
Әнді сүйсең менше сүй»-деп Абай атамыз айтқандай өнер сайысын бастаймыз.
1-бала: «Мама моя» әнін орындайды.
2-бала: Үнді биін орындайды.
3-бала: «Апатайым» әнін орындайды.
4-бала: «Бипыл»
5-бала: «Құттықтаймын мама» әнін орындайды.
Тәрбиеші: Әділқазыларымыз өз бағаларын бергенше кезекті биге береміз.
Би: «Флешмоб»
Тәрбиеші: Аруларымыздың өз өнерін көрсету бойынша алған бағаларын беруіңізді сұраймыз.
Тәрбиеші: Бүгінгі сайыста аруларымыздың алған жалпы ұпайлары бойынша аруларызға:
1. Әдепті қыз.
2. Көркем қыз.
3. Сұлу қыз.
4. Ибалы қыз.
5. Сүйкімді қыз - номинациялары берілді.
Тәрбиеші: Өмірдегі ең асыл жан - Ана. Сол үшін балалар аналарымызды, әжелерімізді, қыздарымызды сыйлайық, ардақтайық, құрметтеп жүрейік.
Құрметті аналар, әжелер, ұжымдастар мерекелеріңіз құтты болсын.
Сәбилердің күлкісі әрбір шаңыраққа қуаныш, бақыт әкелсін!
Сау саламатта болыңыздар!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі