Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№25 «Толағай» балабақшасы МКҚК
тәрбиешісі: Азанова Жанар Алимбаевна
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Балықтар»
Мақсаты:
Білімділік: балықтар туралы түсінік қалыптастыру, балаларды оқытудың тиімді әдістері арқылы бақылауға, сынауға үйрету.
Дамытушылық: балалардың ерекше ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: қамқорлық сезімдеріне, әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: гүл, гитара, егін, көгершін, кереге, шегенің суреттері,
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, қорыту.
Сөздік жұмыс: аквариум,океанариум,
Билингвальды компонент: балық-рыба.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы
|
Ұйымдастыру. Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу. - Оқу қызметіміз жақсы өтсін деп, мұқият тыңдап жақсы қатысып отыр деген тілек білдіремін. Бүгінгі оқу қызметіміз қоршаған ортамен танысу, тақырыбы: «Балықтар» деп аталады. - Сендер қандай балықтарды білесіңдер? - Балықтар қайда өмір сүреді екен? - Қандай суларда өмір сүреді? - Неше түрлісі болады? - Жарайсыңдар, балалар. Балықтар үлкен-кіші, толық-арық болады екен. Ал олар немен қоректенеді? |
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Сазан, акула, кит, ақбалық. Балықтар суда өмір сүреді.
Теңіздерде, көлдерде, мұхиттарда жүзеді.
Балықтарға жем саламыз. |
Іздену-ұйымдастырушы |
Балалар, қазір біз бейнематериал көреміз. Астананы білеміз бе? Астана қай қала? Міне, осы Астанада үлкен аквариум орналасқан екен. Біз үйлерден кішкентай балықтар салынған аквариумды білеміз бе? Міне аквариумның үлкен түрі Океанариум екен. Океанариумда үлкен балықтар жүзеді. Қандай балықтарды көріп отырсыңдар? Мұнда әртүрлі балықтар жүзіп жүр. Олардың денесін қарайықшы. Балықтың басы, терісі, қанаттары, көзі, құйрығы қандай? Олар бірін- бірі аңдып жүрген сияқты. Олар жем іздеп жүр. Мында балықтар жүзіп келе жатыр, кішкентай балықтар олардан тығылып қалды. -Ал енді балалар, біз аквариумды тамашалайық. Енді мұқият мында қараңыз, бұл не білесіңдер ме? - Аквариумда жүзіп жүрген нені көріп отырсыңдар? - Кішкентай балық - Балықтар аш екен, оларға жем салатын уақыт болды. Сендер білесіңдер ме, мына жем неден дайындалған? - Ұсақ жәндіктерден.(Киттің суретімен салыстыру). - Енді балалар сендердің алдарыңдағы жоғары жақтағы суретті оңына қаратыңдаршы. Суреттен сендер қандай балықты көріп отырсыңдар? Оқып білеміз, қане, оқыңдаршы қандай балық екен? - Жайын.Мұрты бар, неге ұқсайды? Басқа балықтарға ұқсайды ма? - Иә, ол китке ұқсайды екен. Аузы ең екі жағында қанаты бар, мұрты, көзі бар. Тыныштық сәті. - Ал енді балалар көзімізді жұмайық. Көз алдымызға елестетейік. Көп жайындар жүзіп келеді. Олар су астындағы шөптер, балдырлар тастардың арасымен жүзіп келеді. Кенеттен бір акула жақындап қалды. Жайындар тез-тез жүзіп тығылып жатыр..Асхат сенің жайының не істеп жатыр, тығылып қалды ма? Ал Гүлназ сенің балыгың не істеді, қашып құтыла алды ма? Айбек ал сенің жайының тез жүзіп үлгерді ме? Акула ұстай алмағасын қалып қойды. Біз жайындарымызды акуладан құтқарып қалдық. Осы балықтың суретін салайық. Өз еріктеріңізбен балықтың суретін бояп көрейік. Сергіту жаттығуы |
Балалар бейнетаспаға қарап мұқият тыңдап отырады.
Балықтың басы, терісі, қанаттары, көзі, құйрығы болады.
Аквариум.
- Жайын. Балалар көздерін жұмып, көз алдарына балықтарды елестетеді.
Орнымыздан тұрайық, Қалқып жүзіп алайық. 1,2,3, Әдемі болып жүз. |
Рефлексті коррекциялаушы |
Қорыту. - Балалар, біз бүгінгі оқу қызметімізде немен таныстық? - Балықтардың қандай түрлерін білесіңдер? - Бейнематериалдан нени кордіндер? Акуладан жайындарымызды құтқара алдық па? - Қандай балықтардың суретін салдыңдар? Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі оқу қызметіміз сендерге ұнады ма?Барлығыңыз жақсы қатыстыңдар.Сонымен оқу қызметіміз аяқталды. Қонақтармен қоштасайық.
Мадақтау. |
Балалардың жауаптары. - Балықтармен таныстық.
Бейнематериалдан океанариумды тамашаладық. - Жайынның суретін салдық.
Иә, ұнады. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: балықтар туралы білуі;
Болуы керек: оқу қызметіне деген қызығушылығы;
Баланың қолынан келуі: жайынның суретін салуы
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі