Өлең, жыр, ақындар

Желкенді қайық

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылы
«Қызғалдақ» балабақшасы
Тәрбиеші: Оразалиева Қарылғаш

 

Білім саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Құрастыру

Тақырыбы: «Желкенді қайық»

Мақсаты: Көліктердің ұқсастығымен айырмашылықтарын, ерекшеліктерін ажырата білуге, топтастыруға және жүйелеу қабілеттерін арттыру.  Баланың ойлау және сөйлеу қабілеттерін одан әрі дамыту. Көліктерді ажырата білуге үйрету. Қайықтардың теңізде жүзетіні туралы түсінік  беру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілі: Ой-қозғау, әңгімелесу, логикалық ойын дамыту, сұрақ–жауап, көрсету, санау, сергіту сәті, бағалау, қорыту.

Қажетті көрнекіліктері: төрт мезгілдің суреті, әр түрлі көліктердің суреттері.

Мотивациялық қозғаушы: кеме - корабль.

Шаттық шеңбері:

Бір шаңырақ астында,
Тату – тәтті тұрамыз
Бірге ішеміз астыда,
Бірге сайран құрамыз

Екі топқа бөлу: «Жүйріктер» мен «Мықтылар» тобы

Сабақтың бөлімдері:

1. Өткен сабақты пысықтау.
2. Кім жылдам «желкенді қайық» жасайды?
3. Д∕О: «Қайықты құрастыр»
4. Тәжірибе жасау.
5. Қортындылау.

Қайталау сұрақтары:

Тәрбиеші: Бір жылда неше мезгіл бар?

Балалар: Бір жылда төрт мезгіл бар.

Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем мезгілі.

Тәрбиеші: Көктем мезгілінде ауа райы қандай болады?

Балалар: Күн жылынады, ағаштар бүршік жарады, жаңбыр жауады.

Тәрбиеші: Көктемнің қандай ерекшеліктері бар еді?

Балалар: Ағаштардың жапырақтары бүршік жара бастайды, құстар жылы жаққа ұшып келе бастайды.

Тәрбиеші: Балалар, ендеше көліктердің неше түрі бар?

Балалар: Жеңіл көліктер. Су көліктері, ауыр көліктер.

Тәрбиеші: Қандай көліктерді білесің?

Балалар: Джип, камаз, жигули.

Тәрбиеші: Әуе көліктеріне не жатады?

Балалар: Ұшақтар, тік ұшақтар.

Тәрбиеші: Камаз қандай көлікке жатады?

Балалар: Ауыр көліктерге жатады. Себебі, ол жүк көліктері.

- Жарайсыңдар балалар, қайталау сұрақтарына өте жақсы жауап бердіңдер!

Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызда Су көліктерімен танысамыз. Тыныш отырып тыңдаймыз!

-    Су көліктеріне кеме, қайық, желкенді қайық, су асты кемелері жатады. Олар ағаштан жасалары. Оларға ауыр заттар салуға болмайды, себебі ол батып кетеді. Онымен адамдар саяхаттайды.

Ендеше біз бүгін желкенді қайық құрастырамыз. Біз оны зат қалдықтарынан жасаймыз. Бізге алдымен қақпақтар керек, содан соң ағаш қалдықтары мен ермексаз, түрлі–түсті қағаздар керек. Ендеше қайықты құрастырмай тұрып бойымызды сергітіп  алайық.

Сергіту сәті

Орманға барсам түлкі бар
Сайға барсам қоян бар,
Байқандар қар астында
Ұйықтап жатқан аю бар.

Жарайсыңдар, балалар! Ендеше, қайық жасауға кірісейік. Алдымен ермексазды алқанға салып жұмсартамыз, сосын оны қақпақпен ағаш қалдықтарын бекітуге қолданамыз. Жарайсыңдар! Келесі түрлі–түсті қағаздардан екі түрлі пішінде желкен қиып аламыз. Оны ермексазбен ағаш  қалдықтарына бекітеміз. Алдымен төртбұрыш пішінді желкенді, содан соң үшбұрыш желкенді орналастырамыз. Осымен біздің қайығымыз дайын болды.

Ендеше келесі кезекті ойынға берейік.

Ойын: «Желкенді қайық» құрастыру

Мақсаты: Баланың танымдық, шығармашылық, сөйлеу іс-әрекеттерін дамыту. Сұраққа толық жауап беруін, сөздік қорын дамыту.

Ойынның барысы: Балалар өздеріне берілген тапсырманы орындайды. Дайын суретке қарап суретті құрастырады. Бірінші топ мадақталады.

Енді келесі кезекті жасаған қайығымызға тәжірбие жасап көрейік. Табаққа құйылған суға жасаған қайықтар жібереді. Суда жүзген қайықтарын тамашалайды.

Қортынды:

Балаларға қортынды сұрақтар қойылады.

Екі топтың жинаған ұпайларын яғни жинаған пішіндерін санайды. Мықтылар тобы 9 дөңгелек жинады, ал жүйріктер тобы 11 дөңгелек жинапты. Енжеше жеңіске жеткен жүйріктер тобы, ол топқа қол соғып марапатайық. Мықтылар тобыда сабаққа жақсы қатысты оларғада қошемет көрсетіп қойяйық. Осымен сабағымыз аяқталды.


Пікірлер (3)

Аяжан

Кайыктын сурети

Дамира

тамаша

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз