Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылы
«Қызғалдақ» балабақшасы
Тәрбиеші: Жомартова Ақбаян
Білім саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Үй жануарлары». Қой, ешкі.
Мақсаты: балаларға үй жануарлары жайында түсінік беру. Үй жануарларының адам өміріне пайдасын, тұрмысқа қжеттілігін түсіндіру. Сұрақ-жауап арқылы тіл байлықтарын дамыту. Үй жануарларынан төрт түлік малдың төлдерін ажыратып, дыбысталуын дұрыс айтуға үйрету. Үй жануарларына қамқорлық жасауға дағдыландыру.
Көрнекіліктері: Слайдтар, үй жануарларының суреттері.
Билингвизм: Сиыр-корова, Түйе-верблюдь, Жылқы-лошадь, Қой-овца, Ешкі-коза.
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды қаламыз
Жайнаи түсті даламыз
Қайырлы таң балалар
Қайырлы таң апайлар.
Балалар жылылық шеңберіне жиналып, бір-бірімен, қонақтармен амандасады.
Күтпеген сәт: Электронды карточка арқылы тәрбиеші балаларға білдіртпей тосын сый жасайды. Мә-мә-мә деген тосыннан бір дыбыс естіледі
Тәрбиеші: Ой балалар бұл не болды екен? Қай жануардың дауысы? Өте дұрыс бұл төрт түліктің бірі қой мен ешкінің дауысы ендеше бүгін біз оқу іс-әрекетімізде үй жануары қой, ешкімен танысатын боламыз. Балалар тосын дауысты естігенде таң тамаша болады. Бір-біріне таңырқай қарайды. Апай бұл қойдың дыбысы ғой деп жауап береді.
Іздену ұйымдастырушы
Тәрбиеші: Ендеше мен сендерге осы үй жануарлары туралы жұмбақтар жасырамын,сендер сол жұмбақтың шешуін табуға дайынсыңдарма?
Балалар: Ия дайынбыз
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Ол не? (Қой)
Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар
Сегіз тұяғы бар
Иегінде сақалы бар. (ешкі)
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар
Бұл не? (Сиыр)
Тәрбиеші:
1. Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
2. Көктемде ауа-райы қандай?
3. Көктем мезгілінде қандай мерекелер болады?
Балалар сұраққа жауап береді:
1. Көктем мезгілі.
2. Көктемде ауа-райы жылы болады.
3. Көктем мезгілінде 8-наурыз аналар мерекесі, 22-наурыз жаңа жыл, 14-наурыз көрісу мерекесі.
Тәрбиеші: Ендеше балалар назарымызды теледидарға аударайық.
№1слайд теледидардан көрсетіледі.
- Балалар мынау қандай жануарлар?
Неге үй жануарлары деп ойлайсыңдар?
- Ал мыналар қандай жануарлар?
- Қойдың төлін не дейміз?
- Ешкінің төлін ше?
Қойдың орысша атауы - Овца
Ешкінің орысша атауы - Коза
- Ал олар немен қоректенеді. Біз оларға қамқорлық жасап, оларға жем, шөп, су беріп күтіп баптауымыз керек. Сонда ғана біз олардың пайдасын көреміз. Өте дұрыс балалар осы жануарлар үй маңында, қорада яғни адамның көмегімен тіршілік ететіндіктен үй жануарлары деп атаймыз.
- Соның ішінде қой мен ешкі малы өте өсімтал екен. Мынау балалар ешкі малы, ешкінің сүтін ішеміз, етін жейміз, жүнінен әжелеріміз түбіт жасайды. Ешкінің сүті ананың сүтімен тең екен, ертеде осы ешкі малының сүтін емдік үшін пайдаланған екен.
- Қой мен ешкіні қалай шақырамыз?
- Ешкіні шөре-шөре шөрелеп.
- Қойды пұшайт-пұшайт деп шақырамыз.
- Осы төрт түлік малдың өз пірі,яғни қамқоршы аталары болады екен.
- Қой атасы кім балалар?
- Шопан ата
- Ешкі атасы?
- Сексек ата
- Өте дұрыс балалар.
Тәрбиеші: Балалар, сендер үй жануарлары жайында тақпақтар, мақал-мәтелдер білесіңдер ме?
Ақкебен:
Шөре-шөре, лағым,
Тентек болма, шырағым.
Секеңдеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Ділназ:
Әукім-әукім, әукешім!
Қасиыншы әукесін.
Енең, әне, келеді,
Ақ мамасын береді.
Ринат:
Ботақаным-бөбегім,
Қара көзің мөлдіреп.
Қызықтармай қоймайды,
Жібек жүнің үлбіреп,
Қарасам, көз тоймайды.
Мағжан:
Мінезі жайлы сиырмын,
Байлығымын бір үйдің.
Етім дәмді, сүтім бал,
Сырымды менің ұғып ал.
Тәңірберген:
Құлыншағым - құндызым,
Құлдырайды, шабады.
Жылтылдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағады.
Ақниет:
Кіп-кішкене момақан,
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам «қозым» деп,
«Қошақаным-өзің» деп!
Мақал-мәтелдер.
Заңғар: Түйе көп болса, жүк сыймайды.
Айжұлдыз: Жылқы - малдың патшасы, түйе малдың қасқасы.
Тәрбиеші: Балалар шаршаған шығарсыңдар, бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың.
Бұлтиып тұр бүйірің
Қай өрістен тойдың
Тәрбиеші: Балалар, бізге келесі тапсырмада мынадай ойын берілген екен.
«Дәмін тауып көрші ойыны?»
Үстел үстіндегі үй жануарларынан алынатын өнімдердің дәмін татып ажыратады.(Айран, сүт, май, қаймақ, сүзбе, құрт, ет, қазы-қарта т.б)
Дидактикалық ойын: «Енесін тап». Үй жануарын өз орнына орналастыру.
Тәрбиеші: Балалар, тыңдаңдаршы, жануарлар дыбыстайтын сияқты.Үнтаспадан үй жануарларының дыбысын ажырату.
Тәрбиеші: Ұйымдастырылған оқу іс әрекетін сұрақтар қою арқылы қорытындылайды. Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Ән: «Қошақаным»
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Үй жануарларын, олардың төлдерін, олардан алынатын өнімдерді білді.
Игереді: Сұрақты түсініп, толық жауап беру дағдысын.
Меңгерді: «Не артық?» ойынын толық жауап беруге.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі