Өлең, жыр, ақындар

Күнтізбелік - тақырыптық жоспар. Құрастыру

Құрастыру

Тақырыптық- күнтізбелік жоспар Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі, Жалпы білім беретін мектептің оқу     бағдарламасына,Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына негізделіп жасалды.

«Құрастыру» Алматы «Алматыкітап». 2012ж   

 авторы:    Ф. Н. Жумабекова,   А. А. Ойшыбаева

 

Пәні: Құрастыру

Сағат саны: 16 сағат   2 аптада 1 сағат         

 

Түсінік хат

Құрастыру- түрлі заттарды, бөліктерді белгілі бір жағдайда келтіріп құрау. Құрастыру арқылы геометриялық денелерді, құрылыс заттарының көлемі, сапасы, пішіні және кеңістікте орналасу қатынастарын тануға қабілеттерін арттыру.

«Құрастыру» пәнін оқытудың негізгі мақсаттары:

*арнайы үлгі бойынша және сызба нұсқалар бойынша құрастыру;

*ұсынылған шарт бойынша құрастыру;

*тақырып бойынша құрастыру;

*өз еркімен құрастыру;

*конструктор бөлшектерінен құрастыру;

*табиғи материалдармен, қағаздан құрастыру.

 

Құрастыру

Р/с

Іс-әрекетінің

тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Мақсаты мен міндеттері

Қолданылатын көрнекіліктер

1

Жүк машиналары

1

 

Құрастыру материалының аттарын атау (кірпіш, пластина, үшбұрыш, төртбұрыш, т.б.) көлемі,пішіні, түр – түстерімен таныстыру. Балаларды көлік түрлерімен таныстыру. Олардың түрлеріне қарай құрастыру ерекшеліктерін меңгерту. Үлгі бойынша құрастыруға үйрету. Құрастыру материалдарының бір бөлшегін алмастыру арқылы жүк машинасын сүт таситын машинаға өзгерту.

«Құрастыру». 

Әліппе дәптер.

Дидактикалық материалдар

2

Гараж

1

 

Құрастыру материалдарымен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру. Кеңістікті бағдарлауға, құрастыру материалдарын дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру.Ойыншық машиналардың көлеміне сәйкес гараж құрастыру. Құрастыру барысында бірлесіп еңбек етуге, келісіп жоспарлай білуге тәрбиелеу.

«Құрастыру». 

Әліппе дәптер.

Дидактикалық материалдар

3

Автотұрақ (ұжымдық жұмыс)

1

 

Құрастыру материалдарымен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру. Алған білім, білік, дағдыларын пайдалана отырып, автотұрақ құрастыруға үйрету. Құрастыру материалдарын пайдаланып, автотұрақ  құрастыруда шығармашылықпен әрекет етуге бейімдеу.

«Құрастыру». 

Әліппе дәптер.

Дидактикалық материалдар

4

Темірден жасалған конструктормен жұмыс «Саты».

1

 

Темірден жасалған конструктор бөлшектерімен таныстыру (винт, шайба, гайка), олардың қозғалмалы, қозғалыссыз түрлерімен таныстыру. Конструкторды пайдалану әдіс – тәсілдерін меңгерту. Конструктор тетіктерін бір – біріне бекіту іскерліктерін игерте отырып, еңбек етуге тәрбиелеу.

«Құрастыру». 

Әліппе дәптер.

Дидактикалық материалдар

5

Арба

1

 

Темір конструкторлардың өздері танысқан бөлшектері жайындағы түсініктерін бекіту, жаңа бөлшектерімен таныстыру. Арбаны жасауда дөңгелектерін құрастыру, бұрандалармен бекіту, қозғалмалы бөліктерін құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Конструктормен ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу (ауызға салмау, жоғалтпау т.б.)

«Құрастыру». 

Әліппе дәптер.

Дидактикалық материалдар

6

Көпір түрлері. «Жаяу жүргіншілерге арналған көпір, «Машина жүретін көпір».

1

 

Балалардың құрастыру материалдарымен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. Нақты жағдайларға сәйкес құрастыру іскерліктерін дамыту. Көпірлердің ерекшеліктерін айыра білуге үйрету. Бір – бірімен келісе отырып, көпір құрастыруда баланың шығармашылық пен ойлау қабілетін дамыту.

«Құрастыру». 

Әліппе дәптер.

Дидактикалық материалдар

7

(Ұжымдық жұмыс). Көпір түрлері

«Темір жол үстінен өтетін көпір»,«Өзен үстінен өтетін көпір».

1

 

Құрастыру материалдарынан көпір құрастыру дағдыларын бекіту. Өз іс – әрекетін бір – бірімен келісе отырып жоспарлау. Әртүрлі көпірлердің ерекшеліктеріне сәйкес құрастыру материалдарын қолдана білу арқылы ұжымдық еңбек нәтижесіне жету. Жасаған құрылысты қосымша материалдармен толықтырып безендіру.

«Құрастыру». 

Әліппе дәптер.

Дидактикалық материалдар

8

Үй

1

 

Құрылыс материалдарынан үй құрастыра білуге жаттықтыру. Қажетті құрылыс материалдарын таңдай білуге үйрету. Құрастыру барысында құрылыс материалдарын оның құрылымына, ерекшелігіне сәйкес кеңістікте орналастыра білу дағдыларын қалыптастыру.

«Құрастыру». 

Әліппе дәптер.

Дидактикалық материалдар

9

Көп қабатты үйлер

1

 

Балаларға құрастыру материалдарын дұрыс қолдана білуді үйрету. Әртүрлі құрастыру материалдарын көп қабатты үйлерді құрастыруға қызығушылықтарын арттыру. Үйлерді өз жоспарлары бойынша келісе отырып құрастыра білуге дағдыландыру. Өз жолдастарының еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.

«Құрастыру». 

Әліппе дәптер.

Дидактикалық материалдар

10

(Ұжымдық жұмыс)«Мен тұратын көше»

1

 

Құрастыру материалдарын пайдалану дағдыларын бекіту. Құрылыс материалдарын мақсатқа сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыра білу машықтарына үйрету. Туған ауылы, қаласына сүйіспеншілікпен, құрмет сезімдеріне баулу, тазалыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.

«Құрастыру». 

Әліппе дәптер.

Дидактикалық материалдар

11

Ірі конструктормен жұмыс.

«Көлік түрлері».

1

 

Балаларды үлкен әрі жұмсақ үлгідегі құрастыру материалдарымен таныстыру. Мысалы: «Кемпірқосақ», «Архитектор», «Гномик» т.б. Ұсынылған үлгілермен «құрастыру материалдары» сияқты ойнай білуге үйрету. Ойын барысында өздігінен дербес әрекет етуге, өзінің ынта – ықыласын білдіруге, ойын кеңестігін құра білуге үйрету. Балалардың құрастыра білу қабілеттерін дамыту.

«Құрастыру». 

Әліппе дәптер.

12

Жолаушылар таситын кеме

1

 

Кеме түрлерімен таныстыру. Суреттерге қарап, әскери, жүк таситын және жолаушылар таситын кемелерді салыстыра білуге үйрету. Құрастыру материалдарынан сызба үлгілерге қарай отырып, жолаушылар таситын кеме құрастыра алу дағдыларын қалыптастыру.

«Құрастыру». 

Әліппе дәптер.

Дидактикалық материалдар

13

Жиһаз

1

 

Балалардың киндер – сюрприз қауашақтарынан, қатырма қағаздан, жіптен, қағаз орамдарынан босаған түтікшелерден жиһаздар жасай білу дағдыларын қалыптастыру. Әрбір бала қалауы бойынша жиһаздарды жеке – жеке жасап, еңбек нәтижелерін жинақтағаннан кейін ұжымдық еңбекке ауыстыру. Ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

«Құрастыру». 

Әліппе дәптер.

Дидактикалық материалдар

14

Сіріңке қораптарынан құрастыру.«Керуен».

1

 

Сіріңке қораптарынан түйіні және керуенбасын құрастыруды үйрету. Сіріңке қораптарын пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Қораптарды бір – біріне біріктіру, кигізу, желімдеу ретін көрсетіп, түсіндіру. Жұмыс барысында баланың ой – қиялын дамыту. Ұжымдық еңбек нәтижесінде «Керуен» және керуенбасын құрастыру арқылы еңбекке тәрбиелеу.

«Құрастыру». 

Әліппе дәптер.

Дидактикалық материалдар

15

Әртүрлі қажетсіз заттардан мысық,күшік бейнесін құрастыру.

1

 

Балаларды қажетсіз заттардың формасы мен фактурасын қолдана білуге үйрету. Жануарлар бейнесін басқа материалдарды (түсті қағаз, қатырма қағаз, мата) қосу арқылы құрастыру. Жеке бөліктерді желіммен, ермексазбен біріктіруді үйрету. Балалар шығармашылыған дамыту. Басқаларға қуаныш сыйлай білуге тәрбиелеу.

«Құрастыру». 

Әліппе дәптер.

 

16

Сым темірден жасалған қуыршақтар

1

 

Балаларды сым темірдің сапасымен таныстыру. Жез сым темірлер түрлі түсті, жіңішке, жылтыр, иілгіш келетінін, қайшымен қиюға болатынын түсіндіру. Сым темірлерді таяқшаларға орап, бұранда сым дайындау. Бұранда сымнан қуыршақтың дене бөліктерін құрастырып жасай білуге үйрету.

«Құрастыру». 

Әліппе дәптер.

Дидактикалық материалдар

 

Барлығы

16 сағат

 

 

 

             

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз