Өлең, жыр, ақындар

Күнтізбелік - тақырыптық жоспар. Валеология негіздері

Валеология негіздері

Тақырыптық- күнтізбелік жоспар Қазақстан Республикасыны Білім және Ғылым министрлігі, Жалпы білім беретін мектептің оқу     бағдарламасына,Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына негізделіп жасалды.

«Валеология негіздері» Алматы «Алматыкітап». 2012ж   

 авторы:    М. И. Нусупбекова,       С. А. Сейлғазинова

 

Пәні: Валеология негіздері

Сағат саны: 32 сағат   аптасына 1 сағат         

Түсінік хат

Валеология негіздері – баланың денсаулығын нығайту,  дене бітімінің дамуына көңіл бөлу, қоршаған ортаны жалпы қабылдауда таным үрдісін белсенді дамыту, әлуметтік дағдыларды игеру, адамгершілік – рухани қалыптасуына мән беру.

Балалардың өз денсаулығына, қоршаған ортаға жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, салауатты өмір салтына деген ұмтылысы мен тілегін қалыптастыру.

«Валеололгия негіздерінде ұсынылған тақырыптарды игеру барысында және сабақтағы қарапайым шығармашылық тапсырмаларды орындауға, өзінің көңіл – күй жағдайын түзетуге, айналамен өзара қарым-қатынас құруға үйрету.  

 

 

Валеология негіздері

 

р/с

Іс-әрекеттің  тақырыбы

Сағат

саны

Мерзімі

Мақсаты мен міндеттері

1

Жеке бас тазалығы

2

 

Денсаулық туралы ғылым-«Валеология»жөнінде түсінік беру. Балалардың «Амансың ба?», «Саумысың», «Сәлеметсің бе?» деген сөздердің мағынасы жөнінде білімдерін бекіту. Дәрігер Салауатпен, Әліппе – дәптермен таныстыру.

2

Рахмет саған, жаттығу!

2

 

Ертеңгілік жаттығу жасаудың денсаулыққа пайдасы жөнінде түсіндіру. Бала денсаулығының басты кепілі – дене бітімінің сымбаттылығы, бүкірею,  жалпақтабандылықтың алдын алу туралы мағлұматтар беру. Ағзаны қорғауда мұрынның маңызын түсіндіру.

3

Күн тәртібі

2

 

Балалардың күн тәртібі туралы білімдерін кеңейту. Күн тәртібін жүйелі орындаудың денсаулықты нығайтудағы маңызын түсіндіру. Ұйқының адам денсаулығы үшін маңызы туралы ұғымдарын кеңейту. Ұйқы күн тәртібінің құрамды бөлігі деген түсінік қалыптастыру.

4

Мен кіммін?

2

 

Балаларға адам денесінің құрылысын көрсету. Адамдардың бір – бірінен айырмашылығы болатынын түсіндіру. Балаларды дұрыс қозғалуға, бұлшықетін, буындарын созылудан, сынудан, шығарып алудан сақтануға үйрету. Бұлшықетін, сүйектерін қатайту, іскерлік білімдерін қалыптастыру. Балаларға жүйке және мидың маңызы туралы мәліметтер беру.

5

Мен және мені қоршаған орта

2

 

Балаларға флора және фауна туралы мәлімет беру. Өсімдік және жануарлар әлеміне деген жауапкершілікті,  ұқыптылықты  қарым – қатынасты қалыптастыру. Күн, ауаның барлық тіршілік иелері үшін маңызы туралы түсінік беру.

6

Күн, ауа және су – біздің достарымыз

2

 

Денені шынықтырудың әртүрлі  жолдарымен таныстыру және оның адам денсаулығына тигізер әсері жөнінде мағлұмат беру.

7

Спорт – денсаулық кепілі

2

 

Балаларды  дене шынықтырудың маңызымен таныстыру. Дене тәрбиесі және емдік дене шынықтырудың пайдасын түсіндіру. Жүректің жұмысы туралы мәлімет беру.

8

Тазалықшының кеңестері

2

 

Көзді күтуге, қажет болса көзілдірікті дұрыс пайдалануға үйрету. Балаларды көзілдірік киген үлкен – кішіге адамгершілік қарым – қатынаста болуға тәрбилеу. Адамның есту қабілетінің рөлі және тіс аурулары туралы мәлімет беру.

9

Ұлдар мен қыздар

2

 

Балаларға ұлдар мен қыздардың ұқсастығын және айырмашылығын түсіндіру. Олардың өз құрдастарымен тәрбиелі қарым – қатынастарын қалыптастыру және дамыту. Адамның денсаулығын сақтап, нығайтудағы көңіл – күйдің тигізетін әсері жайлы білімдерін қалыптастыру.

10

Тамақтану мәдениеті

2

 

«Тамақтану» түсінігінің маңызын ашу. Бала денсаулығын нығайтудағы дәрумендердің рөлін көрсету. Ас қорыту ағзалармен таныстыру.

11

Мен және менің отбасым

2

 

Баланың үйдегі орны туралы түсініктерін қалыптастыру: үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, жауапкершілік сезімдерін дамыту. Балаларға үйдегі қауіпсіздік ережелері жөнінде түсінік беру.

12

Көшеде абай бол!

2

 

Жолда жүру ережелері туралы мағлұмат беру. Балалардың жолда жүру тәртіп ережелерін қалыптастыру. Алған білімдерін іс  жүзінде қолдануға қызығушылығын тудыру. Бөтен адамдермен қарым – қатынаста қауіпсіздік тәртібі жөнінде білім беру.

13

Сыпайы бол

2

 

Қоғамдық орында балалардың өзін ұстай білуіне, мейірімді, кішіпейіл, сыпайы болуға тәрбиелеу.

14

Айболит және оның достары

2

 

Әртүрлі ауру түрлерімен және оның пайда болу себептерімен таныстыру. Жұқпалы және тұмау ауруларының алдын алу шараларының маңызын көрсету.

15

Пайдалы кеңестер мен жағымсыз әдеттер

2

 

Салауатты өмір салты туралы түсініктерін бекіту. Ішімдікке және темекі шегуге жағымсыз әсер қалыптастыру.

 

Барлығы

30 сағат

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз