Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сілтеме: математика оқулығының әдістемесі, мұғалімге арналған нұсқаулық
Мақсаты: 1. Оқушыларға есептің әртүрлі тәсілдер арқылы шығару жолдарын меңгерту; 2. Математикалық сөйлеу тілдерін дамыта отырып, ойын, зейіндерін дамыту; 3. Салауатты өмір салтын ұстануға, алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Міндеттері: - қызығушылақтарын ояту арқылы шығармашылықтарын шыңдау;
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, практикалық, шығармашылық, проблемалық,
деңгейлік тапсырмалар, СТО стратегиялары.
Сабақтың көрнекіліктері: сызба, деңгейлік тапсырма, карточкалар
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі –Амандасу
-Тақтадағы сандардың мағынасын табу
2017, 28,50,29-8,2000,17-28
- ендеше, видео көрейік
- балалар, кім біледі, бүгінгі күнгі санақпен Қазақстан құрамасы нешінші орында тұр?
-Бүгінгі сабақты қысқы универсиаданың спорт түрлерімен байланыстыра отырып, қайталау тақырыбын өтеміз.
Жеңіске жеткен оқушыларды медальмен марапаттап отырамын. Сабақтың соңында медаль санына қарай бағалаймын. Сол үшін бәріміз ат салысып, сабаққа қатысып отырайық.
1-Тау-шаңғы спорты – Өтілгенді қайталау
-Тау шаңғы спорты туралы не білеміз?
- Тау-шаңғы спорты бірнеше спорттық дисциплиналардан құралған. Бұл – слалом, алып слалом, супергигант слаломы, шапшаң түсу және таушаңғы қоссайысы.
Оқушылар парта бойынша бір-бірден тұрып көбейту кестесін, формулалар сұрайды.
Мадақтау
2-Шаңғы жарысы – Үй жұмысын тексеру
Шаңғы жарысы – белгілі қашықтықтағы арнайы дайындалған трасса бойынша шаңғымен жарысу спорты.
Шаңғымен жүгірудің негізгі екі түрі бар — «классикалық стиль» және «еркін стиль».
№8-32-бет 1-бағанын бір оқушы, 2-бағанын бір оқушы
3кг = 3000г 400 кг = 4 ц
4ц = 400 кг 2 т = 20 ц
40 ц = 4000 кг 3 т = 3000 кг
5 т = 5000 кг 80 ц = 8 т
7 т = 70 ц 9 ц = 900 кг
800 кг = 8 ц 8 кг = 8000г
Мадақтау
3-Биатлон – Көркем жазу
-Бұл спорт жайлы не білеміз?
-Биатлон шаңғы сайысы мен мылтықтан оқ атуды құрайтын олимпиадалық спорт түрі. Бастапқыда биатлон “әскери патрульдердің жарысы” деп аталды.
- Жеңіске жету үшін, бүгінгі күнді жазып, көркем жазу тапсырмасын орындаймыз.
- қалай жазамыз? – әдемі, дәптерді көлденеңінен қойып жазамыз. Цифрлар тор көздің оң жағында оңға қарай шалқаяды.
1234 1234 1234 1234 1234
Мадақтау
4-Мәнерлеп сырғанау – Оқулықпен жұмыс
Оқулықпен жұмыс
Есеп 1 оқу, үш оқушы оқиды. 1 оқушы тақтада шығарады.
Оқулық – 5 к – 6 б ? к
Әдеби к. – 5 к – 4 б
Ш: 5 * 6 + 5 * 4 = 50 (к) н/е 5 * ( 6+ 4 ) = 50 (к)
Жауабы: барлығы 50 кітап әкелінді.
5- Шорт-трек – Ойлан – жұптас - бөліс
Шорт-трек – хоккей алаңының ішінде жарыс қашықтығын максималды жылдам бағындыруға бағытталған конькимен жылдамдыққа жүгірудің бір түрі.
Геометриялық тапсырма-3
Әр қатардан бір оқушыдан берілгенін оқу. Жалғыз орындау 1 мин, жұппен,1 мин, топпен 3 мин
а=8см Шешуі: 8см:4=2 (см) ені
b-?, 4 есе кем Р= (а+b) * 2 Р=(8см+2см)*2 Р=20см
Р-? S=а*b S=8cм*2см S=16cм2
S-? Жауабы: ені – 2см, периметрі – 20см, ауданы – 16см2
Мадақтау
6-Кёрлинг – Сергіту – Топтық ойындар
-Бұл ойын жайлы не білесіздер?
Кёрлинг – мұз алаңда өткізілетін командалық ойын.
Алғаш рет керлинг XVI ғасырда Шотландияда пайда болды. XIX ғасырда керлингтің бірнеше түрі шықты: шотландиялық, немістік және швейцариялық.
3топқа постер таратылады.
Мадақтау
7-Сноуборд – Екі жұлдыз бір тілек
Сноуборд – қысқы спорт түрі. Хафпайптарда немесе қарлы бөктер бойымен ылдиға қарай шапшаң сырғанаудан тұрады.
Топтар жұмыстарымен алмасады. Екі жұлдыз, бір тілек әдісімен бағалайды, постерды қайтарады. Әр топ өз жұмысын талдайды.
Үлгерімі төмен 4 оқушыға №4 кесте беру – толтыру
а |
0 |
10 |
20 |
30 |
40 |
50 |
60 |
70 |
80 |
90 |
100 |
а+7 |
7 |
17 |
27 |
37 |
47 |
57 |
67 |
77 |
87 |
97 |
107 |
Мадақтау
9-Фристайл – Дарынды оқушыларға арналған тапсырма
Фристайл – Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген шаңғы спортының түрі. Фристайл бес дисциплинадан тұрады : шаңғы акробатикасы, могул, ски-кросс, халф-пайп, слоуп-стайл.
-Кеспе парақшалардағы тапсырмаларды орындау.
10- Шаңғымен трамплиннен секіру – Шығармашылық диктант
-Бұл спорт туралы не білесіздер?
Шаңғымен трамплиннен секіру – арнайы жабдықталған тұғырдан шаңғымен секіруге негізделген қысқы спорт түрі. Трамплиннен шаңғымен секіру қысқы және жазғы кезеңдерде өтеді.
800, 808, 888сандарды жүздіктердің, ондықтардың және бірліктердің қосындысы түрінде жазып көрсет.
3-оқушыға оқыту.
Мадақтау
11- Конькимен жүгіру спорты Ауызша жұмыс
-Бұл спорт туралы не білісіндер?
Конькимен жүгіру спорты- мұзда шапшаң қимылдап, жүгіруді талап ететін спорт түрі.
№6 суреттерді пайдаланып салыстыру.
Бөлшектерді салыстыру.
Қорытынды
12- Шаңғы қоссайысы - «Иә, жоқ» ойыны (резерв)
Шаңғы қоссайысы екі дисциплинадан тұрады: трамплиннен тұғырдан секіру және шаңғы сайысы. Сондай-ақ солтүстік комбинация деген атауы бар.
Дұрыс жауапқа иә, бұрыс болса жоқ деп хормен жауап беру.
1. Тік төртбұрыштың периметрін табу үшін ұзындығын еніне көбейтеміз.
2. Масса өлшем бірлігі см, дм, м
3. Шаршының периметрін табу үшін барлық қабырғаларын көбейтеміз.
4. 50 саны тең 25- тің 2-ге көбейтіндісіне
5. 20 саны 5-тен 4 есе артық.
6. Кез келген санды 0-ге көбейткенде нөл шығады.
7. Көбейткіштердің орны ауысқанымен мәні өзгермейді.
8. 800 тең 8 бен 10 санының көбейтіндісіне .
9. Қалдық бөлгіштен кіші болады.
Үйге тапсырма:
1-қатарға – Есеп 2 33-бет
2-қатарға – Мысал 7 33-бет
3-қатарға – Логикалық тапсырма 34-бет
Түсіндіріп өту.
Бағалау
Оқушылардың жинаған медальдарына сай бағалау
Балым
Жақсы
Назгүл
Бұл қай сабақ?