Өлең, жыр, ақындар

«Бұзау» өлеңі Көмек Ыбырайұлы

Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№35 «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі
Сражанова Роза Сарсеновна

 

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Бұзау» өлеңі Көмек Ыбырайұлы

Мақсаты: Балаларды шығарманың мазмұнымен таныстыру, жаңа сөздерді түсіндіру, есте сақтауға үйрету, сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағының көркемдігін қалыптастыру.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Балаларды бұзаумен таныстыру (сурет, ойыншық), әңгіме жүргізу.

Көрнекі құралдар: Бұзаудың суреті, тақырыпқа сай көрнекіліктер.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері.

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.

Сәлем деймін күнге мен,
Сәлем деймін мен саған.
Сәлем деймін апайға,
Сәлем деймін достарға.

 

Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын айтады, қимылмен көрсетеді.

Ұйымдастыру-

іздестіру

Көмек Ыбырайұлының «Бұзау» өлеңін оқып беремін, мұқият тыңдаймыз.

Бұзауым бұзық,
«Мінезі» қызық!
Маңдай күйді,
Қазанды сүзіп!

Өлеңнің мазмұнын түсіндіру.

Сұрақтар:

-    Бұзау қалай дыбыстайды?
-    Бұзау ненің төлі?
-    Өлең не туралы?
-    Бұзаудың мінезі қандай?
-    Ал бұзық мінезді болуға бола ма?
-    Бұзаудың маңдайы неге күйді?

Сергіту сәті

Қоян шықты далаға,
Жан-жағына қарады.
Жүгірді, секірді.
Орнына келіп отырды.

«Бұзау» өлеңін 2 рет оқу.

- Өлеңді бәріміз бірге қайталайықшы

«Бұзауым бұзық, мінезі қызық»

3-4 балаға жеке қайталату.

Барлық топқа қайталату.

 

Өлеңді жалғастырамыз.

«Маңдай күйді, қазанды сүзіп»

3-4 балаға жеке қайталату.

Барлық топқа қайталату.

 

- Балалар, мен өлеңді тағы бір рет оқып беремін, ал сендер мұқият тыңдаңдар.

Бұзауым бұзық,
«Мінезі» қызық!
Маңдай күйді,
Қазанды сүзіп!

Өлеңді 3-4 балаға айтқызу.

Балалар бұзау туралы өлеңді тыңдайды.

 

-    Бұзау мөңірейді.
-    Бұзау – сиырдың төлі.
-    Өлең бұзау туралы.
-    Мінезі бұзық.
-    Жоқ, болмайды.
-    Қазанды сүзді.

Өлең мазмұнына сәйкес қимыл жасайды.

 

 

 

 

 

3-4 бала қайталап айтады.

Барлық балалар қайталап айтады.

 

 

3-4 бала қайталап айтады.

Барлық балалар қайталап айтады.

 

 

 

 

 

 

3-4 бала өлеңді айтады.

Рефлексті

түзетушілік

Оқу қызметін қорытындылау.

- «Бұзау» өлеңі не туралы?

- Бұзау қандай?

- Неліктен бұзаудың маңдайы күйді?

- Өлең бұзау туралы.

- Бұзау бұзық.

- Бұзау қазанды сүзгендіктен маңдайы күйді.

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы;

Болуы керек: Үй жануарларына қамқорлық жасайтын;

Баланың қолынан келуі керек: Өлеңнің мазмұнын түсініп, жатқа айта алуы керек.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз