Өлең, жыр, ақындар

«Біздің балабақшада» сурет бойынша әңгімелеу

Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№35 «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі
Кадирова Мақпал Нұрсултановна

 

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Біздің балабақшада» сурет бойынша әңгімелеу.

Мақсаты: Балаларды сурет бойынша әңгімелеуге үйрету. Балабақша туралы жақсы ұғымдар қалыптастыру. Бір-біріне деген сыйластық, достық қарым-қатынасқа үйрету.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Балабақшаға саяхат жасау.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап,мадақтау.

Көрнекі құралдар: балабақша туралы суреттер, ойыншықтар.

Әрекет кезеңдері

        Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық-  қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі:

Е. Өтетілеуовтің «Бала, бала, баламыз» өлеңімен тәрбиеші сабақты бастайды:

Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа,
Батамыз да қаламыз.

 

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Іздену - ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Біздің сүйікті балабақшамыз» суретін қарап, балаларға сурет желісі бойынша әңгімелеу. Біздің балабақшада әр түрлі маман иегерлері бар. Әр топта әр түрлі ойын бұрыштары бар.

Сұрақтар беру.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды соғамыз,  
Бір отырып,бір тұрып,
Біз шынығып аламыз.
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр,
Алға қарай бір адым,
Арқа қарай бір адым.
Жоғары-төмен қараймыз,
Орнымызды табамыз!

Дидактикалық ойын: «Балабақша неге үйретеді?»

Мақсаты: Балалардың балабақша туралы білімдерін кеңейту.

Балабақша туралы жақсы ұғымдар қалыптастыру. Бір-біріне деген сыйластық, достық қарым-қатынасқа үйрету. Балалар шеңбер бойымен тұрып, өлең жолында жақсы қасиеттер аталғанда, алға бір қадам жасайды, қуанышын білдіріп қол соғады.

Шарты: Доп лақтыру арқылы «Балабақша неге үйретеді?» сұрағына жауап беру.

Мысалы: «Би үйретеді», т.б

Балалар суретке қарап, әңгімелейді, сұрақтарға жауап береді.

Балалар сергіту сәтін қимылмен көрсету арқылы орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар допты қағып алып, тәрбиешінің сұрағына жауап береді. Ойын осылай жалғаса береді.

 

 

 

 

 

Рефлексті -             Коррекцялаушы

Тәрбиеші оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.

Балалар сұраққа жауап береді.

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Сұраққа жауап бере білуі керек.

Болуы керек: Бір-біріне деген сыйластық, достық қарым-қатынаста болуды игереді.

Қолынан келуі керек: Балаларды сурет бойынша әңгімелей білді.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз