Өлең, жыр, ақындар

Есеп (неше жас кіші?)

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы
Тұщықұдық ауылы
Сәттіғұл Жаңғабылов атындағы орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі: Бектұрғанова Гүлзира Нұрсайынқызы

Сабақтың тақырыбы: Есеп (неше жас кіші?)

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға 10-ға дейінгі сандарды қосу мен азайтудың кестелік жағдайларындағы есептеу дағдыларын, айырмалық салыстыруға және бірнеше бірлік артық санды табуға берілген есептерді шығаруға үйрету. Оқушыларды есептің шартын, сұрағын  ажыратуға үйрету, шешуін, жауабын жаза білуге дағдыландыру.

2. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, танымдылық қабілетін арттыру. Ойша, ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі:аралас сабақ,жаңа білімді игеру сабағы, оқу материалын бекіту сабағы, қайталау сабағы, материалды қорытындылау сабағы және жүйелеу сабағы, бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:
 
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Оқушылармен сәлемдесу.
2) Оқушыларды түгендеу.
3) Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.

Психологиялық дайындық.

Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы күн, балалар!
Қайырлы күн, қонақтар!

Сынып оқушыларын топқа бөлу. 

І топ. «Алғырлар»

ІІ топ. «Тапқырлар»

ІІІ топ. «Жүйріктер»

ІІ. «Қайталау - білім анасы»

ІІІ. Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру

 

Ыдыста 10қызанақ және одан 4-еуі кем қияр бар. Ыдыста неше қияр бар?

Қызанақ-10

Қияр-?, 4-еуі кем

Шешуі: 10-4=6

Жауабы: 6 қияр бар

(Ауызша орындалатын тапсырма). 

IV. «Жаңа білім – ой негізі»

 

 

І-бөлім «Көкпар» ойыны 
Көкпар – ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы «көк бөрте» (лақ) сөзінен шыққан. Оған 1 жасқа толған серкенің семізі (ешкінің малы) таңдалған. Семіз серкенің терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 20-30 келідей болады. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан, Көкпарға тартпайды. Екі топқа 10 адамнан бөлінеді. Бұл ойын жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін қалыптастырады. Көкпар ойыны- аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін сынайтын спорт.

V.Оқулықпен  жұмыс

1-тапсырма

Отбасы туралы, оның мүшелері туралы қысқаша әңгіме.
– 1- тапсырмадағы есепке назар аудартып, талдап, шығарту.


– Берілген есепті оқып,  талдау жүргізу.
– Есеп кім туралы? (ағасы мен інісі)
– Ағасы неше жаста? (10  жаста)
– Інісі неше жаста? (3 жаста)
– Нені табу керек? Қай амалмен орындаймыз?

Інісі ағасынан неше жас кіші?

– Шешуін дәптерде орындату.

Ағасы-10ж

Інісі-3ж         ? жас кіші

Шешуі:  10 – 3  ═7 (жас  кіші)

Жауабы: 7 жас кіші

Ә). Кері  есепті  шығарту.
- Ағсаы  неше  жаста?  (10 жаста)

Ал, інісі ағасынан неше жас кіші?  (7жас үлкен)
–Інісі  неше  жаста?  (3 жаста)

Ағасы-10ж

Інісі - ?, 7 жас кіші

Шешуі:  10-3═7 (жас )
Жауабын: 7 жаста.

ІІ-бөлім «Теңге алу» ойыны 

Ол қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Ол тегіс жерде өткізіледі. Ойынға жасы 18-ден асқан адамдар ғана қатысады. Ойыншылар мықты ерттелген атқа мініп, 30-40 метрдей жерден шауып бара жатып, ақ киіздің үстінде жатқан тиынды немесе ақ шүберекке түйілген тиынды ат үстінен еңкейіп көтеріп әкеткен адам жеңімпаз атанып, жүлде алады. Ойыншылар атқа кезек мініп немесе бірнеше атпен (әркім өз атымен) көп ойынға қатынаса береді. Алғашқы адам тиынды іліп кетсе, оның орнына тағы да тиын салынады.

•  Қосу амалының компоненттерін  еске түсіру.
•  Ереже: қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.

Азайту амалының компоненттерін еске түсіру

 

2- тапсырмада

Азайғышы мен азайтқышы тең болатын айырмаларды жаз. Мәндерін тап. Не байқадың?

І топ             ІІ топ            ІІІ топ

1-1= 0           3-3= 0             5-5 =0           

2-2= 0           4-4 =0             6-6 =0 

VІ. Сергіту сәті «Мен қазақпын»

ІІІ-бөлім «Аламан бәйге» ойыны 
Аламан бәйге – көшпелі қазақ халқының үлкен жиын, салтанатты тойда, мерекелерде, аста өткізілетін дәстүрлі ат спортының бірі, ең ірі ат жарысы.

Құлагер, Ақбақай, Маңмаңгер, Тайбурыл сияқты сәйгүліктерді ән-жырға қосқан. Ат шабатын жолда кесіп өтетін су, көл, жыра мен жар болады. Жүлде қоры мол болады. Жүлдеге үйір-үйір жылқы, қора-қора қой берген.

4-тапсырма. Мысалдарды шығар:

І топ               ІІ топ            ІІІ топ

4+2+3             5+4+1            10+0-7

7-5+1              9-6-2              4-3+8

VІІ. Шығармашылық жұмыс

Сол жақтағы қандай қоянның көлеңкесі?

VІІІ. Рефлексия. –Бүгінгі  сабақта  не  үйрендіңдер?
ІX . Үйге тапсырма:

3-тапсырма

X. Оқушыларды бағалау, ең көп ұпай жинаған топты мадақтау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз