Өлең, жыр, ақындар

Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға ауызша көбейту

№39 «Қызылөзек» орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Хасанова Дариха Маликовна 

 

Тақырыбы: Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға ауызша көбейту

Мақсаты:

Білімділік: тақырыпты меңгерту барысында екі таңбалы сандарды разрядтарға жіктей отырып, бір таңбалы санға ауызша көбейте білуге машықтандыру.

Дамытушылық: тез есептеуге дағдыландыру. Ой–өрістерін дамытып, сабаққа қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: ананы құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

Түрі: саяхат сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, өз бетімен жұмыс, топтық жұмыс.

Көрнекілігі: суреттер, ойын элементтері.

І. Ұйымдастыру бөлімі.

- Әрқашан күн сөнбесін!
Аспаннан бұлт төнбесін!
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман. (әннің 4 жолын хормен орындату)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (үй жұмысы дәптерлерін жинап алу)

ІІІ. Өткенді пысықтау.

- «Күн көзін бұлт баспасын!»  атты ойын ойнату.

Шарты: күн көзін бұлттардан арылту. Ол үшін тапсырмалар орындау.

1)  «Сен маған, мен саған» ойыны. Бір-біріне көбейту кестесінен тапсырмалар беру.
2)  Сұрақ-жауап:

- Көбейту амалындағы сандар мен нәтиженің атауы (көбейткіш, көбейткіш, көбейтіндінің мәні)
- Бөлу амалындағы сандар мен нәтиженің атауы (бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні)
- Көбейтудің қасиеттері (ауыстырымдылық, терімділік, қосуға қатысты үлестірімділік)
- Көбейтуге кері амал (бөлу)

3) Тест. Оқушылар қолдарындағы тиісті жауап жазылған (а,ә) көрсеткішті көрсетеді.

1. Санды нөлге көбейтсе, неше шығады?
а) 0                               ә) сан

2. Санды 1-ге көбейтсе, неше шығады?
а) сол санның өзі        ә) 1

3.  9 жүздік  9 ондық  0 бірліктен тұратын сан.
а) 909                           ә) 990

4. Саны – 5, құны – 50тг, бағасы қанша?
а) 250тг                          ә) 10тг

ІІІ. Жаңа сабақ

Күн көзі ашылды,
Жерге шуақ шашылды.
Ендеше қалам алайық,
Әдемілеп жазайық!

1. Дәптермен жұмыс. (күннің жады, тақырып)

2. Ойын: «Пойыз құрастыру».

Шарты: мұғалім үн-түнсіз вагондарды біртіндеп жалғастыра, пойыз құрастырады. Оқушылар вагондарға жазылған жазуларды түсіндіріп беруі тиіс.

-  Екі таңбалы санды разрядтық бірліктерге жіктеп,жеке-жеке бір таңбалы санға көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосамыз.

3. Шығармашылық тапсырма:

Шыққан саннан ең кіші екі таңбалы санды азайтыңдар. Сосын ең үлкен бір таңбалы санға бөліңдер. Неше шықты? (8)

4. Әңгімелесу:
- 8 саны туралы не айтуға болады, жақын арада қандай мерекені атап өтпекшіміз?
- 8-наурыз мерекесіне анамызға қандай сыйлық әзірлеп жатырмыз?
- Аналарымызды алыс шетелге қыдыртқыларың келе ме?

Олай болса, бүгінгі сабағымызда соған мүмкіндік туып тұр. Армандап, ойын ретінде аналарымызды қыдыртып қайтайық. Пойызымыз дайын.

5. Пойызға билет сатып алу. №3 тапсырма.

6. Аялдама: «Кипр аквапаркі»

 

№6 есеп. (1)

 

1 билет  -  15 фунт               Шешуі: 90 : 15 = 6

? билет  -  90 фунт               Жауабы: 6 билет.

7. Аялдама: «Болғар дәмханасы»

№6 есеп. (2)

5 коктейль   -  60 лев              Шешуі: 60 : 5 = 12

1 коктейль   -  ?  лев               Жауабы: 12 лев.

8. Тік ұшаққа билет алу. №4 Теңдеуді шешу.

9. Аялдама: «Англия дукені»

№7 есеп.

Шешуі: 48 : 4 ∙10 = 120

Жауабы: 120 пенс.

10. Кемеге билет алу. №5 (ауызша)

482 см * 49 дм  (‹)               1 ц 35 кг * 200 кг  (‹)          5 м 6 дм * 506 дм  (=)

11. Аялдама: «Израиль дүкені»

№9 есеп.

1 торт - ?, 6-дан 1 бөлігі – 15 шекель          Шешуі: 15∙6= 90    90∙2 = 180

2 торт - ? Жауабы: 180 шекель

12. Ұшақпен қайту. Шығармашылық есеп. (Графикалық түрде шығарылатын есеп)

13. Автобусқа билет алу. Перфокартамен жұмыс.

Өз бетімен жұмыс.№12

ІҮ. Қорытындылау.

14. Автобус бетіндегі жазуды оқыту. Мағынасын сұрау:
- Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызын өтей алмайсың...
(«Анашым» әні орындалып тұрады.)

Ү. Бағалау.

- Бүгінгі сабағымызда әр түрлі елдердің ақшасымен таныстық. Ал өз еліміздің төл ақшамыз, валютамыз қалай аталады?

- Ендеше қолымыздағы теңгені есептейік. Кім көп жинаса, жақсы бағалар алады.

ҮІ. Үйге тапсырма:

- Теңге жөніндеберілген №8 есепті және №3 мысалды үйге орындауға аламыз. (223- бет)


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз