Өлең, жыр, ақындар

Кері есептер. Санға 4-ті қосу және азайту

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№12 бастауыш мектеп
Тинева Гулден Бияловна

Сабақтың мақсаты: Кері есептер ұғымы туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру. Логикалық ой-өрісін, тез есептеу, есте сақтау қабілетін  арттыру арқылы математикалық тілде сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

 

Татулыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Слайдтар, үлестірмелі карточка, жеке парақшалар.

Түрі: Білімді тиянақтау.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру. Психологиялық сәт.

Үй тапсырмасын тексеру. №4 115-бет

«Ой қызықтыру» кезеңі. Геометриялық фигураларды танып, қасиетін айту.

Ойын: «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал»

1. 1 дм-де неше см бар?
2. Қосу амалының компоненттерін ата.
3. Азайту амалының компоненттері ата.
4. Ең кіші бір таңбалы сан?
5. Ең үлкен бір таңбалы сан?
6. Мен бір сан ойладым, оған 2-ні қостым.8 шықты. Мен қандай сан ойладым?
7. Санға 1-ді қосқанда қандай сан шығады?
8. Саннан 1-ді азайтқанда қандай сан шығады?

«Топтастыру» (4-санына байланысты не білеміз?)

Оқулықпен жұмыс.

№1 Есептерді салыстыру және шығару. Осы есепке кері есеп құрастыру.

Алма-5                                                                                 Алмұрт-9

Алмұрт-? 4-еуі артық                                                            Алма-? 4-еуі кем

Шешуі: 5+4=9                                                                       Шешуі: 9-4=5

Жауабы: 9 Алма                                                                   Жауабы: 5 Алма

Ойын: «Кім алғыр?». Жұптық жұмыс.

№2  Тура теңсіздіктерті бір бағанға, ал тура еместерін екінші бағанға жазу. Тура емес теңсіздіктерді тура теңсіздіктермен алмастыру.

Сергіту сәті: Электрондық оқулық «Көңілді күн»

 

Ойын: «Тапқыр бала»

 №3  4, 7, 3 сандарын пайдаланып төрт тура теңдік құрастыру    

Ереже: Қосылғыштардың орны ауысқаннан қосынды мәні өзгермейді.

«Дымбілместің» тапсырмасы:

Тақтадан көрсету: Кесінді, сәуле, түзу.

«Венн» диаграммасы: Айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде?

«Балдырғанның» тапсырмасы:

Балдырған 9 см кесінді сызды. Бұл сенің кесіндіңнен 2 см ұзын. Сен өз кесіндіңді сыз.

Логикалық тапсырма: 

1-қатар     3+4<2 * *

2-қатар    9-2>8*1

3-қатар    7+2> 9**

Бекіту. 1.Сабақ сендерге ұнады ма? 2. Қандай тапсырмалар орындалды?

«БББ». Кестемен жұмыс:

 Білемін?

Білдім?

Білгім келеді?

Санды өрнек

Кері есеп

 

Әріпті өрнек

 

 

Салыстыру

 

 

Үйге тапсырма: Мына 10, 4, 6 сандарын пайдаланып тура теңдіктер құрастыру.

Ойын-жаттығу: «Шын жүректен». Оқушылар  сабақтан алған әсерін айтады. Тақтадан әр түсті жұлдызшаларды таңдап алып, өзі қалаған досына жақсы тілек білдіріп сыйлайды.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз