Өлең, жыр, ақындар

Топырақ

ОҚО, Ордабасы ауданы
«Ынтымақ» жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі: Исанова Жанат

Тақырыбы: Топырақ

Мақсаты:
Білімділік: топырақ түрлерімен, қара шіріктің пайда болуы жолдарымен таныстыру.                                       

Дамытушылық: өз жерлерінің топырақ түрлерін анықтап,топырақ түрлерінің су өткізгіштік қасиетін анықтау арқылы қандай топырақтың өсімдік өсуге қолайлығы туралы түсінік беру. Адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып топырағын пайдаланып отырған  табиғат ананы қорғап, аялауға үйрету.       

Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, патриоттыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: тәжірибелі, жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: ана тілі
Сабақта қолданған әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап.
Сабақта пайдаланған көрнекіліктер: тәжірибе жасауға қажет заттар, физикалық карта, суреттер, слайд.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

Бағдаршам түстерімен топқа бөлу              

Психологиялық  дайындық:

Әр ертеңгі күнге сенімділікпен қарау қажет, сонда ғана адамның алдына қойған мақсаты мен тілегі орындалады. Ол үшін адам өз бойындағы жақсы қасиеттерін аша білу керек.
Мен мектептемін,

Мен оқуға келдім.
Мен сабақта отырмын,
Менің оқығым келеді.
Мен мұғалімді зейін қойып тыңдаймын,
Мен жақсы оқимын.
Менің  оқу міндетім.

Үй тапсырмасын тексеру:
1. Суға байланысты жазған шығармасын, мақал-мәтелді, жұмбақтарын оқыту.
2. Судың қасиеттері жайлы, оларды қалай байқауға болатыны туралы жеке-жеке мысалмен дәлелдету арқылы сұрап өту.
Сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақ тақырыбы шығады

(Топырақ)

Жаңа сабақ.
Ой қозғау:

- Балалар осы топырақ дегеніміз не?
 Оқушылардың  ойын тыңдау
Қортынды шығару.
Мұғалім түсіндіруі:
Топырақ дегеніміз - жердің бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабаты.
Яғни, топырақ құрамына өсімдіктердің, жан - жануарлардың, қалдықтарының араласуы арқылы пайда болады.

Топырақ - құнарлы топырақ, құнарсыз болады екен.
Құнарлы топырақ арқылы еліміздің ауыл шаруашылығы өсіп өркендейді.
Кітаппен жұмыс.

Іштей  оқу

Топтар  бөліп  оқиды
Тәжірибелік жұмысқа дейінгі бөлікті оқыту.
Ақ қағазға топырақ салып анықтап қарату.
Не көріп тұрғанын, не бар екенін сұрау?
- Топырақ құрамын мұнан әрі анықтау үшін тәжірибе жасайық?

Дәптермен жұмыс.
Топырақ құрамын жазғызу.
Сабақты бекіту.
«Ой қозғау»

Қорытындылау:

Бағалау.
Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз