Өлең, жыр, ақындар

Түбір мен қосымшаның жазылуы

ОҚО, Ордабасы ауданы
«Ынтымақ» жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі: Жумалиева Зауре

Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Түбір мен қосымшаның жазылуы туралы білімдерін тереңдету. Кейбір түбірлердің соңғы әріптерінің өзгеруін түсіндіру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды сауатты жаза білуге, ынталы болуға, ой-өрісін жетілдіруге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың түбір мен қосымша жайлы білімдерін сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс–тәсілі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс. Ұшқыр–ой,  ұжымдық талдау, ой қорыту, танымдық ойындар, түсіндіру.

Көрнекілігі: тақта, сурет, слайд, кеспе қағаз.

Пән аралық байланысы: Математика,  дүниетану,  әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушыларды түгелдеу, зейінін сабаққа аудару.
ә) Оқу құралдарын дайындау.
б) Психологиялық  дайындық
в) Топқа бөлу
г) Үй тапсырмасын пысықтау

Топқа бөлу

Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпен біз.

“Ұшқыр – ой” ойыны

1. Түбір дегеніміз не?
2. Қосымша дегеніміз не?
3. Жұрнақ қадлай жасалады?
4. Жалғау қалай жасалады?
5. Туынды сөз дегеніміз не?
6. Түбірлес сөз дегеніміз не?

74 - жаттығу

Мойны - мойын
Аузы  - ауыз
Бөркі - бөрік
Көркі - көрік

Жаңа сабақ

“Ой қозғау”

“Түбір мен қосымшаның жазылуы”

76 - жаттығу

Берілген сөздерді қатыстыру арқылы сөйлем құрап жаз.

І топ
сеуіп

ІІ топ
кеуіп

ІІІ топ
тауып

Сергіту сәті

Әр күніміз ашық болсын!
Жүзіміз де жарқын болсын!
Талабымыз таудай болып,
Сарқылмайтын білім болсын!

77 - жаттығу

Топтық жұмыс

І топ
Қарамен жазылған сөздердің түбірі қай сөз?
Тауып, таба

ІІ топ
Мына сөздерді сөз құрамына талда.
Жасырынбақ, ойнады, қорадағы, сандықтың.

ІІІ топ
Мәтінге ат қой.
Мәтінді әрі қарай жалғастыр.

78 - жаттығу

Қарағайдың дәрілік қасиеттері бар. Оның бүршіктері ерте замандардан бастап әртүрлі ауруларды емдеуге  пайдаланылған.

Қарағай ормандары хош иісті келеді. Ондағы ауа адам организмі үшін өте пайдалы. Сондықтан демалыс үйлері мен лагерьлер қарағайлы алқапқа салынады.

Қорытынды:

“Талаптан, тауып көр”

І топ
“Мерейлі бол, Динажан” Мен кек күйшісі Құрманғазымын.

ІІ топ
Ол  Алматы мен Мәскеудің көркемсурет студияларындағы атақты суретшілерден сабақ алды.

ІІІ топ
Қазақстан қара алтынға бай мемлекет. Онда мұнайшылар жұмыс істейді

Бағалау.

Үйге тапсырма:

80 – жаттығу.

Кері байланыс.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз