ШҚО, Аякөз ауданы, Бозай ауылы
«Сергиополь жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Слямбекова Каламкас Слямбековна
Сабақтың тақырыбы: «Әліппемен аштық білім есігін, Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін!»
Мақсаты:
1. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерінің тәрбиелік мәнін ашу.
2. Әр оқушының іс-ірекеттері арқылы икемділігін,қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, өз өнерлерін ата-аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу.
3. Өзін-өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Ертеңгіліктің барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Ертеңгілікті ашу. Музыка ойнап тұрады.
Әнұран орындалады.
Илхан: Армысыздар, аналар!
Бармысыздар, балалар!
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз
Ботакөз: Білім берген, саясы мол
Ұстаздарым, армысың!
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр әніміз
Батырхан: Іңкәр,сен білесің бе, Әліппеге жұрттың ықыласы ерекше, оны ата-ана баласымен бірге оқиды, бітірген соң қошеметтеп қимай қоштасады, құрмет тұтады.
Іңкәр: Әрине, Батырхан басқа кітаптардың да өз орны бар, оларда бізге керек. Бірақ, Әліппенің орны ерекше, жасы кіші болса да, Әліппенің үйреткенін адам өмір бойы азық қылады.
Илхан: Міне, бүгін біз барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі – Әліппені бітіріп отырмыз.
Ботакөз: Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танып, сауатымызды ашқан біздің жақын досымыз – Әліппемен қоштасамыз.
Батырхан: Сонымен «Әліппемен аштық білім есігін, Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Іңкәр: Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл ойларың
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың
Мөлдір: «Әліппе»-әлемдегі бар ғылымның тұнық бастауы. Ақын Мұзафар Әлімбаев «Әліппе» туралы былай жырлаған екен:
Жеміске құты тола ма?
Бір-бірлеп теріп алмасаң,
Әп-сәтте шыға қоя ма?
Еккен дәнің ойласаң!
Білім де солай қарағым,
Біртіндеп сіңер ойыңа,
Ұғып ал: білім боларын
Шам-шырағың жолыңда,
Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том-том қалың кітаптың
Басы болар Әліппең!
Илхан: -Ботакөз,а лғаш қолымызға гүл алып мектеп табалдырығын аттағалы 4 ай уақыт өтіпті. Осы уақыттың ішінде біз 42 әріпті үйреніп, енді өзіміз оқып та, жаза да білеміз.
Ботакөз: Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр-әніміз.
Батырхан: Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Бірге: Болашаққа жол ашар,
Ол сүйікті Әліппе!
Іңкәр: Илхан, Ботакөз, Батырхан! Біздің достарымыз Әліппе тойына ерекше дайындықпен келіпті. Бірақ менің көңілім бір түрлі ортайып тұр.
Илхан: Іңкәр, неге? Не себепті? Бүгін біз достарымыздың көңіл-күйі ерекше, өйткені бүгін бізде ерекше күн емес пе?
Іңкәр: Себебі, біздің ортамызда Әліппе жоқ.
Ботакөз: А-а-а! Олай болса бүгінгі тойымыздың ең басты кейіпкері «Әліппені» зор құрметпен ортаға шақырамыз.
Барлығы: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Ортаға: Әліппе шығады.
Әліппе: Армысыңдар, жас достар,
Армысыздар,ата-ана
Болашаққа жол бастар
Әліппеңіз мен болам
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден!
Батырхан: Әліппе, сіз біздің құрметті қонағымыз болыңыз!
Оқушылардың не үйренгенін тамашалаңыз.
Аружан: Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік, әріп те
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны Әліппе!
Іңкәр: Батырхан, енді мен сондай қуаныштымын. Біз бүгін үлкен бір асудан астық.
Әліппені аяқтадық.
Илхан: Дұрыс айтасың, Іңкәр, ал менің жүрегіме қуаныш пен бірге сүйікті кітабымыз Әліппеге деген қимастық та бар.
Әнел: Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,
Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен.
Хор: «Рахмет, саған Әліппе!» әнін қабыл алыңыздар!
Ботакөз: Ал,енді есімізге түсірейікші осы Әліппенің алғашқы бетінде қандай алғы сөз жазылған еді? Оны кім жазған еді?
Аяулым: «Айналайын!» Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Батырхан: Әліппе бізді білімнің ғажайып әлеміне жетелеген ақылшымыз. Қоршаған ортамен таныстырды, ұнамды мінез-құлыққа тәрбиеледі. Елімізді, жерімізді сүюге үйретті.
Іңкәр: Балалар, алғаш Әліппенің атасы кім?
Әнел: Ахмет Байтұрсынов атамыз.
Илхан: Балалар, ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім?
Даниал: Ыбырай Алтынсарин атамыз
Ботакөз: Ыбырай атамыздың қандай өлеңін білеміз?
Диас: Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар!
Батырхан: Қазақтың ұлы ақыны кім?
Абай атамыз қандай өсиет айтқан?
Бекарыс: Абай Құнанбаев атамыз.
5 асыл іс: Талап, еңбек, терең ой,қ анағат, рақым ойлап қой.
5 дұшпаның білсеңіз: Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.
Іңкәр: Олай болса ол кісілердің рухына бас иіп, өсиеттерін әр кез есте ұстайық!
Бақжан: Әліппем, менің әліппем!
А деген бастап әріптен
Сөз құрап жаза бастадым
Тақылдап таңба танып мен.
Осылай алға аттадым
Әр әріпті жаттадым
Жаттаған сайын әріпті
Сөз құрап жаза бастадым.
Илхан: «Испан биі» ортаға Айым, Мөлдір, Әнел деген биші қыздарымызды шақырайық.
Ерсұлтан: Әліппе даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған,
Рахмет, ұстаз алғашқы.
Ботакөз: Өкпелесек жұбататын
Батырхан: Бізбен бірге мұңаятын
Іңкәр: Сабақ айтсақ риза болып
Илхан: Бізбен бірге қуанатын кім?
Хормен: «Ұстаздар» деп білеміз.
Ботакөз: Достар, ұстаздарымыз бізді қандай оқушы болуға тәрбиеледі?
Балым: Ұқыптылыққа
Даниал: Сауаттылыққа
Бекзат: Талаптануға
Құрманбай: Адалдыққа
Инабат: Зеректікке
Батырхан: Илхан, «Ұстаз» сөзінің өзі тұнып тұрған тәрбие екен ғой.
Іңкәр: Ендеше, аяулы ұстаздарымызға арналған «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.
Хор: «Ұстазым»
Илхан: Балалар, біз үшін өмірдегі ең жақын адам кім?
Ботакөз: Илхан, бұл сұраққа ойланудың не қажеті бар? Әрине олар біздің аяулы аналарымыз бен асқар таудай әкелеріміз.
Батырхан: Дұрыс айтасың, Илхан бүгін ерекше күнді біздің ата-аналарымыз да асыға күтті емес пе!
Іңкәр: Әрине, ата-аналарымызға деген алғысымыз шексіз.
Инабат: О,ата-анам,
Таянышым, тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледім
Бізді жақсы болса екен деп қашанда
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің
Балым: Шуақ төгіп, күлімдейтін қарасам,
Анашымды күнге ғана баласам
Жер бетінде ең жақыным өзіңсің
Мәпелейсің, аялайсың әрқашан
Жүргізушілер: Аналарды құрметтеп, ән маржанын шашайық.
Илхан: «Анашым - ана жаным» әнімен Іңкәрді қарсы алыңыздар!
Ботакөз: Достар, құлақтарыңа бір дыбыс естіліп тұрған жоқ па?!
Батырхан: Қане, тыңдап көрейікші! Иә, біреу есік қағып тұрғандай.
Іңкәр: Бұл кім болды екен?
Мейірімді ханшайым: Мен қай сыныптың әліпппемен қоштасуына келдім?
Илхан: Сіз өзіңіз іздеген 1 «Д» сыныбына келдіңіз!
Мейірімді ханшайым: Сәлеметсіңдер ме, достар! Мен жолдан шаршап келе жатқан Мейірімді ханшайым боламын. Өзім іздеген 1 «Д» сыныбына келіппін ғой. Енді сіздермен жақын танысқым келеді. Олай болса сендерге қояр сұрағым да жоқ емес!
- Еліміз тәуелсіздікті қашан алды?
Диас: 16 желтоқсан 1991 жылы.
-Тәуелсіздік туралы қандай ән білеміз?
Ән: «Жаса,Қазақстан!»
Ботакөз: Сіздің құрметіңізге «Қара жорға» биі:
Әліппе: Мен сондай риза болдым!
Кәрі-жасқа ой сала,
Үйрететін ой-сана
Ана тілін сүйіңдер,
Айналайын балғындар!
Рахмет айтып шаттанам
Риза болып аттанам,
Оқумен өсіп-толыңдар,
Аман-есен болыңдар!
Барлығы: Бізге оқу үйреткен,
Бар уақыты бірге өткен
Әліппеге мың алғыс!
Әліппе: Ал, балалар, сендер кішкентай болсаңдар да мен үшін кіші емессіңдер. Мен сендерді кіші деп аямадым, бар білімнің басы болғандықтан бойымдағы бар білімді сендер білсін деп, сендерге қатал қарадым. Енді осы білімдеріңді Ана тілімен ұштайсыңдар. Білім іздеу жолында ешқашан шаршамаңдар. «Білекті бірді, білімді мыңды жығар», деген. Мен сендермен қоштасамын.
Батырхан: «Әліппемен қоштасу вальсі»
Ералхан: Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,
Сауатты адам қатарына кіргенім.
Барлығы: Сәлеметсіз бе, Ана тілі
Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Туған елдің тілімін,
Ақылыммен танылам
Түсіндірер бәріңе,
Ана тілі пәнімін
Ана тілім – елдігім,
Ана тілім- ерлігім
Бүтінделмес кемдігім!
- Бүгіннен бастап сауатты балалардың білімін әрі қарай Ана тілінің арқасында дамытып, тереңдете түсеміз. Енді, сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар. Ақын, жазушылардың шығармаларын,ертегілерді ынта қойып оқыңдар. Сонда сендер көп нәрсе үйренесіңдер.
Барлығы: Оқимыз, оқимыз.
Батырхан: Ана тілі, келіңіз төрлетіңіз. Балалардың өнері мен білімін көріңіз.
Ана тілі: Балалар,сендер қандайсыңдар?
Барлығы: Талабы биік таудаймыз,
Қыздар: Мың бұралған бишіміз
Ұлдар: Біз шеберміз,а қылдымыз,
Біз қазақ елінің болашағымыз
Аяулым: Ана тілі біздің туған анамыз,
Анамыздай сыйла, бағып-қағамыз
Ана тілін сүйеміз,
Басымызды иеміз.
Үнді биі: биші қызымыз Айымды шақырамыз.
Илхан: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан,ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға,тілек айтар қонақтар.
Ботакөз: Құттықтау сөзі мектеп директорына беріледі.
Батырхан: Бізді осындай күнге жеткізіп,бірге қуанып жүрген ата- аналарымыз бен ата-әжелерімізге мың алғыс! Сөз кезегін ата-аналарымызға берейік!
Іңкәр: Ата-ана шашу, шашу шашайық!
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке,бұл тойдың,
Қорытындысын жасайық!
Алтын уақыттарыңызды бөліп, қуанышымызға ортақтасқандарыңызға рахмет!
Мұғалім: Балалардың білімі құтты болсын!
Денсаулығы әрдайым мықты болсын!
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын!
Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Бірге: Әліппемен аштық білім есігін,
Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін!
Қош, сау болыңыздар!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі