Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Мұнайлы ауданы |
|||
№9 «Бәйтерек» балабақшасы Бейнелеу пәні мұғалімі: Исенбаева Гулзира Абидуллаевна |
|||
Білім беру саласы: Шығармашылық |
|||
Бөлімі: Сурет, Жапсыру, Мүсіндеу |
|||
Тақырыбы: ’’Көктемгі жаңбыр’’ |
|||
Мақсаты: Жыл бойы алған білімдерін тиянақтау, табиғатты сүюге, әсемдікке тәрбиелеу. |
|||
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау. |
|||
Қажетті құрал-жабдықтар: Ермексаз, акварель бояу,қылқалам, су, желім, қағаз сүлгі. |
|||
Алдын ала жұмыс: Бұлттар туралы өлеңдер жаттау, қажет құралдарды дайындау. Сабақ барысы: |
|||
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Тыныс алу жаттығулары: Балалар аузымызды жауып мұрнымызбен терең демалайық. Тамаша балалар! Педагог балаларға жұмбақ жасырады Көз жасты – жылауық, - Ол не? - Бұлттар қайда болады? - Бұлттардың түсі қандай? - Бұлттар қозғалама? |
Балалар жұмбақты мұқият тыңдап, жауабын шешеді.
- Бұлт. - Аспанда. - Бұлттар ақ, сұр,қ ара болады. - Иә. Қозғалады. |
|
Ұйымдастыру-іздестіру |
Балалар бұлт туралы өлең шумақтарын оқып бергім келіп тұр. Ақсың,сұрсың қарасың, Балалар енді назарларыңды маған аударып, тақтаға қарайық, мен сендерге бұлттардың түрлерін көрсетемін. |
Өлеңді қайталап, не туралы екенін айтады.
|
|
Бұйра ақ бұлттар Бүгін біз қағаз сүлгілерді қолмен жырту әдісімен бұлттарды жапсырамыз. Педагог жырту әдісін түсіндіріп, жапсыру техникасын көрсетеді. Саңырауқұлақты ермексазды жағу әдісімен мүсіндейміз. Жаңбыр тамшыларын акварель бояуда таяқшаның көмегімен саламыз. Сюжетті суретке назар аудартады. Педагог жұмыс барысында жекелеген балаларға көмектеседі Сергіту сәті. ''Біз тамшылармыз'' қимылды ойын. Педагог бұлт кейпіндегі тәжді киеді. Ал балаларға тамшы бейнеленген қағаздан тәж кигізеді. Өзі бұлт - ана, ал балалар-оның тамшылыры болады. Бұлт - ана тамшыларды жер бетіне қыдыруға жібереді, өсімдіктерді суғару, жер бетін жуу туралы кеңес береді. |
Педагогтың көрсетіп, түсіндіргеніне назар қояды.
Балалар қағазды жыртып даярлайды. Бәрі қағаз тәжді киеді. Олар бұлт-ананы қоршап,айналып секіреді. Балалар бұлт-ананың кеңесі бойынша өсімдіктерді суғарып, жет бетін жуып,қолдарын сілкіп, айналып жүріп, орындарына оралады. Балалар ұсақ жыртылған қағаздарға желімді жағып,бұлттарды қиыстырып жапсырады. |
||
Рефлексті-түзетушілік |
Балалардың жасаған жұмыстарын мадақтап, қорытында оқу іс әрекетін аяқтайды. Балаларды саңырауқұлақтармен марапаттайды. |
Балалар өз жұмыстарын тамашалайды. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: қағазды ұсақтап жыртып бұлт жапсыруды.
Нені игерді: таяқшаның көмігімен қағаз бетіне жаңбыр тамшыларын сала білу дағдысын.
Нені біледі: ермексазды жағу тәсілдерін пайдалана отырып мүсіндеуді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі